Классный час "Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі!"
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі!
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу
себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін
арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес
асыл ән - деп бүгінгі 2 «А» сыныбының «Тәуелсіздік –елімнің еркіндігі!» атты тәрбие сағатын
ҚР-ның гимнімен бастаймыз.
(Гимнді орындайды)
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта
алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі,
тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге
шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз
жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді
жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға –апайларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып,
қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін
бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп,
орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 2 «А» сынып оқушылары, болашағынан зор үміт
күттіретін қазақ елінің ұландары, менің кішкентай достарым өз өнерлерін көрсетеді. Көтеріңкі
көңіл –күймен отырыңыздар!
Бақытнұр:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Нұржан:
Мен қазақпын, қаныммен, сүйегімен,
Сән салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, бас иемін.
Дарима:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мырзабек:
Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз мемлекет 2016 жылы тәуелсіздігімізге 25 жыл толып
отыр. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы,
Әнұраны бар.
Елтаңба,ту, әнұран жайлы оқушылардың пікірін тыңдау
.Айгерим:
Неше ғасыр орысқа бодан болдың,
Бәріне де көңдің –ау, қойдан момын.
Боздақ кеткен Арыстарға жала жауып,
Ақтап алып жетті ғой әрең қолың.
Динмухамед:
Сұм соғыс аналарды жесір еттің,
Шырылдайды дауысы жетімектің.
Ұлы Жеңіс келді деп тойласақ та,
Тарихтан орын алған қасірет күн.
Жансая:
Сәбира, Ләззат ару, Қайраттардың,
Қазақ деп шырылдаған шыбын жаны.
Желтоқсанда алаңды қаңға бояп
Арман болып жеттің ғой, Азат таңым!
Нұрдана:
Міне, осылай өтті өмірден талай батыр
Әулиелер, даналар, небір пақыр,
Азат таңым жеттің ғой сағым болып,
Аналардың жасымен небір асыл.
Жансулу:
Қазағым, ынтымағың бөлінбесін,
Бөлініп абыройың төгілмесін.
Сан ғасырлар арман болған Тәуелсіздік
Мінекей, төредей боп төрімдесің.
Ән «Алға Қазақстан!» орындайтын Серикболат Мырзабек.
Аяулым:
Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол
кезде қандай баға берілді?
1986 жылы желтоқсанның 16- да Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің 18 минутқа
созылған пленумы Д.А. Қонаевтың орнына Кеңестер
Одағының Коммунистік партиясының ұсынысы бойынша Г.Колбинді тағайындайды.
Нұржан:
Ол бұған дейін Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Республикаға
мүлдем бейтаныс болатын. 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, басқа да
қалаларға тарады. Г.Колбиннің жоғарға басшылыққа тағайындалуы сылтай ғана еді. Жастар
Бережнев алаңына жинала бастады. Алаңда: «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты
өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік керек!» деген ұрандар айтылды.
Айгерим:
Республика басшылары олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне
төнген қатер депбағалап, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Дарима:
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Түрмеге қамалды. Өз елінің
тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген
кінә тағылды. Көптеген студент –жастар оқу орнынан шығарылды.
Жансулу:
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира
Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп
құрбан болды.
Томирис:
Жастарды ұрып –соғып жазалау, түрмеге қамау, ақиқатты айтқызбау, жала жауып соттау 1937
жылғы сұмдықтардың өзгеше бір иірімдегі қайталануы еді. Жазықсыз жаланың құрбаны болған
Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Ілияс, Бейімбет аталарымызды еске түсірейікші. Қазақ халқы не
көрмеді. Олардың ерлік үрдісін өзімізге мұра деп қабылдап, ерлік үлгісін Ту етіп көкке көтеруге
қашан да дайынбыз.
Бақытнұр:
Шағылса да тауға тиіп жас тауы,
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн,
Болған екен бостандықтың бастауы.
Нұрдана:
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
Томирис:
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны міне, жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
жансая:
Тәуелділік кетіп еңсе жаншыған,
Өркендесін жерім жұтап қаңсыған.
Сақтайық біз байтақ Атамекенді,
Бойымызда қалғанша бір тамшы қан.
Мырзабек:
Туған елім, білім алып, өс енді,
Қадірлей біл ел бастаған көсемді.
Арқасында ағалардың айбарлы,
Қайтардың көп жұртта кеткен есеңді.
Динмухамед:
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысы,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып,
Келдің сен Азаттығым, армысың!
Нұржан:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық.
Бүгін желтоқсанда ерте үзілген жауқазынның бірі –Сәбира Мұхамеджанованың өмірі туралы
айтады.
Мырзабек:
Сәбира Мұхамеджанова көк жасыл орман көмкерген, Алтай тауының адырлы етегінен орын
тепкен әсем қала Өскеменде бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындайтын оқу орнының
студенті еді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыстағы Алтайға жетеді.
Студент жастар қала орталығындағы «Ушанов» алаңына шеру тартады.
Олардың арасында әділет жолын іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін
жұдырықтай жүрегімен қолдаған Сәбира Мұхамеджанова да бар еді.
Әкесі Ерсінбек, анасы –Күлшара мектепте мұғалім болатын. Сәбира кенжесі еді. Өкінішке орай
жастардың әділдік аңсаған үніне ешкім жауап қатпады.
Жазықсыз балағаттап, ұрып –соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып
жібереді.
Сәбираның да оқу орнына ата- аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болды. Ақ самайлы анасын
көргенде Сәбира намыстан жарылып кете жаздады.
Ұзақ кінәлау, жазықсыз жала!
«Тентек, көргенсіз» - деген ұстаздар сөзі жанын аяздай қарыды.
Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сәбира саңқ етіп, суырылып
алға шықты.
-Бәріне кінәлі –мен. Жазаласаңдар, мені жазалаңдар!
Бұлардың жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды
оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, - деді де Сәбира жиналысты тастай,
сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың 5 қабатынан
секіріп кетеді.
Нұржан:
Иә, желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз
болып тарап кетті.
-Он алты-ақ жасар өрімдей Сәбираның көз жұмғаны жанға батады.
Сәбираның бір ауыз айтқан сөзімен ол оқыған оқу орнынан бірді –бір қазақ қызы жазықсыз
жауапқа тартылмады, жаламен қамауға алынбады.
-«Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды» демекші, халқымыздың егемендігі жолында құрбан
болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар
Шаханов, Хасен Қожа –Ахмет сынды ағаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған
тілшілеріміз, ел ағалары, жазышыларымыз, ақындарымыздың бәрі де кешегі қанды оқиғаның
аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9- желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке
«Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –«Алтын жұлдыз» тапсырылды.
Айгерим:
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді. Иә, төрткүл дүниені
дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқалы
бері биыл 25 болыпты.
Томирис:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет тәуелсіздігі туралы» Жарлығы
жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды
мойындай бастады.
Мырзабек:
Содан бері әлемнің барлық елімен Қазақстан емін –еркін достық байланыс жасап үлгерді.
Нұржан:
Бұл күнде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше. Қазақстан Қарулы Күштері құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірді.
Ұлттық теңгеміз өмірге келді.
Динмухамед:
Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығын
аттады. «Expo -2017» жылы халықаралық көрмесі елордамыз Астанада өтетін болды.
Аяулым:
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды
болсын!
Жансулу:
Бүгін біз жер басып жүрген барша халықтан бір қарағанда айырмашылығы жоқтай көрінгенімен,
айтар ойы биік жұлдыздар туралы айттық.
Нұрдана:
Ол қандай жұлдыздар? Жарқ етіп сөнген жасындай, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын
тәрк етіп, бүкіл күш –қуатын, дастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған жұлдыздар.
Мұғалім:
Ежелден –ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі, ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.
Шоқтығы биік Шоқаннан бастап, поэзия көгінде алаулаған Сұлтанмахмұт Торайғыров, батыр
ұлдар –Төлеген мен Талғат, Мәлік, Бауыржан, Қасым, Шығыстың қос шынары Мәншүк пен Әлия,
тағы басқа есімдері аталмаған талай ұл- қыздарымыздың ізін басқан бүгінгі ұрпақ өкілі Қайрат
Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджановалар тұрса, олар жайлы әлі
талай жыр туар, талай дастан жазылуы сөзсіз.
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп 2 «А» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік –
елімнің еркіндігі!» атты тәрбие сағатынан бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеткенін, егемендіктің мәнін
түсінді деп білемін.
Ән «Қазақстаным» (хор).
Қорыту:Балалар, бүгін біз тәрбие сағатымызда не жайлы айттық?
Балалардың пікірін тыңдап, өз елдерін ,жерлерін сүйіп, ел үшін ерлік көрсеткен батыр
азаматтарды ешқашан ұмытпау керек екендігін айту.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Воспитательный час "Трудовой подвиг наших земляков" 2 класс
- Классный час "Тіл – тірегіміз соғып тұрған жұрегіміз"
- Сценарий "Супермены" (Праздник ко Дню Защитника Отечества для учеников начальных классов и их родителей)
- Внеклассное мероприятие "Страна дорожных знаков"
- Классный час "Старших надо уважать!" (Спектакль, дискуссия)
- Классный час "… Но выдержал железный тот солдат, но выстоял бессмертный Сталинград" (посвящённый победе в Сталинградской битве)