Конспект занятия "Жүк машинасы"

Білім беру саласы: «Таным»
Бағдарлама тараулары:
Тақырыбы: Жүк машинасы.
Мақсаты: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын
пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыра білуге үйрету.
Құрал-жабдық: әр балаға жеткілікті мөлшерде құрылыс материалдары, суреттер, әліппе-дәптері.
Әдіс-тәсілдер: үлгіні талдау, көрсету, түсіндіру, машиналарды са-лыстыру.
Алдын-ала жүргізілетін жумыс: ойыншық машиналармен ойын ұйым-дастыру. Қала (ауыл) көшелеріне
саяхат жасатып, көлік түрлерін бақылату.
Сөздік жұмыс: цилиндр
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушы
Тәрбиеші бірнеше көлік түрлерінің суреттерін
көрсетіп, қандай машиналар не үшін
пайдаланылатынын әңгімелейді Осылардың ішінде
жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке
бөліктеріне талдау жасайды.
Қандай бөліктері бар?
Көлік түрлерінің атын атайды.:
жеңіл машина, автобус, сүт
таситын машина, т.б
Машинаның бөліктерін атайды:
Қорабы, кабинасы, дөңгелегі
қандай?
Іздену-
ұйымдастырушылық
Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып,
әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай
құрастыру қажеттігіне тоқталады.
Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт
беріледі.
Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады.
алдымен екі дөңгелек қойылады; (цилиндр
пішінді бөренелер);
дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады
(жұқа тақтайша);
кабинасы төрт бірдей қысқа кірпіштерден
жасалып, үшеуі қатар қойылады да, біреуі
ортадағы кірпіштің үстіне орналастырылады;
ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі
кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш
орналастырылады;
жүк таситын қорабы екі ұзын кірпіш, бір қысқа
кірпіштен құралады;
балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір
балаларға көмек керсетіледі;
өз ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк
машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер
мадақталып, ерекше аталып өтеді
Құрылыс материалдарын пішініне,
көлеміне қарай таңдап алып, жүк
машинасының бөліктеріне сәйкес
орналастыруға ұсыныс жасайды.
Тәрбиешінің көлікті жасаудың реті
туралы ережесін мұқият тыңдайды.
Балалар жүк көлік жасай
бастайды. балалардың өздігінен
дербес шығармашылықпен әрекет
етуіне бағыт беріледі;
Отырамын рөлде,Сенімен
тасимын,
Моторым, гүрілде.
Көмір мен тасынды.
Ойыншығым — машинам,
Таудай ғып артамын,
Тарт алға асыға.
- Бидай мен арпанды.
Рефлексифті –
корригиялық
Балалардан көліктің пайдасы, құрылымы,
ерекшелігін әңгімелеп, тақпақтар айтуын сұрайды.
Ескерту: Жүк машинасын сүт таситын машинаға
Балаларға көлік түрлерінің
пайдасы, ерекшелігі, не үшін
қолданылатынын әңгімелетіп,
өзгерту үшін құрылыс материалының бөліктерін
ауыстыру арқылы жасалу жолдарын түсіндіреді.
Мысалы: жүк машинасының қорабын жасаған үш
кірпіштің орнына деңгелек цилиндр пішінді
құрылыс материалы қолданылады.
өздері білетін тақпақтар мен
жұмбақтарын айтқызып, сабақты
қорытындылайды.
Болжамды нәтиже: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс
материалдарын пайдалануға жаттықтыру.
Білуі керек: сүт таситын машина құрастыра білу
Қалыптасқан әдет: көліктің негізгі бөліктерін біледі
Істей біледі: құрастырғышты пішініне, түсіне қарай таңдап, құрастыра алады.