Психологиялық ойын жаттығулар жинағы
Психологиялық ойын жаттығулар жинағы
1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)
Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын
қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып
алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен
«сәлемдесеміз»:
Оң қол оң қолмен!
Мұрын мұрынмен!
«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.
Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін
білеміз.
2. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10
минут)
Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет
салу.
Талдау:
- Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?
- Өзіңді қандай күйде бейнеледің?
- Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?
Құқықтары қаралады:
Өмір сүруге құқығы.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.
Оқуға құқығы.
Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден,
ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.
Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.
«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.
Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.
3. «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)
Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші
(психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің
«бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде
тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет
қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай
жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы
ойламаймыз. «Бастаймыз».
Талқылау:
1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?
2. Қандай әсер алдыңыз?
3. Ойды игеру мүмкін ба екен?
4. «Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп,
ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол
жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
5. «Үш жыл» жаттығуы (15 минут)
1. Бәріміз емін - еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға
тырысайық.
2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ
осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз.
Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға
жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.
3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз?
Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру
керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.
4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.
5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден
бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?
Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп
қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер?
Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне
түсіріңіз.
1. «Рахмет» жаттығуы
Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы
сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол
алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды.
Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп
айқайлайды.
Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?
Сабақтың рефлексиясы:
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...