Конспект урока "Салауатты өмір салты" 9 класс
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін
қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу
шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі
тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына
баулу.
Көрнекілігі: слайд, видео, плакат.
Жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа, ватман, фломастер, стикерлер.
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, тренинг.
Түрі: дәстүрлі емес
Барысы
1. Мұғалім: Құрметті қонақтар, «Салауатты өмір салты» атты 10 сыныбында өтілетін
ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде Елбасының
мына сөздері алынды: «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі».
Сабағымыздың мақсаты ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екенін жан - жақты
талдап түсіну және салауатты өмір салтына дағдылану. Әдеттегідей сабағымызды шаттық
шеңберінен бастайық.
Шаттық шеңбері. Тренинг «Әлемге денсаулық!». Оқушылар жүректерге тілек жазып
глобусқа жапсырады. Хормен «Әлемге денсаулық тілейміз, болашаққа денсаулықпен
бірге барайық!».
2. Ойланайық, пікірлесейік. Сұрақтар:
Слайд №1. Неліктен мына адам тынықса да шаршағаны басылмайды?
Слайд №2. Мына суретке қарап темекі туралы не айтасыңдар?
Слайд №3. Темекінің зиянын біле тура неліктен адамдар шылым шегеді?
Слайд №4. Алкоголь мен сәбидің арасында қандай байланыс бар?
Слайд №5. Мына сурет сендерге қандай ой салады?
Слайд №6. Ішімдік адамды қандай жағдайға ұшыратады?
Слайд №7. Мына сурет қандай ой салады?
Слайд №8. Алкоголь мен суицидтің байланысы қандай?
Сабағымыздың келесі кезеңі оқушылардың шығармашылығы, тақырыпқа байланысты
қосымша мәліметтерді тыңдайық.
3. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар жұмыстарын қорғайды.
- Әлсіреу;
- Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
- Қан қысымының жоғары болуы;
- Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;
- Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Ағзаға әсері:
- Сүйек ұлпасының құрамында кальций төмендейдi, ұйқысыздық, жабығу пайда болады.
Өзім қозғалыс - өмір негізі деген қағиданы ұстанамын. Адамды белсенді қозғалысқа
әкелетін би өнерін жақсы көремін. Би өнер ғана емес спорт түрі деп те санаймын. Ұзақ
жасаймын десеңіздер үнемі қозғалыста болып қимыл белсенділігіңізді азайтпаңыздар!
Экранға назар аударайық.
4. Сергіту сәті. Бой жазу.
Мұғалім: Шығармашылық жұмыстарыңа, ізденістеріңе рахмет. Өздеріңе қажетті ақпарат
алдыңдар деп ойлаймын.
5. Ақпарат. Келесі кезекте қосымша ақпарат. Зиянды әдеттердің салдары. Экранға назар
аударайық (бейнефильм).
Мұғалім: Адамның өз денсаулығына жауапсыздығы осындай ауыр зардаптарға әкеледі,
мұны еш уақытта ұмытпаңдар! Жалпы бұл жеке адамның немесе отбасының ғана емес,
қоғамдық, мемлекеттік деңгейдегі проблемалар. Денсаулық кез келген мемлекеттің басты
назарында. Өйткені дені сау ұлт - ел болашағы. Елбасымыз да бұл бағытта көрегенді де
салиқалы саясат жүргізіп отыр. Экранға назар аударайық (видео).
6. Елбасының жолдауы (видео).
Салауаттылық – біздің таңдауымыз! (видео)
7. Тыныштық сәті «Табиғатпен үндесу». (Баяу әуен ойнап тұрады).
Мұғалім: Денелеріңді түзу ұстап ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін
тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен шаттыққа толы таза, шипалы ауаның тұла
бойларыңа толғанын сезініңдер (оқушылар көздерін жұмып бақытқа бөленеді).
8. Қорытынды. Осы айтылғандарды ой - електен өткізіп қорытынды жасаңдар. Бұл
қорытындыны «Денсаулықтың кепілдері және денсаулықтың жаулары» атты диаграмма
түрінде көрсетіңдер. Оқушылар екі топқа бөлініп постер қорғайды.
Мұғалім: Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар айтылды. Бұл саладағы
білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл - кеңес беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын.
Мектебіміздің оқушыларына арнап тәрбиелік әсері мол үндеу жазуларыңды сұраймын.
Балалардың үндеуі.
Шығармашылық жұмыс. Жоба. Үндеулерін сәтті, мағыналы шықты. Енді осы үндеуді
жүзеге асыру үшін қандай жоба ұсынар едіңдер?
1 топ: Темекі шегуді болдырмаудың жолдары;
2 топ: Ішімдікті шектеудің жолдары.
Мұғалім: Шығармашылық жұмыстарыңа рахмет.
Тренинг «Сиқырлы сатушы».
Мұғалім: Бүгін бізге сиқырлы сатушы қонаққа келіпті. Бойымыздағы кемшілігімізді
қағазға жазып сиқырлы сатушыға берсек орнына қымбат құндылық сыйлайды.
Сиқырлы сатушы: Рахмет, достарым. Сендерге осындай қымбат құндылықтарды
сыйлағаныма қуаныштымын. Сау болыңдар!
Оқушылар: Сау болыңыз сиқырлы сатушы, сізді асыға күтеміз!
Тренинг «Менің көңіл күйім». Сабақтан алған әсерлеріңді бұлт немесе гүл таңдау арқылы
білгім келеді
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Принципы и условия выборов в демократическом обществе" 11 класс
- Конспект урока "Право, семья, ребенок" 9 класс
- Конспект урока "Мудрость народного слова" 9 класс
- Конспект урока "Культура. Наука. Общество" 8 класс
- Рабочая программа элективного курса "Знай! Умей! Действуй!" по подготовке учащихся к ГИА по обществознанию
- Программа элективного курса "Основы финансовой грамотности по обществознанию" 10-11 класс