Бастауыш сыныппен қоштасу

Подписи к слайдам:

Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған

Есімде әлі сыңғыры

Естілген алғаш қоңырау

Мектепке келдік осылай

Бал балалық таңырқау

Жүлделі болдық біздер сайыстарда

Бұл мәлім, бізді білген таныстарға

Сахнаның сырын ұқтық алғаш рет

Талантымыз жеткізер деп табыстарға!

1- сыныпта

Жеті саны киелі деп ырымдап

Жеті қуыршақ шығып едік тұғырға

Бас жүлдені жеңіп алдық, сол кезде

Екі мыңның он бесінші жылында

Жартымыз Тоты апайдан оқып едік

Көкейге талай нәрсе тоқып едік

Екі сынып қосылатын бұйрық шықты

Томпиып 9 бала боп отыр едік...

Толықтық бір сынып боп 21 –ге

Тағы да келетінді тосып едік

2 бала қайтадан кетіп қалды

Азаймасын қатарымыз, сосын дедік.

Сан санап, оқу, жазуды

Үйрендік алғаш ұстаздан

Шығарма, эссе жазуда

Қаламымыз ұшталған

Зияткерлік сайыс өткен “Қызық екен”

Ол дағы бастауыштың үзігі екен...

Маржан апай атанған жеңімпаз боп

Білімнің теңізінде жүзіп өткен!

Біз үшін қызықты ғой әрбір сабақ

Дағдыға қалыптастық, солай талап

Үй жұмысын орындамай келген кезде

Қоңырауды күтетінбіз, минут санап...

Сыныптасым алға озса жай табамыз

Білімнің жетістігін айта аламыз

Аудандық олимпиада жүлдегерлері

Кәусар мен Гүлайыммен мақтанамыз

Асқарқызы Гүлайым

Аудандық бастауыш сынып пән олимпиадасында дүниетану пәнінен ІІ орын иеленген

Қабылқақова Кәусар

Аудандық бастауыш сынып пән олимпиадасында математика пәнінен ІІ орын иеленген

Тыңдасын деп әлемнің сазын бердің, Жырласын деп өлеңнің тәжін бердің. О, Ұстазым, Сенен бөлек осыншалық Дайындықты біз үшін әзірлер кім?!