Конспект урока "Қозгалыс ойын. Кызыл жалау"
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қозғалыс ойындар»
Қызыл жалау
3 “А” сыныбы
Дене шынықтыру пәні
Пән мұғалімі: Ошакбаева Б.У.
2013-2014 оқу жылы
Қаратал ауылы
Сабақтың тақырыбы: Қозгалыс ойын.Кызыл жалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ойын түрлерін жарыс кезінде ойнату арқылы білімдерін дамыту
Дамытушылық: Қозгалыс ойындарын ойнату, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту,
ептілікке, сабырлылыққа үйрету.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды басқа ұлттың салт дәстүрін,
әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету,
ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын элементтері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын барысын айту
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі.
Сап түзел!
Тік тұр!
Реттік сан бойынша саналамыз.
Бірінші, екінші, үшінші.... санақ аяқталды
Солға бұрыл! Залмен алға қарай қадам бас!
Бақайдың ұшымен қолымызды көтереміз.
Өкшемен, қолымызды желкеге қоямыз.
Жүгіреміз! Бір орында сынып тоқта. Бірінші, екіншіге саналамыз!
Салеметсіздер ме! Қурметті қонақтар, олқушылар!
Сабағымызда көптеген спорттық ойындар мен жарыстар болады. Сондықтан сабағымыздың
тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары» - деп аталады
Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Асық» - ойыны.
Ойынның ережесі:
1.Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа.
Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге
жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр
жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін.
Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын
өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр
ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының
сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ
жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан
кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын
көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір
шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай
тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді.
Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей
кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы
шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте
қалған баланікі болып есептеледі.
Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді
қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің
тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетед.і
Бұл ойынды сендермен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Ал енді екі топқа бөлініп эстафета ойнаймыз.
Қай топтың мықты және тез екенін байқаймыз.
2-ойын: Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Жаяу көкпар» - ойыны.
Кызыл жалау. Қазақта нағыз көкпардан бөлек есек көкпар және жаяу көкпар ойындары да бар. Есек
көкпар - балалардың ойыны. Әлі үлесіне тай тимеген балалар ағаларына еліктеп, бұйырған есекке
мініп, қолдарына түскен теріні не кез келген затты тартысып ойнаған. Бұл - шын мәніндегі көкпарға
жатпайды. Сонымен бірге жаяу көкпар ойыны бар. «Ұлттық ойындар» еңбегінде баяндалғандай, «Бұл
ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30
метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне
құм түйілген ақ шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып, оны көмбе
деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы
сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады.
Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады.
Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүбе-
рекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке
келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға
қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын
әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген
мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады. Ойынға допты да пайдалануға болады. Ойын
жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта
түседі». Жаяу көкпарды Америка футболы немесе регбиге ұқсататындар көп. Аса үлкен айырмашы-
лығы жоқ. Әлбетте, Америка бұл ойында көшпелі халықтан көріп алды ма, әлде өздерінің төл ойыны
ма, бұл арасы - жұмбақ. Қалай десек те, жаяу көкпар ойнап жүрген мұхиттың арғы жағындағы
мемлекет тұрғындары қазақтың нағыз көкпарына қызығушылықпен қарап жүргеніне көп болды.
Бішкекте орналасқан халықаралық «Көкбөрі» көкпар федерациясының атына жолданған ресми хатта
америкалықтардың өз елінде көкпарды дамытуға құлшынып отырғандары баяндалған. Білетіндердің
айтуынша, америкалықтардың көкпарға қызығушылығы «Рэмбо-ІІІ» фильмінде Сильвестер Сталлоне
ауған көшпенділерімен көкпар ойнауынан кейін оянған.
Қорытынды.
Бағалау.
Сабаққа өзіндік талдау
Сабақ тақырыпқа сай өтілді. Сабақ барысында спорттық жарыс түрлері қазақтың ұлттық
ойындары , «Асық ойындары», «Кызыл жалау», ойындары болды. Жарыстың әртүріне сәйкес
оқушылар топтарға бөлініп ойындарға белсене қатысты. Спортқа деген қызығушылықтарын байқатты.
Мақсатқа сай оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарын өткізе отырып, оқушыларды
халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпына деген құрметін, сезімін оята алдым. Сонымен бірге оқушылар
сабақ кезінде ойын шартын дұрыс орындап отырды. Сабақ жоспарлағанымдай өтті.
Физкультура - еще материалы к урокам:
- План-конспект занятия "Школа мяча"
- Технологическая карта урока "Ходьба и бег" 3 класс
- Конспект урока "Лыжная подготовка" 3 класс
- План-конспект урока "Укрепление мышц спины" 3 класс
- Сюжетно-игровой урок "Морское путешествие" 3 класс
- Технологическая карта урока "Ступающий и скользящий шаг с палками и без палок" 3 класс