Конспект урока "Елін сүйген - Елбасы" 1 класс

Тақырыбы: Елін сүйген - Елбасы
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі
мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: балаларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі- өнеге ету.
Тәрбиелік: балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, нақыл сөздер,
слайдтар.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Күз мезгілінің ай аттарын атап бер?
-апта күндерін кім атап береді?
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-Қай облыста тұрамыз?
-Маңғыстау облысының қай қаласында тұрамыз?
-Жарайсыңдар балала, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Ендеше бүгінгі оқу іс-
әрекетіміз ерекше болмақ. Біз бүгін тіл дамыту оқу іс-әрекетінен «Елін сүйген – Елбасы»
тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
«Ғажайып сәт»: үнтаспадан МузАрт тобының орындауындағы «Үшқоңыр» әнінің бір
шумағы орындалады. Үш қоңыр жайлауының жайқалған кезі. Жылқылар кісінеп,
табиғат мәре сәре болып жатқан мезгіл слайд шоу арқылы көрсетіледі. Осынау тамаша
тамылжыған тыныштықты шырқыраған нәрестенің үні бұзды. (үнтаспадан жылаған
нәрестенің дауысы естіледі).
Көрініс: балалардың орындауында.
-Жаршы: Сүйінші, сүйінші.
Назарбай бидің шаңырағында ат ұстар ұл келді.
- Уа жараңдар. Сүйінші, сүйінші торсық шеке ұл келді.
Есік алдына Әбіш нәрестені алып шығады.
-Әбіш: Жарық дүниеге келген құлыным, Алатаудай асқарлы бол, күндей күркіреп,
жаңбырдай сіркіреп, даладай дастанды бол!
- Жаршы: Уа, Әбіш, баланың атын кім деп қоймақсың?
- Әбіш: Анам Мырзабала сол кісіден сұрайық. Мына жатқан батырдың есімін анам
қойсын.
-Мырзабала әже: Өмірі нұрлы болсын, өз еліне сұлтан болсын деп, немеремнің
есімін Нұрсұлтан деп қойғанды жөн санадым, қабыл болсын!
-Әбіш: Қабыл болсын!
-Жаршы: Иә, қабыл, әрі есімі құтты болсын!
Атына заты сай болсын!
- Мырзабала әже: Уа, Әбіш, төменгі Шамалғандағы Әбубәкір молданы шақырып
құлағына азан айтып, есімін берсін.
Әбіш молданы алып келеді.
-Мырзабала әже: молдеке немеремнің атын Нұрсұлтан деп қойып едім, құлағына
азан шақырып атын қойып беріңіз.
-Молда: Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан... Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан...
Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш
пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оның балалық
шағы қиын-қыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында өтті. Соғыстан кейін Нұрсұлтан
мектепке бастауыш сыныпқа барады. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес,
мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқып, мектепті
алтын медальмен бітіріп шығады. Мектептен соң Теміртаудағы металлургия
комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан
металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде
Украинаның, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы
кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.
Оқуды аяқтаған соң Нұрсұлтан Назарбаев металлург мамандығы бойынша жұмыс
жасайды. Өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып
көзге түседі. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етеумен қатар өз білімін шыңдау мақсатында
Қарағанды политехникалық институтын 3 жыл оқып, одан соң Қарағанды жоғары
технология университетін бітіріп, инженер-металлург мамандығы бойынша диплом
алады. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыста өзінің білімділігімен, тіл табысқыштық,
көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген. Осындай ерекшелік иесі Нұрсұлтан
Назарбаев металлург мамандығынан басқа да лауазымды қызметтерді атқарып жүрді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.
Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды
. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.
Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ
халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың
жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Міне осындай наразылықтың салдарынан
қазақ студент жастары өз елімізді қазақ азаматы басқарсын деген ниетпен бейбіт шеруге
алаңға шығады. Бірақ, оларды қолдарында қаруы бар әскерлер ұрып, соғып, түрмеге
қамайды.
Қасық қаны қалғанша елім-жерім деп тәуелсіздікті аңсап, он екіде бір гүлі ашылмай
қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы
Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде
толық жүзеге асты.
Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, - республикадағы халқымыздың рухани
жеңісі, - демократияға жол ашу - тәуелсіздіктің алғашқы беті. Көп ұзамай Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігін алды.
Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын,
яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет
басшысы болып сайланды.
Қазір Қазақстан экономикасы дамыған, аяғына нық тұрған, Астанадай бас қаласы
бар ірі мемлект. Астана зәулім ғимараттар, театрлар, әртүрлі ойын-сауық кешендері бой
көтерген әсем қала. Мұнда әлемнің көптеген елінен туристер келіп, қаланың әсем
көрінісін тамашалайды. Сондай-ақ Н.Ә. Назарбаев елімізде жаңа заманға сай жаңа
технологиялармен жабдықталған мектептер мен балабақшалар санын көбейтті. Осының
айғағы біз тәрбие мен білім алып отырған сәулетті, өте үлкен жап-жарық балабақшамыз.
Осындай бейбіт елде өмір сүріп отырғанымыз үшін біз қуануымыз керек.
Балалар, ендеше Тәуелсіздік, Отан, туған жер туралы тақпақтар айтайық.
1-бала: Желтоқсаннан бастау алған егемен,
Егеменді елде берік керегем
Қазақстан бірлігімнің айғағы,
Әлем білген басшысымен көреген.
2 - бала: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.
3-бала : Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
4-бала: Ел тірегі - қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
5-бала:Оянады көңілден қайдағы арман,
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
Қорытынды: -бізде қандай оқу іс-әрекет болды?
-тіл дамыту.
-Қандай тақырыпта әңгімелестік?
-«Елін сүйген –Елбасы»
-Елбасымыз елі үшін не істеді?
- Қазақстанды бүкіл әлемге танытты, елімізге тәуелсіздік алып берді, өз
елтаңбамыз, көк туымыз бар, әнұранымызды қабылдады. Балабақшалар мен мектептер
санын көбейтті.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, Елбасымыздың халыққа жасап жатқан игі істерін бір сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес, біз халқының қамын ойлайтын, жүрегі елім деп соғып тұрған
президентіміз барда әрқашан бақыттымыз.
«Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы»
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1
желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік
мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Ендеше алда келе жатқан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты
мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан
келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
Осымен бүгінгі «Елін сүйген –елбасы» тақырыбындағы ашық оқу іс-әрекетіміз
аяқталды. Бүгінгі оқу іс –әрекетке барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Сабақ соңында
барлығымыз орнымыздан тұрып , Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындайық.