Конспект занятия "Елін сүйген - Елбасы" 3 класс
Тақырыбы: Елін сүйген - Елбасы
Мақсаты:Оқушыларға елі сүйген, елін сүйген Елбасының өмір жолы, оқып білім алған,
қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі алу, жақсы
оқу, адал еңбек ету, Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың портреті, плакаттар т.б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Өздеріңізге белгілі 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет
Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Барлықтарыңызды осы
мерекемен құттықтай отырып, үшініші сынып оқушыларының дайындаған ашық тәрбие
сағатына қош келдіңіздер дегім келеді!
1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық, міне, біз,
Елін сүйген, Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз!
2 жүргізуші:
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеміз құтты болсын, көпшілік.
Елбасының құрметіне жиылған!
1 жүргізуші:
Өздеріңізге белгілі 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз.Бүгінгі
бас қосуымыз осы мерекеге арналады.
2 жүргізуші:
Олай болса, айтулы күнге арналған жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
- Қазақстан Республикасының әнұраны
1 жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
2 жүргізуші:
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақстан Республикам менің /тақпақтар/
1 оқушы: К.Аружан
Кең – байтақ көз жетпеген елім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
2 оқушы: Таир
Менің елім – Қазақстан Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың, туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың!
3 оқушы: Е.Аружан
Мен қазақпын, қарапайым балаңмын,
Еркін өскен мынау жазық даланың.
Отанымның болашағын ойлайтын,
Қазағымның ертеңіне алаңмын.
4 оқушы: Мирас
Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі, Қазақстан – Гүлстан!
5 оқушы: А.Аружан
Менің елім – Қазақстан жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан – Ана тірегім,
Аман болсын, елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірімнен осы менің тілерім!
6 оқушы: Жанарыс
Мен қазақпын, қазағым деп күйемін,
Отанымды, ел-жұртымды сүйемін.
Қазағым деп, алашым деп әрқашан,
Отанымның алдында бас иемін!
1 жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
2 жүргізуші:
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде!
Ән: «Көк тудың желбірегені» /Аяла мен Жанарыс/
➢ Сандар сыр шертеді.
1 жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
2 жүргізуші:
Елбасымыз Нұрағаның бастауы,
Туды ұстап тура жолға түс деген!
1 жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан атаның өмірбаянына назар аударайық!
1 оқушы: Адина
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында,
Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың
шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
2 оқушы: Нұрсұлтан
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі
есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала
мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.Оның аты
Нұрсұлтан болсын».
3 оқушы: Аяла
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың
бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында дүниеге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі
адам болды.Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
4 оқушы: Қасиет
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы
молданың отбасында дүниеге келді.
Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім
жоқ.Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
5 оқушы: Аяулым
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және
соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.
Тұңғыштары Нұрсұлтаннан кейін отбасында оның інісі Сатыбалды /1947 ж/, қарындасы
Әнипа /1950 ж/, інісі Болат /1953 ж/ дүниеге келіп, өсті.
6 оқушы: Қанағат
Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Д.А.Фурманов атындағы /1999
жылдан бастап Қарасай батыр атымен аталады/ қазақ-орыс орта мектебінің бірінші
сыныбына барды, оны біріншіден бастап, төртінші сыныпқа дейін алғашқы мұғалимасы
Тәкура Алғадайқызы Исмаилова оқытты.
Ән: «Туған ел»
7 оқушы: Адина
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды,
сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын – туыстары
әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.
1958 ж Н.Ә.Назарбаев Қаскелең ауданы Абай атындағы орта мектепті медальмен аяқтайды.
8 оқушы: Аяулым
Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге
таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен
ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп,
шыңдап шығарды.
9 оқушы: Нұрсұлтан
1958 ж Н.Ә.Назарбаев комсомолдық жолдамамен Теміртаудағы металлургиялық зауыттың
құрылысына жіберіледі.
10 оқушы: Аяла
1958 ж 20 қарашасы мен 1960 жылдың 26 сәуірі аралығында қазақтың бір топ жігіттерінің
қатарында Н.Ә.Назарбаев Днепродзержинск қаласы /Украина/ Днепр металлургиялық
зауыты /қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ/ жанындағы № 8 техникалық
училищеге оқуға түседі.
Ән: «Қазақстан» Карина
2 жүргізуші:
Елбасының бастауымен еліміз, Отанымыз әлемге танылды.
1 жүргізуші:
Ар-намысты ту еткен Елбасымыздың еңбек жолына көз жүгіртейік!
1 оқушы: Еркежан
Еңбек жолын 1960 ж Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында
қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960 – 1969 жылы Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
2 оқушы: Нұрдәулет
1991 жылы желтоқсанның 1-де тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің
жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым
дауыспен жеңіске жетті.
3 оқушы: Қ. Еркежан
1992 ж Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. 1993
жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі айналымға түсті. Оған
атақты тұлғалардың суреті басылып шықты.
4 оқушы: Сұңқар
1995 жылы – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
5 оқушы: Малика
1995 ж 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
1998 ж Қазақстан Республикасының астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Астана
қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
6 оқушы: Диас
2017 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 26 жыл толды. 2017 жылы
Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Оған
куә EXPO – 2017 көрмелерінде әлемінің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік ғылыми,
мәдени жетістіктерін көрсетті.
1 жүргізуші:
Жаса, жаса Астанам,
Өркен жая бастаған
2 жүргізуші:
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Ән: «Астана»
1 жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
2 жүргізуші:
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
1 оқушы: Мухамметали
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолымен соғылған.
Енді қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
2 оқушы: Гүлнура
Елбасымыз, сізге мәңгі разымыз,
Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.
Ұлтым «елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ән: «Балалық шақ» Кәусар
3 оқушы: Мадияр
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан, ел көтерер жер даңқын.
Президентім, Елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жаса қазағым, өр халқым!
4 оқушы: Аружан
Кең – байтақ көз жетпеген елім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
Барлығы хормен:
Біз - Жас Ұлан, адалдықтан жаралдық,
Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық!
Хор: «Болашағы елімнің»
2 жүргізуші:
Болашаққа, ертеңге жол ашатын,
Бүлдіршіндер бақытты, аман болсын!
1 жүргізуші:
Әрқашан бейбітшілік заман болсын,
Елбасы мен ел іргесі аман болсын!
2 жүргізуші:
Осымен, Елін сүйген – Елбасы атты мерекелік ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.