Ашық тәрбие сағатының құрылымы "Мен өз елімнің патриотымын" 8-сынып
Ашық тәрбие сағатының құрылымы
Сыныбы: 8 «А»
Күні: 06.05.2015ж.
Тәрбие сағатының
тақырыбы:
Мен өз елімнің патриотымын
Мақсаты:
Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз
Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке,
адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін
сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай
алады.
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады,
өздігінен қорытынды шығара алады.
Керекті жабдықтар:
Интерактивті тақта, маркер, флипчарт.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Ұйымдастыру.
Тренинг «Саңырау
телефон» -шеңберге
тұрып, бір оқушының
құлағына сөз
айтамын, ол оқушы
әрі қарай бұл сөзді
басқаларына
жеткізеді.
2. Топқа бөлу(қиық
қағаздар арқылы)
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады,
бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа
кіріседі.
2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа
бөлінеді.
Қызығушылықты
ояту
Мұғалімнің кіріспе
сөзі.
1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының
мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау
критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр
топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр
жауапқа толық талдау жасау.
Мағынаны ашу
«Ойлан. Жұптас.
Бөліс» әдісі.
1. Берілген ресурс
бойынша жұмыс
(берілген жұмыс
түрлерін оқушылар
белгілі уақыт ішінде
өзара бөліп алып
орындайды)
2. Ресурс бойынша
постер жасау,
қорғау.
сұрақтар құру;
–тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу.
Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау.
Қорытынды
Рефлексия парағын
толтыру.
Рефлексия парағы (нені білемін? Нені білгім
келеді? Нені білдім?)
Тәрбие сағатының жүру барысынан көріністер:
Альфия өз тобының тапсырмасын қорғауда
Оқушылар өз елінің патриоты тақырыбына
ойларын постерге түсіру арқылы дәлелдеді.
Асима білімімен өз сыныбының
патриоты екендігін дәлелдеуде
Ахмади патриоттық
тек ұл балаларға тән
деген ойда
Әсем бабаларына
еліктегісі келеді.
Тәрбие сағатының өзіндік талдауы: Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысып, өз
қызығушылықтарын көрсетті. Өз ойларын еркін жеткізді. Патриот деген сөздің
мағынасын талдау тапсырылған. Төрт топта өз тапсырмаларын тиісті деңгейде орындады.
Талдау барысында тақырыпқа қызығушылық танытып, белсене талдап, бір-бірімен пікір
алмаса отырып жұмыс түрлерін бөліп ала білді. Ұлы Отан соғысына қатысқан
бабаларымыздың ерлігі туралы да көп мағлұмат білетіндіктерін көрсетті. Өз беттерімен
ізденіп, қазіргі кезде де ерлік жасауға болатынын патриот сөзінің мағынасын кең көлемде
аша білді. Тәрбие сағаты мақсатына жетті.
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Тест "Ремонт, монтаж и наладка производственных линий и оборудования"
- Урок-викторина "Роль книг в нашей жизни" 9 класс
- Сценарий Турнира знатоков Калининградской области
- Презентация "Ненецкие народные праздники"
- Презентация "Турнир знатоков Калининградской области"
- Тест "Социально-гуманитарные знания и профессиональная деятельность" 10 класс