Конспект "Жүреді, ұшады, жүзеді"

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру
Тақырыбы: «Жүреді, ұшады, жүзеді»
Мақсаты: Көліктер және олардың қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін
жалпылау. Заттарды қарау, зерттеу. Олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін атай
білуін бекіту (жүреді, ұшады, жүзеді).Заттардың тобын білдіретін (машиналар, ұшақтар
т.б.) сөздерді меңгерту.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап,ойын ,жапсырт.б.
Көрнекіліктер: Суреттер, макеттер ,түрлі түсті күріштер .ПВА клей,т.б.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың әрекеті
Ұйымдастырушылық қозғаушы
Балалар топқа кіреді. Тәрбиеші жылы жүзбен қарсы алып, амандасады.Балаларды шаттық
шеңберіне тұрғызады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң достар,
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрады.
Бір – біріне жылу сыйлап, ыстық лебіздерін, тілектерін жолдайды.
Ұйымдастырушылық –ізденушілік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-Көктем айларын атайықшы.
Қазір көктем мезгілінің қай айы?
Осы кезде есік қағылып, ішке пошташы Желаяқ кіреді.
(Қолында үш түрлі жәшік бар.)
Желаяқ балалармен амандасады.
-Бұл «Ақкөгершін» тобы ма?
- Олай болса бұл сыйлық сендерге келіпті. Балалармен қоштасып шығып кетеді.
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
Қазір наурыз айы.
Сәлематсыз ба?
-Иә, иә.
Балалар: -Сау болыңыз.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл сыйлық сендерге көрші ауылдан «Қызғалдақ» балабақшасынан
келіпті.Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?
Жәшіктердің түстерін сұрап, айтқызу.
Тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып, балаларды қасына кезекпен шақырып,
жәшіктерді аша бастайды.
Ашқан бала жәшік ішіндегі бұйымды жұмбақ арқылы айтып, қалған балалар бұйымның
атауын табуы керек.
Қоңыр жәшікті ашу.Аршат - Бұл – жүреді. Ағалар, әкелер жүргізеді.Түстері әр түрлі
болады. Төрт дөңгелегі болады. Онымен адамдар әр түрлі қалаларға, базарға барады.
Ақ жәшікті ашу.
Алина: - Бұл жүрмейді. Аспанда ұшады. Ол тек үлкен қалаларды болады.
Көк жәшік ашылады.
Айсезім: - Бұның дөңгелегі жоқ. Жүрмейді, ұшпайды. Тек су болса ғана болады.
Кейбіреулерінде желкен болады.
Сұрақ – жауап арқылы машина, ұшақ, кеменің бөлшектері, қолданылуы туралы
балалардың білгендерін айтқызу, сипаттама беру.Көліктерді топтау және жалпылау. Көлік
түрлерін басқаратын мамандар туралы әңгімелеу.
Жұмыс барыс:Көлік түрінің бірі -кеменің суреті бейнеленген ақ қағазға түрлі түске
боялған күрішпен үлгі ұқсатып кеменің бейнесін келтіру.ПВА клейді қолдана
отырып,күріштері жапсыру.Түрлі түстерді сұрай отырып білімдерін бекіту.Суды-көк
түспен,желкенді –қызыл,жасыл түспен,кемесін – сарғылт түсті күрішпен безендіру.
Коррекциялаушы- қорытушы
Ал, балалар, көлік түрлері туралы тақпақ білетін кім бар? Кім айтады?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
Сонымен біз нені білдік?
Ұшақтың ұшатынын, кеменің жүзетінін, машиналардың жерде жолмен жүретінін, оларды
басқаратын арнайы манандардың болатынын білдік.
Нәтиже:
Білуі:Көлік түрлері туралы түсініктері бар.Ұшақтың әуеде ұшатынын, кеменің суда
жүзетінін, машинаның жерде жолмен жүретінін біледі.
Түсінуі:Машинаны - жүргізуші, ұшақты – ұшқыш, кемені – мотрос басқаратынын білді.
Үйренуі:Көліктерді топтап, жалпылап атауды үйренді.