Открытый образовательный час "Елін сүйген - Елбасы" 5 класс
Қармақшы аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 275 орта мектеп
«Елін сүйген - Елбасы»
ашық тәрбие сағаты
Сыныбы 6 «Б»
Сынып жетекшісі Калиева Г.
Байқоңыр қаласы
БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ________ Э.Утеуова
Уақыты 30.11.2016ж. сағ. 12
45
Өтілетін орны 216 кабинет
Сыныбы 6 «Б»
Тәрбие сағатының тақырыбы Елін сүйген - Елбасы
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев-
тың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер
беру.Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, сан қырлы талант
иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. «Мәңгілік ел» құндылықтарына тоқталу.
Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түрі тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, интерактивті тақта,
суреттер.кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа.
Барысы: І. Кіріспе
1- жүргізуші: Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз.
2-жүргізуші: Сұрақ-жауап:
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның Елордасы қай қала?
- Елордамыз – Астана.
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Әнұран, Ту, Елтаңба.
а) Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
ә) Мұғалім: - Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт –
Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үл-
кен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ
халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арман-
ның жүзеге асуы еді.Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің, егемендігін,
ынтымақтықты, тұтастықты , бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән
берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері,
тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз.
1-желтоқсан – Президент күні баршаңызға құтты болсын!
ІІ. Негізгі бөлім: а) «Елін сүйген – Елбасы»
1-жүргізуші: Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің,
халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең
қиын міндет.
2-жүргізуші: Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі,
тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат,
патриот қана атқара алады. Бұл- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
1-оқушы: Н.Ә.Назарбаев – ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде
тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы
мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан тәні-
мен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе
жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, бола білген ұлтжанды азамат.
2-оқушы: Елбасы - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,
өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын,
елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
3-оқушы: «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.
Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп,
перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының
бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды,тәуелсіз мемлекет
құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық
ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,
білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді
Н.Назарбаев.
4-оқушы: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан!
Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла
отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз.
«Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа
баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
5-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
6-оқушы: Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
ә) 1- жүргізуші: Балалар, енді елбасының өмір жолына шолу жасайық.
Мұғалім: 1. Анасының көрген түсі
2. Елбасының 7 атасы
7-оқушы: Балалық шағы
Н.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына
қарасты Шамалған аулында Әбіш пен Әлженның отбасында дүниеге келген.
Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,
шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін
сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын
маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.
Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Мұғалім: Отбасылық жағдайы
Жұбайы – Сара Алпысқызы – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық
қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – 2015ж. 11-қыркүйегінен – Қазақстан
Премьер – министрінің орынбасары.
Динара – Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия – биснеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын
басқарады.
Елбасының жеті немересі және екі шөбересі бар.
8-оқушы: Қызмет жолы
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.
Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен
Украинаның Днепродзержинск қаласына барып метал-лург – жұмысшы
мамандығын меңгерді. Ол шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі
жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
9-оқушы: 1960жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу
орнын,1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне
қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
10-оқушы: Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды
металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна
пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол
жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
11-оқушы: 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
12-оқушы: 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет ҚР-сы Президентінің
жалпыхалықтық сайлауы өтті.
Сайлау нәтижесінде Н.Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78 % дауыс алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2015жылғы
29 сәуірде Елбасы Конституцияға қолын қойып, ант берді.
13-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған
тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ
өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр»,
«Сарыарқа» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз
мақтанышпен айтамыз.
1-жүргізуші: Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экон-қ даму
мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991),
«Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евраз.цивилизации»
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
14-оқушы: Дәйексөздері
“Қазақстанның болашағы — Қазақ тілінде.”
“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы
мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны
толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-
тұйықтықтан қашу керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да,
тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да
өзгерту керек.”
15-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы нысандар
Н.Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар Қазақ
қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін
берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған
Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептептердің
ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында
ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев
қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
1-жүргізуші: Реформалары
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы,
барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің
бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің
қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.
Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол
1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық
референдуммен аяқталды.
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы
саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды,
инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі
құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге
келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым
бағыттарын айқындады.
2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвес-
тициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшылар
арасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Семей ядролық поли-
гонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңір-
лік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев
ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия
одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы.
Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы
өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде
жұмыс істей бастады.
Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын
жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер
көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2-жүргізуші: Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Экономика және болжау институты
Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi Назарбаев Зияткерлік Мектебі бірқатар лицейлер
мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние
жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін
президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Оқушылар: Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу
орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық
инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар
академиясының академигі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті
профессоры.
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті
профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі
«Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халық-
аралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен
оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда
болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі
болып есептеледі.
б) Слайд-шоу. « Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері»
Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдеріне шолу жасайық.
1991ж. Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты республика-
мыздың Президенті етіп сайлайды.
1992 жылы ту, елтаңба, әнұран бекіді.
1993 жылы төл теңгеміз өмірге келді.
1998 жылы Ақмола қаласы Астана деп жарияланды.
2002 жылы Астана - Бәйтерек монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
в) Оқушы шығармашылығы «Елбасына арнау»
г) Эссе «Егер мен президент болсам»
ғ) Оқушыларға сұрақтар қою.
1. ҚР-ның рәміздері мен авторлары туралы не білесіңдер?
2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?
3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?
4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?
8. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?
9. Талғат Мұсабаев кім, ол туралы не білесіңдер?
10. Қазақстанда неше облыс бар?
д) Мұғалім: «Елбасы» тақырыбына қауымдастық жасау.
Елбасы-туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.
Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақытын қалдыра бермейді.
Алайда жұмыс уақытын-дағы сирек үзілістерде Н.Назарбаев өзі үшін әрі
демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол-
табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.
Н.назарбаев- бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси
тақырыптағы кітап-тардың авторы. Демек, елбасы-жазушы. Сонымен қатар
Әнұранның, «Үшқоңыр», «Елім менің», «Сарыарқа» әндерінің сөзінің
авторы, яғни-ақын.
е) Ән тыңдау. «Елім менің» Бейнеүзінді көру.
ж) Мұғалім: Өзге ел басшыларының пікірлері, «Әлем назарындағы –
Назарбаев»десем,...
Ақерке: Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның
ТМД-ның басқа елдері- нен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен
тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар
бейбіт өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта
татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.»
Диана: Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның
демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске
асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы
болып отыр. Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-
жақты дамып келеді.»
Б.Диас: Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық—
жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі-
мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ
жұртының, елінің, көпұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы
жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Н.Ә.
Назарбаев – өз халқының даусыз басшысы.»
Аружан: Джорж Буш – АҚШ-тың бұрынғы президенті: «Құрметті
Н.Назарбаев! Сіздің басшы-лығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын
қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама
Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы Жаһандық күресте
көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың»
Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдіреді.»
з) Мұғалім: « Елбасы Мұраты»
Хор: «Қазақтай ел қайда...»
ІІІ.Қорытынды:
Мұғалім: Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар
да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр
сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын
көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер,
Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда
қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың
елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат
та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп
еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және
өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны
қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге
мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың
өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған
келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік
қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
1-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің
іргесі мықты болсын!
2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді
сезінеміз»
Оқушылар үш тілде президент күнімен құттықтайды.
Назарларыңызға рахмет!
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Единое государство в Китае" 5 класс
- Конспект урока "Возникновение государства в Древнем Египте" 5 класс
- Внеклассное мероприятие "Древняя Русь" 5 класс
- Конспект урока "Древний Восток" 5 класс
- Конспект урока "Древние тюрки на территории Казахстана" 5 класс
- Технологическая карта урока "Древнейший Рим" 5 класс