Конспект "Күзгі бақ"
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізілу күні: 20.11.2018
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы: Күзгі бақ
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс
талдап, қорыта білуді дамыту.
Оқыту: Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын бағдарлай білуге
үйрету.
Билингвалдық компонент: күз-осень, бақ-сад
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай.
Қуанатын кез келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Сәлеметсіздер ме,балалар! Еліміз аман болсын! Аспанымыз ашық болсын!
Өте жақсы. Жарайсыңдар балалар! Сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп
бір-бірлеріңе жақсы тілектер айттыңдар!
Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Күз
Күз мезгілінде нешеай бар? 3
Күз айларын атаңдаршы? Қыркүйек, қазан, қараша.
Балалар қазір қандай ай? Қараша айы
Жарайсыңдар,балалар!
Бүгінгі ауа-райы қалай қандай? Күн салқын
2.Негізгі бөлім:
Үстел үстіне 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар
әртүрлі бағытта орналасқан. Балалрдың назарын ойыншықтардың орналасу
бағытына аудару. Қуыршақтар жаттығуға бара жатқан сияқты, бір қатарда
бірінің соңынан бірі орналасқан. Ал машиналар тұрақта тұр.
- Неше машина бар? 3
- Қанша қуыршақ бар? 3
Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң, машиналар мен
қуыршақтар саны үш-үштен екені анықталады. Ойыншықтар әртүрлі бағытта
тұрғанымен олардың саны тең екенін балаларға түсіндіру. Ойыншықтардың
санының тең екенін білу үшін оларды жұптастырып көрсету. Ойыншықтарды
жұптастырып қойған соң: машиналар мен қуыршақтар саны тең бе? Олардың
санының тең екенің қалай білуге болады? деп сұрақтар қоюға
болады. (Ойыншықтар жұптасып тұруға жетті, артық ойыншық қалған жоқ).
Билингвалдық компонент: күз-осень, бақ-сад
Үлестірмелі құралдармен жұмыс.
Балаларға түрлі-түсті таяқшалар үлестіріледі. Таяқшалаар түсінің қандай
екенін сұрау. Әрқайсысынан әр түрлі геометриялық пішіндер жасауды
тапсыру. Тапсырманы орындап ьолған соң, балалар таяқшаларды санап
шығады. Әр пішінге неше таяқша кеткені анықталады. Таяқшалар әр түрлі
бағытта орналасқан, бірақ олардың саны төрт-төрттен. Таяқшалар санының
тең екенін қалай білуге болады? (Балалар таяқшаларды бір қатарға бірінің
соңынан бірін орналастыру арқылы анықтайды)
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Ойын жаттығу: «Жақын-алыс» ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиеші үстелдің сол жағына жемістер, ал көкөніс ойыншықтарын қояды.
Олар жемістерден әр түрлі арақашықтықта орналасқан. Балаларға көкөніс
ойыншықтарының қайсысының жақын тұрғаның анықтау тапсырылады.
Балалар көзін жұмған кезде ойыншықтардың орнын алмастырып қоюға
болады. Көздерін ашқан балалар ненің үйшікке жақын, ненің алыс тұрғанын
айтады, Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
3.Қорытынды:
Нешеге дейін санауды үйрендік?
Қандай ойыншықтар пайдаландық?
Қандай ойын ойнадық?
Сендерге ұнады ма?
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект ООД "Составление рассказов по картине «Зимний день»"
- План бинарного урока "Судовая сигнализация и электрические схемы к ней"
- Конспект занятия "Коллективное изготовление работы в технике квиллинг «Удивительное рядом»"
- Конспект занятия "Строим башню из четырех кирпичиков"
- Конспект занятия "Кошка и котята"
- Конспект занятия "Яблоко спелое, желтое, сладкое"