Конспект занятия "Қыстап қалатын құстар"

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Мақсаты:
Үйрету: Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді
кеңейту.
Дамыту: Құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Тәрбиелеу: құстарды қорғауға,тжаңашырлыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: қыс-зима, құстар-птицы.
Қолданылған көрнекілік құралдар: слайд, қысқы орман.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру , сұрақ – жауаптар , әңгімелеу, саяхаттау.
Оқу кезеңенің
қызметі
Тәрбиешінің оқу қызметі
Балалардың оқу
қызметі
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналаға, бар адамға.
Тек мейірім сыйлаймыз.
Жұмбақ жасыру.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
Атауын кім атап береді?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта атауларын ата?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім
атап береді?
-Қыс мезгілі сіздерге ұнайма?
-Несімен ұнайды, қандай ойындар
ойнайсыңдар?
Қарды басып жүргенде қандай дыбыс
естіледі?
Балалар бірге
қайталайды.
-Қыс.
Қыс мезгілі.
Үй ай бар
Желтоқсан, Қаңтар,
Ақпан.
Жеті күн бар.
Дүйсенбі, Сейсенбі,
Сәрсенбі, Бейсенбі,
Жұма, Сенбі,
Жексенбі.
Балалардың жауабы.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Өткен тақырыпты еске түсіру
Жабайы жануарлар.
Тыныштық сәті
-Балалар біздер ненің дыбысын
естідік?
-Құстар нешеге бөлінеді?
Кім атап береді?
-Дала құстарыда екіге бөлінеді.
Қыстап қалатын және жылы жаққа
ұшып кететін жыл құстары болып.
Жыл құстарына көкек, қарлығаш,
тоқылдақ, қара торғай жатады.
Балалар бүгінгі біздің жаңа
тақырыбымыз «Қыстап қалатын
құстар».
Балалар ендеше орманға саяхаттап
барсақ қайтеді, олай болса шаңғымен
орманға саяхаттаймыз. Қолымызға
шаңғының таяқшасын ұстап
шаңғымен сырғанаймыз. Ормандағы
қыстап қалған жан-жануарларға
сыйлықтар ала барайық. Міне
орманғада келіп жеттік.
-Қандай тамаша, неткен көркем
табиғат, таза ауа, қане барлығымыз
таза ауамен терең тыныстайықшы.
Ғажайып сәт: Орман ханшайымы.
-Кім орманның тыныштығын бұзған
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе орман
ханшайымы. Біз қысқы орманның
тыныс-тіршілігімен танысуға келдік.
Орман ханшайымы:
Сәлеметсіздерме балалар, қысқы
орманға келіп қалған екенсіңдер, қыс
туралы не білесіңдер, қандай
тақпақтар білесіңдер.
-Құстардың
-Екіге бөлінеді
-Дала құстары және
үй құстары.
-Шаңғының таяғын
ұстағандай кейіп
танытып, шаңғымен
жүргендей болады.
Балалар жан жағына
қарайды.
Терең тыныс алады.
Айзере:
Далада қар борайды.
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады,қатады
Жып жылтыр боп
жатады.
Абылай:
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде
қайталап
Қырға шықты
балалар
Шаңғыларын арқалап
-жарайсыңдар балалар, меніңде
сендерге ойыным бар менімен
ойнағыларың келеме. Олай болса
үсіремін ойын ойнайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,
енді біз қысқы орманды аралайық.
Мына бұта түбінде қараңдаршы,
-мұнда жасырынып не отыр екен?
-Жүні қандай, түсі қандай?
-Не себепті жасырынып отыр екен?
-Олай болса әкелген азығымыз
сәбізді берейік.
-Енді одан әрі қарай жүрейік.
Айналаның бәрі аппақ, қар
жамылған, жан жануарлардың біразы
ұйқыға кеткен, құстарда жылы жаққа
ұшып кетеді, бірақ қыстап қалатын
құстарда бар екен.
-Олар: Көгершін, қарға,
сауысқан,торғай, сары шымшық.
-Олар неге жылы жаққа ұшып кетпей
қалып қойды деп ойлайсыңдар.
Себебі олар суықтан қорқпайды,
азықтарын тауып жей алады. Балалар
олар азықтарын қайдан табады екен,
олар бұталардың дәнімен, ағаштың
қабығының астына,қуыстарға
жасырнып қалған жәндіктерді тауып
жейді. Балалар құстың бізге тигізер
пайдасы өте көп, олар ағаштардағы
құрт құмырсқаларды жеп,
ағашымыздың әдемі әрі үлкен болып
өсуіне көп көмегін тигізеді. Соның
арқасында ағаш бізге пайдалы оттегі
бөледі.
Канекей балалар тоңып қалған
шығарсыңдар, олай болса
бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Құс қанатын жайды.
Аққу мойнын созды
Үйрек келіп қонды.
«Үсіремін» ойынын
қызығушылықпен
ойнайды.
-Қоян
-Үлпілдек, ақ.
-Тоңып аш болып
отыр.
-Балалар сәбізді
қояды.
Ақбөбек:
Қарға,қарға,қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қар
болар
Бұтаға қонар
қарғалар
-Балалар сергіту
сәтін жасайды.
Дегенменде қыста құстар үшін өте
қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда,
боран соққанда, қатты аяздарда азық
тауып жеу қиынға соғады. Құстар
қыс кезінде адамдар тұратын жерге
жақындай түседі, олар неге деп
ойлайсыңдар?
-Балалар сендер қыс мезгілінде
теңізге барғанда қандай құстарды
көресіңдер.
-Оларға не берер едіңдер?
- Орман ханшайымы ұмытып
кетіппін ғой, сіздер теңіз туралы
айтып жатқанда есіме түсті, теңіз
ханшайымы хат беріп кеткен еді. Сол
хатты мен тәрбиешілеріңе берейін.
Теңіз ханшайымының хаты:
Сәлеметсіздерме балалар! Мен теңіз
ханшайымы боламын. Сіздерге арнап
тосын сый тастап кеттім.
Тәрбиешілеріңмен бірге
тамашалаңыздар.
-Мына құстың ұясын көрдіңдерма?
Бізден бұрын келген балалар жасаған
болу керек. Біздер әкелген дәнді
қойып кетейік, құстардың өздері жем
іздеп кеткен болар, келгесін жейді.
-Балалар құстарға не үшін
көмектесенміз? Олардың қандай
пайдасы бар?
-Олар адамдар бізге
азық береді,
көмектеседі деп
ойлайды.
-Аққумен, шағала.
-Нанды ұсақтап
береміз
Арай:
Ақ қардай аппақ
алыстан
Ақ құстар көзді
арбайды
Қос аққу жаңа
танысқан
Жігіт пен қыздан
аумайды
- балалар тосын
сыйды
тамашалайды.
-Құстар біздің
досымыз, олар
ағаштарды құрт-
құмырсқалардан
қорғайды.
-Жарайсыңдар балалар, сендер қысқы
орманның тыныс-тіршілігімен
таныстыңдар.
Балалар кеш батып, қараңғы түспи
тұрғанда тобымызға оралайық.
-Орман ханшайымы: Балалар біздің
ормандағы саяхатыңыз өздеріңе
ұнадыма? Олай болса келесі саяхатқа
дейін сау болыңдар, Біздерге алып
келген тақпақтарыңа, азықтарыңа
рахмет.
-Тәрбиеші: Сау болыңыз орман
ханшайымы. Балалар тобымызға
шаңғы мен кеттік, тобымызға
жетеміз дегенше мен сендерге
жұмбақ жасырайын.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(аяз)
Қыстағана болады,
Ұстасаң қолың тоңады
(қар)
-Жарайсыңдар балалар жұмбақтың
жауабын тапқанша біз топқада келіп
жеттік. Қане бәріміз орнымызға
отырайық.
-Ия
Рефлексті
коррекциялаушы
Балалар бүгін біз қайда бардық?
Біз қандай тақырыппен таныстық?
Орманның табиғаты қандай екен?
Орманнан біз кімді кездестірдік?
Қыстап қалған құстарға не
сыйладық?
Қыстап қалалатын қандай құстарды
білесіңдер?
Балалар сендер оқу қызметіне жақсы
қатыстыңдар.
Мақтау, мадақтау.
Табиғат қоршаған орта,
барлығымыздың ортақ үйіміз бізге
қуаныш сыйлайды. Сендер еліміздің
болашағысыңдар, әрқашан табиғатты
Балалардың
жауаптары.
ластамай оны күтіп баптап
сүйіспеншілікпен қараңдар.