Елін сүйген,елі сүйген - Елбасы

Тақырыбы: «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»
Мақсаты:
1.Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жеріне еліне деген
сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
2. Тұңғыш президент туралы әңгімелеу. Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық
шағымен таныстыру.
Оқу іс-әрекеттің көрнекіліктері: Слайд, плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,тыңдау.
Сұрақ – жауап:
- Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
- Біздің Елбасымыз кім?
- Тұңғыш президентіміз кім?
- Қазақстанның бас қаласы қай қала ?
- Қазір елді басқарып отырған президентіміз кім?
1- слайд –Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару
ісі – мәртебелі міндеті.Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы -ең
бақытты халық.
2-слайд Астанамыз – Нұр-Сұлтан
3-слайд «Балалық шағымның аспаны» (кинодан үзінді)
4-слайд «Отан деген не?»
Айша
- Анам мен әкем
Алинур
- Ата, әжем
Ақсұлтан
- балабақшам
Шыңғыс
- достарым
Тақпақ: Алтынай, Нұрахмет, Айша, Тұран
Алтынай
Отан – деген атамекен,
Отан – деген туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!
Нұрахмет
Асыл өлкем – ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп-белгілі емес пе!
Сенің ғажап екенің!
Отан дейміз – от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
5-слайд «Рәміздер» (Елтаңба, Ту, Гимн)
6-слайд Ұлттық валютамыз – теңге.
7-слайд «Алматы қаласы»
Тақпақ: Алматы қаласы, апорт
Қуанамыз, күлеміз,
Бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.
8-слайд «Біз бақытты баламыз»
Айша:
Ертең, ертең ер жетем
Ер боламын, күн боламын
Жарқыраған, жайнаған
Күн нұрымен бір боламын.
Елді, Отанды қорғайтын
Батыр Ұлан мен боламын!
Тұран:
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз!
9-слайд «Қазақстан табиғаты» (қорытындылау)
Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
Би « Алға, Қазақстан» (бәрі шығады)
«Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін!»
Қорытындылау:
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін
алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында
көрсетілген:«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам
деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші
ұрпағысыздар. Ендеше Қазақстанның болашағы біздің жастардың қолында».
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел
екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің
тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы.
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!