Конспект занятия "Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері. Бастауыш сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері"

Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пән:Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы:3-ТАРАУ. Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері.Бастауыш
сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері.Музыка тыңдауға қойылатын
талаптар.
Сабақта қарастырылатын құндылық: Сүйіспеншілік
Қалыптастырылатын қасиеттер: құрмет көрсетушілік, бауырмалдылық, жанашырлық.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:Музыка тыңдау ережесімен таныстыра отырып, түрлі жанрдағы
музыкаларды тыңдау туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік:Музыкасының түрлі жанрларын тыңдата отырыпмеңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттерге музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрете отырып
музыкалық білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: үнтаспа, ноутбук, фото суреттер,слайд,ведио матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен семестрдегі өтілген тақырыптар бойынша.
Өткен бөлім бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық білім беру әдістемесінің оқытудың мазмұны
2. Бастауыш сыныптарында музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.
3. Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері неде?
4. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің ролі қандай?
5. Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс?
6. Хормен ән айтуға және ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері қандай?
7. Әншілік дағдыларын дамыту тәсілдері?
8. Ән репертуарын таңдау және оған қойылатын талаптар.
9. Ән үйрету кезіндегі дирижердің ролі қандай?
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3.Жаңа тақырып түсіндіру«Бастауыш сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен
міндеттері.Музыка тыңдауға қойылатын талаптар».
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің
ықпалымен дамуы туралы.
Жасөспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды
музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезіммен,саналы түрде қабылдай
біліп тыңдауға үйрету керек.
Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған
немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп
қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды
дұрыс түсінбегендіктеноны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі,
білімі таяз.
К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен
білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан
ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып
оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген
сүйіспеншілігі мен мәденитетілігін дамытамыз.
Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде
тыңдауды үйрене бастайды.
Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне
бойлау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет.
Музыка сабақтарында музыка тыңдау процесінің мақсаты-музыканттар дайындау емес,
жалпы жасөспірімдердің өнерге деген мәдетиетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай
тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді,
шығармашылық қабілеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде
пйдаланатын жұмыстардың бірі болып есептелінеді. Өйткені, музыкалық шығарманы
адамның рухани азығы десек қателеспейміз.Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі
қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да
музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы
арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген шығарманы алуға болады.
Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету барысында тереңірек
тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап
қалыптастырған дұрыс.
Бұл туралы Э.И.Бальгитис дейтін ғалым: « Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас
кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан
қазақ балалрының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден
бастап қалыптастырған жөн.
Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен
күйлері мол.
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі «Бесік»
жырларынан,өз ұлтының әуенің ана сүтімен бойына дарытудан бастайды да, одан әрі
біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Бастауыш сынып оқушыларына
өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка
тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы
ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын,
ерекшелігін сезіну, қайырымды, мейірімді,адал болу үшін-жалпы айтқанда оқушылардың
өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.
1.1 Музыка тыңдауға қойылатын талаптар
Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау,
музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады.
Музыка тыңдау процесі кезіндеоқушылардың зейінін эмоциялық сезімдерін, ойлау, түсіну
қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол
тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықты,
зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен – саз көңілге жайлы, ақылға
қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан
талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түсінігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара – бара әрбір үннің әуезін, әрбір
әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін
жоғалтып аламыз.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды
дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып,
оқушыларға беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек.
Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын ол белгілі бір мазмұнда ойды білдіреді, оны
терең жан-жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан- жақтылығы, яғни
психология, педагогика, философия, медицина, әдебиет, тарих, табиғаттану, т.б ғылым
саласынан хабардар болуы өте қажет.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен
педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас
ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың
жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек.Музыкан
орындау ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық
шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.
Музыканы
тыңдату
Шығармашы
лығын
дамытады
Эмоциясын
дамытады
Музыкалық
білімін
жүйеленді
реді
Музыканы
талдау
қабілетін
дамытады
Композиторла
р туралы
мәліметер
алады
Есту
қабілетін
күшейтеді
1. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық әсерін
көрсету, музыкалық бейнелі түсіну.
2. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, оларға баға білу. Мұның өзі ең
қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына
ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мысалы: балалар музыкалық дыбыстардың ең
қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль,скрипка,баян, домбыра,қобыз, т.б)жоғары және
төмен тембрлік дыбысын бір-біріменсалыстырады, әннің бастамсын, қайырмасын (музыкалық
шығарманың ең қарапайым құрлымын) бір-бірінен айырады, бір – біріне қарама-қарсы көркем
бейнелердің айқындылығын байқайды.
3. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда
көркем бейнені (әнді, биді, күйді)көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды.
Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік – ол музыкалық шығарманың өзі болып
табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қабілетін дамыту
музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық
түсініктермен қатар оқушылар жалпы музыканың жанырлары, музыкалық шығарманың
құрылысы, музыка тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады.
4.Бекіту сұрақтары:
1.Музыка тыңдау ережесін ата?
2. Музыкалық қабілетке не жатады?
3. Музыка нені дамыады?
4. Музыкалық дыбыстар дегеніміз не?
5.Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
2. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып, музыка тыідау ережесімен және әдіс
тәсілдерімен тереңірек танысу.
3. Музыка тыңдауға қойылатын талаптар.
4. Бастауыш сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері.
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК - 320
БК-315
Күні
Пән: «Музыка ».
Сабақ тақырыбы:10- тарау «Халық музыкасы – халықтың музыкалық
шығармашылығы»
Сабақта қарастырылатын құндылық: ішкі тыныштық
Қалыптастырылатын қасиеттер: сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Халық музыкасы туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік:Қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: қобыз,домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио
матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
VI. Ұйымдастыру кезеңі
VII. Үй тапсырмасын тексеру.
VIII. Жаңа тақырып түсіндіру.
IX. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
X. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1.Дыбыс. Дыбыстың сапасы мен қасиеті.Дыбыс қатары
2.Интервалдарды ата?.
3.Лад дегеніміз не?
4.Тұрақты дыбыстардың орналасуын ата.
5.Әуен туралы түсінік.
6.Аккорд дегеніміз не?
7.Октава дегеніміз не?
8.Диапазон,регистр,альтерация белгілері туралы түсінік.
9.Өлшемдер.Өлшем түрлері
10.Екпін түрлері. Дирижерлау тәсілі.
11. Интервал ұғымына анықтама беріңдер?.
12.Жай интервалдардың ата?.
13.Сандық интервал қалай құрылады.
14.Сапалық интервалды қалай есептейміз?.
15.Тұрақсыз дыбыстардың орналасуын ата.
16.Мажорлық дыбыстар қандай болды?
17.Минорлық дыбыстар қандай болды?
18. Әуен туралы түсінік.
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3.Жаңа тақырып түсіндіру«Халық музыкасы – халықтың музыкалық
шығармашылығы»
1.Халық музыкасы-халық шығармашылығы.
2.Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар.
3.Қазақ музыкасының негізгі жанрлары.
4. Әлемдік музыка қоры.
5.Салт дәстүрге байланысты музыкалар туралы түсінік.
6.Асан қайғы, Әл – Фараби, Қорқыт туралы түсінік.
7.Аспаптық музыка және ән жанрлары.
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініші,
сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қыйлы замандар,
тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы
ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, тарих айнасына айналды. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан
бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-
ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне әнді
серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, сүндет тойы, халықтық ойын-сауықтар – барлығы
да ән-күй аясында өтеді.
Өлімді жеңер күз іздеп, мәңгілік көксеген Қорқыт, ғұлама ғалым әл-Фараби, тыныш өмірді
аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка
тілімен жеткізген. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан Сері,
Мұхит, Қазанғап, Сүгір, Дина және басқа таланттар халықтың тауқымет-тағдырын музыкамен айтып
өтті. Сөйтіп,и халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан
кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптасып жалғасып келеді.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр
халықтың музыкасының өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сондықтан халық музыкаларының
ерекшеліктерін ескермей, ұлттық сипатын танып білмей, оларды бір өлшеммен бағалауға болмайды.
Музыканың шынайлығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында. Болашақ саз пәнінің ұстазы халық
музыкасымен, халықтың музыкалық шығармаларымен өзі терең танысып, жас ұрпаққа жеткізіп, одан
әрі жалғастыру мақсатында жүзеге асыруы керек.
Қорқыт (VII-IX ғасырлар)
Қорқыт VIII-IX ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ
тайпаларының ұлы ойшыл, алдағы күнді болжаған көрікпел, шебер
күйшісі болған.
Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы
күйші. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе диуаналардың
қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халқтықтың
музыка аспабы ретінде таныта білді.Қобыздың құдіретті үнін
,Қорқыт күйлерін қазақ қобызшыларырухани мұре етіп ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастырып келеді.Оның
“Қорқыт”,“Аққу”,”Әуппай”,”Башпай”,”Желаяқ”,”Елім-
ай”,”Халқым-ай”,”Тарғыл тана”,”Ұшардың ұлуы”,”Сарын” I,II,
“Қоңыр”,”Байлаулы киіктің зары” және т.б. күйлері бар.Қорқыт
туралы ,оның күйлері туралы халықта көптеген аңыз-әңгімелер бар.
Әл-Фараби (IX-Xғасырлар)
Әбу Насыр әл- Фараби – Шығыстың философы, энциклопедист, музыка зерттеушісі, ғалым.
Оның есімі үнді, Иран, Араб жіне басқа Шығыс халықтары арасында кеңінен танымал болған.
Фарабидің философиялық, ғылыми еңбектері өте көп. Оның ғылыми еңбектерін араб, латын,
Батыс Еуропа ғалымдары жоғары бағалады.
Фараби музыка саласына теориялық және тәжірибелік тұжырымдар жасады. Аспаптық,
вокалдық музыкалардыңтууы, орындалуы және оның сезіміне етер әсері, өмірде алатын орны
мен маңызы жөніндегі ғылыми пікірлерді түйіндейді. Сондай-ақ Фараби үндестік ( гармония )
заңдылығына, музыка құрылымының нысандарына, ырғақтық-жылдамдық жүйелеріне терең
талдау жасап, “ музыкалық әуендер жақсы мінез-құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын
қалыптастыруда елеулі рөл атқарды ”деген, “ Музыка мен эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы
адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қазиеттерден арылуына ықпал етуге болады ” деп
жазды
Ол ежелгі грек ғалымдарының ізін жалғастырып, музыка туралы ғылымды математикаға
жазды. Ол “ мұның негізгі себептерінің бірі – тон, интервал, ырғақ, өлшем тәріздес музыка
теориясының негізгі ұғымдарын математикалық жолмен өрнектеуге болғандығында ” дейді.
Біз халқымыздың ұлы перзенті Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы”, “Музыка туралы үлкен
трактат” (Китап әл мусика әл-Кабир), “Музыка ырғақтарын жіктеу туралы кітап” және
“Ғылымдарды жіктеу туралы кітап” атты әлемдік музыка өнеріне қосқан зор үлесін мақтан
тұтамыз.
Асанқайғы
( XIV-XV ғасырлар)
Асанқайғы – Алтын Орда ыдырай бастаған кездерде өмір сүрген Береке, ұлы Мұхамед,
Әбілқайыр хан және Керей мен Жәнібек сұлтандардың замандасы. Оның:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел тоқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Жыр толқытса шығады, - деген жыр жолдары әр адамның көңілінен ойып орын
алған ақиқат.
Ол – қазақ халқының тағдыры үшін қайғы шегіп, оның болашағын ойлап, тебіренген дала
абызы. Асанқайғы – ел қамы, халықтың келешегі туралы толғаныстарын күй тілінде суреттеген.
Оның “Ел айрылған”, “Желмаяның жүрісі” , “Зар” , “Асанқайғы” сияқты күйлері халықтық-
әлеуметтік тақырыпқа арналған құнды туындылар.
4.Бекіту сұрақтары:
1.Қазақ музыкасының негізгі жанрларын ата?
2.Халықтық музыка түрлері қандай?
3. Аспаптық музыка мен вокалдық музыканың айырмашылығы.
4. Жыршы мен жыраудыңайырмашылығын айтыңыз?
5.Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
2. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
3. Халық музыкасы және халық шығармашылықтарытуралы ізденіс.
4. Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
5. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пәні:Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы: «Музыка тыңдау репертуары және оны талдау»
Сабақта қарастырылатын құндылық: Білім, білік және дағдыны игерту.
Қалыптастырылатын қасиеттер: сүйіспеншілік
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Халық музыкасы туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік: Қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: қобыз,домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио
матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің
ықпалымен дамуы туралы.
3.Жаңа тақырып түсіндіру. 6.2.«Музыка тыңдауға қойылатын талаптар»
Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау,
музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады.
Музыка тыңдау процесі кезіндеоқушылардың зейінін эмоциялық сезімдерін, ойлау, түсіну
қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол
тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықты,
зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен саз көңілге жайлы, ақылға
қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан
талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түсінігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара – бара әрбір үннің әуезін, әрбір
әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін
жоғалтып аламыз.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды
дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып,
оқушыларға беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек.
Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын ол белгілі бір мазмұнда ойды білдіреді, оны
терең жан-жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан- жақтылығы, яғни
психология, педагогика, философия, медицина, әдебиет, тарих, табиғаттану, т.б ғылым
саласынан хабардар болуы өте қажет.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен
педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас
ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың
жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек.Музыкан
орындау ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық
шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.
4. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық әсерін
көрсету, музыкалық бейнелі түсіну.
5. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, оларға баға білу. Мұның өзі ең
қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына
ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мысалы: балалар музыкалық дыбыстардың ең
қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль,скрипка,баян, домбыра,қобыз, т.б)жоғары және
төмен тембрлік дыбысын бір-біріменсалыстырады, әннің бастамсын, қайырмасын (музыкалық
шығарманың ең қарапайым құрлымын) бір-бірінен айырады, бір – біріне қарама-қарсы көркем
бейнелердің айқындылығын байқайды.
6. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда
көркем бейнені (әнді, биді, күйді)көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды.
Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік – ол музыкалық шығарманың өзі болып
табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қабілетін дамыту
музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық
түсініктермен қатар оқушылар жалпы музыканың жанырлары, музыкалық шығарманың
құрылысы, музыка тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады.
6.3 Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау.
Оқушыларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат мүддесіне сай
болу керек.Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
іріктелуі керек. 1-2-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл
ойналуы ұзақтылығы 1-1.5минуттен аспайтын, 3-4-сынып оқушыларына тыңдатылатын
музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек.
Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдалатын музыка
ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Тыңдалатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл
музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл
қабылданады, сондықтан да жеңіл музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық,
оперетталық музыкаларды жатқызуға болады. Мұндай музыкалар өте әдемі, көркем әуенді
болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Тек мұндай музыкаларды тыңдаумен
шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны
жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын
ешқандай мәні, мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер
өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасы, құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды
еріксіз қозғалтатын музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғаман ұрғандай әсер етуі арқылы
нәзік сезімдер мен түйсіктерді жойып, мидың жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді.
Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының 1-сыныбынан бастап мағыналы күрделі
музыкаларды тыңдауға баулып, музыка «тыңдау репертуарына» вокалдық, аспаптық
шығармаларды, халық шығармашылығын, классикалық (орыс,шетел) және қазіргі заман
музыкаларын енгізген дұрыс.
Бағдарламаға енген халақ әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық музыка өнерімен
кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік берді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа, төрт-түлік малға,
тарихына шыққан ән,жыр, терме – толғау, айтыс, эпостық жырлар, күй өнерімен танысу
жүйелері жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізіледі.
Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып
тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктелген. Мысалы:
«Сырлы да сазды әуен» тақырыбының тыңдауға ұсынылған шығармалары – бесік жырлары,
тұсау кесу, төрт-түлік малға арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлері
туралы шығармалары 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олардың
қабылдауына жеңіл, қарапайым да қысқа мазмұнды болып келеді.
Ал, 2-сыныпқа таңдауға ұсынылған шығармалар мазмұны жағынан, құрлысы жағынан сәл
күрделене түседі. Мылалы: «Жыл басы кім болады» атты Ш.Құлманова мен
Р.Наурызбаеваның І бөлімдік операсы, «Жетім бала» аңыз күйі, «Ақсақ құлан»,
Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» ойландыратын мазмұнды шығармалар боп
келеді.
3-сыныпта оқушылар ақыл-ойы, санасының дамуы мүмкіндігіне орай халық
шығармашылығындағы ән мен саз өнерінің ұштаса отырып туындаған жыр,терме, айтыс,
толғау ,күй, тартыс сияқты шығармалармен, жыршы – термеші күйшілермен танысады, бұл
оқушылардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне жол ашылады.
4-сыныпта Қазақстан және шетел композиторларының шығармашылығымен танысып,
музыканың жаңа формаларын меңгеріп, күрделі түрлерімен танысады.
4.Бекіту сұрақтары:
1. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады?
2.Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыру?
3.2-сыныпқа таңдауға ұсынылған шығармалар қандай.
4. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларына қалай таңдалып алынады?
5.Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
2. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,музыка тыңдату ережесімен тереңірек
танысу.
3. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру.
4. Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып
тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктеу туралы
білу.
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-320
БК-315
Күні
Пәні:«Музыка »
Сабақ тақырыбы:«Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары»
Сабақта қарастырылатын құндылық: Іскерлік дағдыны қалыптастыру
Қалыптастырылатын қасиеттер: қамқорлық, құрмет көрсету, зиян келтірмеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Дәстүрлі қазақ музыкасының жанрлары туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік:Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша.
1.Халық музыкасы-халық шығармашылығы.
2.Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар.
3.Қазақ музыкасының негізгі жанрлары.
4. Әлемдік музыка қоры.
5.Салт дәстүрге байланысты музыкалар туралы түсінік.
6.Асан қайғы, Әл – Фараби, Қорқыт туралы түсінік.
3.Жаңа тақырып түсіндіруДәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары»
Халқымыз ежелден әнді ерекше қастерлеп, оны халықтың жаны деп бағалаған. Өйткені жақсы
ән мен жақсы күй қай заманда да халықтың асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың
бақытты өмірге ұмтылған ынта-ықыласын жеткізе білді. Ән – халықтың рухани байлығы,
ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі.
Сан ғасырлық тарихы бар, ғасырлар елегінен сүрінбей өткен әндер талай-талай ұрпақтың
кәдесіне жарай отырып, айшықтана, әрлене түсіп, музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына
айналды. Ән жан-жүйеңді шымырлататын әуезділігімен, “ұйқыдағы көңіліңді оятатын”
әсерлілігімен, тартымды бейнелілігімен, жүрек тебірентетін нақышымен қымбыт. Кезінде екі
ауыз ән айтпайтын қазақ болмаған, “Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай” деген пікірге ие
болған, әншілігі аңызға айналған, өнер десе ішкен асын жерге қойған халықпыз. Ән айту, ән салу
ұлттық дәстүріміздің жалғасы
Музыкалық мәдениетіміздің негізгі белгілері мен ұлттық қасиеттерін, өзіне тән үнділігін,
музыкалық тілін, мазмұнға лайық әуендік ырғақты, нақыш бояуларды әннен табамыз.
Қазақ халқының әндер қорында тұрмыс-салттық, лирикалық және еңбекке байланысты
әндермен қатар әр алуан тақырыптарды қамтитын тақырыпты, сазды әуендердің де кең
өрістенгенін білеміз. Қазақ халқының ән өнерінің кең айдынынан екі типтік екі сала анық
байқалады. Ол – тақпақ сазды – речитативті әндер және әуенді, шалқымалы кең үнді әндер.
Нақты айтқанда, бірінші түрі – желдірте, термелетіп, толғай айтылатын жырлар, екіншісі –
созылып айтылатын кең үнді, әуез-мақамның сымбаттылығы әр күйде, бірде бәсең, бірде
көтеріңкі келетін шалқымалы, күрделі әндер.
Эпос негізінде қалыптасқан терме ән формаларының мазмұн жағынан алып қарағанда алуан
сырлары бар. Тарихи оқиғаларды, халықтың салттық-ғұрыптық ерекшеліктерін сипаттауда терме
мен желдірменің көркемдік ерекшелігі мол. Терме де, желдірме де, әдетте жылдам екпінмен
орындалып, мағыналы сөзі, ойнақы ұйымдастырылатын өлшемі, өлеңмен қиыстырылған үнділігі,
интонациясы болады, речитативтік формаларды тиімді түрде пайдаланады. Терме сөзі- көркем де
келісті болса, ал айшықты музыка сазы – оның мазмұнын байытып, көркемдігін арттырып,
құлпырта түсетін негізгі компонент.
Терменің әуен сазы халықтың ғасырлар бойы өзі ерекше екшеп, таңдаған музыкалық
формамен басталады да, халықтың өзі тудырып, қалыптастырылған заңдылығымен аяқталады.
Терме халық өнерінің басқа түрлерімен терезсі тең жанр.Терменің тамаша бір түрі желдірме.
Қазақтың тақпақты әнінің мұндай классикалық түрін суырып салма ақын Иса Байзақовтың
желдірмелерінен көреміз.
Толғау “толғану” деген мағынаны білдіреді. Толғауды жыршы, термешілер белгілі бір
сарынмен аспаптың сүйемелдеуімен орындайды. Толғау – термеге қарағанда көлемі жағынан
ұзақ, жырдан қысқалау болып келетін поэтикалық жыр. Толғау да жыраудың ішкі ойын, сезімін
өмірге, қоғамға немесе табиғатқа деген көзқарасын білдіретін шығарма.
Эпостық жырлар
“Эпос”- грек тіліндегі сөз, әңгіме, өлең, жыр деген мағынаны білдіреді. Эпостық жырлар
көптеген елдердің тарихында кездеседі. Қазақта “жыр” десе, қырғызда “ыр”, ал гректе “эпос”
деген. Әнді – әнші, күйді – күйші, жырды – жыршы орындаған. Ерте заманда жырды қобызбен,
бертін келе домбырамен сүймелдеген жыршылар белгілі бір әуенмен жорықта айтқан.
Эпостық жырлар – ескі заманнан келе жатқан халықтық мұра, ол екі түрге бөлінеді: батырлар
жыры, лиро-эпостық жырлар.
Батырлар жырында халықтың еркіндігі, бостандығы үшін әр елдің батырының төтенше
қайрат, асқан ерліктері, ел үшін еткен зор еңбектері жырланады. Қай елдің батырлары туралы
жырын алсақ та, олардың негізінде тарихи оқиға жатады. Батырлар жыры көбінесе Отаннын
сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу арманын қамтиды. Мысалы:
“Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”, “Қамбар батыр”, қырғыз халқының жыры
“Манас”.
Лиро-эпостық жырларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік туралы жырланады.
Батырлар жырмен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады. Сондықтан лиро-эпостық
деп аталып, кең мағынада- лирика мен эпикалық тақырып элеменнтерін бірдей қамтитын
шығармалар деген ұғымды білдіреді. Қазақтың “ Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек”,
“Айман - Шолпан”, “Күлше қыз”, “Мақпал мен Сегіз”, т.б.- бәрі де лиро-эпостық жырларға
жатады.
Эпостық жырда орындаушыларды жыршы дейміз, ол өз жанынан жыр шығармайды, жаттап
алып, белгілі бір өзіндік әуенмен айтады. Ал жырау- ақын, ол өлең, жырды жанынан суырып
салып шығарып айтады.
Қазақ халқында ақын, жыршы, жырау, термешілер өте көп болған. Екінің бірі жиын-тойлапрда
жырлап, термелетіп немесе бір-бірімен айтыс оздырып, суырып салмалық өнерін ортаға салып
отырған.
Бұл орайда, атақты жырау, термешілер: Базар жырау, Бұқар жырау, Жиембет жырау, Шалкиіз
жырау, Қазтуған, Нартай, Ақтамберді жырау, Доспамбет жырау, Махамбет, Тұрмағамбет, т.б
көптеген жыршы- ьермеші, жыраулардың шығармашылығы туралы “Бес ғасыр жырлайды”
кітабының 1-2 томдарынан кеңінен танысуға болады.
Айтыс
Қазақ халқының музыкалық өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында жыр
шығаратын суырып салмалыөқ өнер де кең дамыған. Халқымыз үлен жиын-тойларда бір-біріне
өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер
жарысына айтысқа айналған.
Айтыс атауы “айтысу” деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, тартысу,
дауласу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтысу өлеңмен де, қара сөзбен де, күй тарту
арқылы да болуы мүмкін. Мұның бәрі де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ұшқыр
ойлылықты, білімділікті қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.
Айтыстың бірнеше түрі бар: “Бәдік айтыс”, “Жар-жар айтысы”, “Мысал айтысы”, “Қыз бен
жігіт айтысы”, “Қайым айтыс”, “Жұмбақ айтыс”. Ақындар айтысының қазақ өнері тарихындағы
озық үлгілері – “Біржан мен Сара айтысы”, “Жамбыл мен Құлманбет айтысы”, “Шөже мен
Балтаның айтысы”.
Қазіргі кезде халқымыздың жаңарып, өмір кезеңдерінің өзгеруіне байланысты айтыстың
тақырыптары да, мазмұны да жаңарып, түрленіп жаңаша түр сипат алып, көптеген айтыс
ақындары шығып, айтыс өнері төселіп, құлашын кеңге жайып ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып
келеді. Сөйтіп, айтыс өнері халқымыздың сүйікті өнеріне айналды.
Айтыстың ең озық үлгілерінің бірі – “Біржан мен Сара айтысы” – бүкіл халық игілігі,
халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңіне айналған.
“Біржан мен Сараның айтысының” тақырыбы – әйел теңдігі, айтыста феодалдық заманның
қатал да ащы шындығы бейнеленген. Сол кездегі қазақ әйелдерінің басынан кешкен аянышты да
ауыр хәлі, өмірі айтылады.
Сара Тастамбекқызы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған, жастайынан жетім
қалып өмірдің қиындығын, кедейлік тауқыметін тартады. Ол жасынан сауықшыл, домбырашы,
әнші, күйші ақын қауымында өсіп, өзі де осындай өнер иесі болған. Ол талай ақындармен
айтыстарда оза шауып бәйге алған жүйрік атанған.
4.Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
5.Үйге тапсырма:
5. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
6. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
7. Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
8. Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пән: «Музыка ».
Сабақ тақырыбы:«Қазақтың аспаптық музыкасы»
Сабақта қарастырылатын құндылық: сүйіспеншілік
Қалыптастырылатын қасиеттер: татулық, еңбекқорлық, елгезектік.
Сабақтың типі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік:Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің аспаптық музыка және ән жанры тақырыбы арқылы
ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: домбыра аспабы, тақта, клавиатура, кестелер, фото суреттер,
видео,үн таспа жазбалары.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. З. Қоспақов «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы,Әдебиет.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары»
Өткен тақырып бойынша білім алушылардан ауызша жауап алу.
1.Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларын ата?
2.Эпостың қандай түрлері бар,айырмашылығы қандай?
3. Терме мен желдірменің айырмашылығы.
4. Жыршы мен жыраудың айырмашылығын айтыңыз?
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3.Жаңа тақырып түсіндіру:«Аспаптық музыка және ән жанры».
1.Қазақтың аспаптық музыкасы.
2.Қазақтың көне аспабы-қобыз.
3. Домбыра,сыбызғы,жетіген аспаптарының даму жетістіктері.
4.Қазақтың әншілік өнеріне түсінік беру.
5.Ән мұрасының жанрлары
6. Қазақтың әншілік өнерінің зерттелуі.
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында
орындалатын әуен - саз күй деп аталады.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл
кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің
атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі
өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас,
Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес
қосты.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда
қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп
отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев,
Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен,
рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.
Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар
Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан
Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл
Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан - теңіз.
Домбыра қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй
орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек
сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның
екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар.
Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік - шығыс өңірлерінің домбыралары ел
арасында көп пайдаланылады.
Қобыз ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап
сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың
шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады.
Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында
ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл
қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Жетіген көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті
қазына дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден делінеді.
«Жетіген» деген атау тегінде «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін
дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен
қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.
Шертер шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының
бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті
болып келеді.
Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе
шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді
сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты
сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.
Қобыз ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны
ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын -
жыршылар өз шығармаларын қобызбен сүйемелдей отырып айтады.
Шаңқобыз бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасыда сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз
өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту
арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір
текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған.
Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Сыбызғы қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық
аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай үрлемелі аспатар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі.
Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама - қарсы
жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.
Әншілік дәстүр. Әншілік — үлкен өнер. Қазақ халқының талғам-түсінігі ежелден-ақ
әншілікті айырықша дарын деп есептеп, биік өнерге балаған. Айтулы әншілеріне төрінен
орын беріп, төбесіне көтере әлпештей білген. Бүл, әрине, бір сәттің ғана қолпашы емес,
бір кештің ғана „ой, бәрекелдісі" емес, бүл — халықтың қателеспес талғамы
қалыптастырған ғажайып дәстүрі. Мұндай жақсы дәстүрдің аясы. Ән өнері жеке адам
сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам
қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің
бұл қасиетін:„Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең",—
деп түйіндеген. Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына
айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының
шежірелі сазы бола алған. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып
қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы
белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Қазақ ән-өнерінің тарихи тек-
тамырына әзірше байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қазіргі танымның деңгейі „ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде туған „Елім-ай" әнінен әріге бойлай алмай келеді.
Аспапты музыка ретінде оқшау жанр болып орныққан қазақ күйлерінің мың жылдық,
тіптен одан да көне ("Ақсақ құлан", „Қорқыт", „Ел айрылған", т. б.) тарихының бары
белгілі. Бұл жағдайлар ән өнерінің де тек-тамырын аршуға ынтықтыра түссе керек.
Басқасын былай қойғанда, XVIII—XIX ғасырлар мен XX ғасыр басында дүниеге келген
әндердің тек қана әуендік ерекшеліктеріне ден қойып қоймай, оларды уақытпен
шендестіре қарауға мән беретін кез келген сияқты. Әсіресе, музыка мен сөз өнерінің XIX
ғасырда аста-төк болып ақтарылып, қазақ халқының рухани әлемдегі айырықша
жаңғыруында сыр бар.Қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері дәл қазіргі
жинақталған қыруар айғақтың негізінде басы ашық бес мектепке бөлінеді деп
тұжырымдауға негіз бар.
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектебі.
2. Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектебі.
3. Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектебі.
4. Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі.
5. Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік
мектеп.
Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із
қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяумұса, Ыбырай, Әсет, Жарылғапберлі, Уәйіс,
Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бір-бірінен мейлінше оқшау
бітімдегі әнші-композиторлар.. Бүгінгі күнімізге ту-у сонау VIII ғасырдан Қорқыт
сарындарының жетуі, XIII ғасырдан „Ақсақ құлан" күйінің жетуі, XV ғасырдан
Асанқайғының „Ел айрылған" күйінің жетуі, немесе сонау XVIII ғасырдағы
аласапыранның айғағындай болып „Елім-ай" әнінің жетуі, міне мұның бәрі әлгі айтқан
озық дәстүрдің айғағы. Озық дәстүр қашан да өміршең, ол халықпен бірге жасайды.
Қысқасы, мәселенің мәні, ән өнерінің жанрлық, түрлік, әуендік қасиеттері тек қана ауыз
әдебиетімен қабаттаса жіктелуінде емес. Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-
салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны аян. Бақсы ойыны, қыздың
сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтлуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі
сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған. Сол ән-әуендердің жанрлық, түрлік, өлшемдік бітімдері
таза музыкалық сарапқа түсіп, таза музыкалық белгілері анықталуға тиіс. Сонда ғана ән
өнерінің төл бітімі халықтың тарихи түлғасымен түтастықта таныла-ды. Танылып қана
қоймайды, бүгінгі және болашақтағы музыкалық тілдің бағыт-бағдарына мұрындық
болады.
Қазақ халқының әншілік, күйшілік өнерінде Ғазиз, Уәйіс сияқты, Мүхаметжан,
Шашубай сияқты, Дайрабай сияқты бірлі-жарым әнімен немесе күйімен ел есінде қалған
саңлақ өнерпаздар бар. Көп ретте осындай әнші-күйшілердің кім екеніне, қашан, қай
ортада өмір сүргеніне жеткілікті мән беріліп те жатпайды.
4.Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
5.Үйге тапсырма:
9. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
10. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
11. Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
12. Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.
Күй
жанрлары
Аңыз
күйлер
Жыр
күйлері
Тарихи
күйлер
Лирикалы
қ күйлер
Шертпе
күйлер
Төкпе
күйлер
Халық
күйлері
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пәні:Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы:«Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың
негізгі кезеңдері мен әдістері»
Сабақта қарастырылатын құндылық: Білім, білік және дағдыны игерту.
Қалыптастырылатын қасиеттер: сүйіспеншілік
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Халық музыкасы туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік: Қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: қобыз,домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио
матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің
ықпалымен дамуы туралы.
3.Жаңа тақырып түсіндіру. Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың
негізгі кезеңдері мен әдістері
Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт
кезеңге бөлуге болады:1)мұғалімнің кіріспе сөзі; 2) алғашқы тыңдау; 3)шығарманы
талдау; 4) шығарманы қайталап тыңдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару
мақсатында болу керек. Тыңдатылатын музыканы мазмұнын толық ашып баяндап берудің
қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түйсіну, елестету қабілеттерін
дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап
отырғанда нені байқайсындар, музыка нені баяндар екен, көз алдарына нені елестетер
екенсіндер деген сияқты қызықтыра, ыңталандыра түсетін тапсырамалар берген дұрыс,
мұндай тапсырмалар оқушылардың бойындағы қиялын, шығармашылық қаситеттерін
дамытады.
1)кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы - сазгер туралы қысқаша
түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні
мұғалімдері тыңдататын шығарманың композиторлары турлаы толық дәріс оқып, туған,
өлген жылдарын, оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе
бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтардыеске сақтай алмайды, қайта
олардың музыка тыңдауға деген ынтасы, зейіні түсіп кетеді. Сондықтан, сазгер турлаы өте
тиянақты, қысқаша мағлұмат берілгені дұрыс. Оқулықтағы немесе музыка кабинетіндегі
портретін көрсетіп таныстырып кету артықтық етпейді:
Мысалы, 1-сыныпта қобыз үнін тербеткен «Ықылас» туралы оқулықта берілген мағлұмат
жеткілікті, ал 2-сыныпта Тәттімбеттің «Саржайлауы» немесе Қорқыттың «Ұшардың
ұлуы» күйлерін тыңдатқан кезде Тәттімбеттің күй тарту ерекшелігіне тоқтала кетіп, ол
Қазақстанның шығысының күйшісі екендігін, Құрманғазы екеуінің күй тарту шеберлігінің
айырмасын түсіндіре кету қажет. Қорқыт ата қазақ халқының күй өнерінің алғашқы
негізін қалаған «күй атасы» екендігін, оның «Қорқыт» аты туралы аңызбен таныстырып
«Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген мақалмен байланыстыра кетуге болады. Әрине әр
сазгердің шығармасына байланыстыра әдемі де нақты сөйлем құрастырып, жымдастыра
білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
2) музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға
тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын
талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды
қалыптастыру керек. Егерде бір адам тыныштықты бұзса, ол барлық оқушылардың
тыңдауына кесел келтіріп қана қоймайды, ол адам осы музыкалық шығарманы, және оны
шебер орындаушыны сыйламайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін көрсететінін
оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз.
Бөлмедегі тыныштықты қалыптастыру мұғалімнің тыңдатылатын музыкаға деген
оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, зейінін ұйымдастыра білуіне байланысты.
Музыка ойланып жатқанда мұғалімнің өзі де бір орында отырып, не тұрып қозғалмай
тыңдауы керек, әйтпесе оның сәл қимылы, қағаздарды қозғауы, әрлі-берлі жүруі-
оқушылардың көңіл бөліп тыңдау процесіне кері әсер етеді. Мұғалім тыңдап отырған
оқушылардың әр қайсысын зейін салып бақылап кімнің қаншалықты тыңдап отырғанын
байқап, айыра білуі керек.
Кейбір оқушы тып-тыныш отырғанмен қойған сұрақтар арқылы оның мүлдем
тыңдамағанын байқауға болады. Мұндай оқушылардан көбірек сұрап, үнемі қадағалап,
музыка тыңдауға бүкіл ойын-зейінін, ынтасын жұмылдырып отыру керек. Магнитофон
немесе күй табақтан музыка дыбысының таза шығуын, сондай-ақ мұғалім өзі ойнап
тыңдатқан кезде де музыканың әдемі, мәнерлі, таза қатесіз орныдалуын қамтамасыз ету
керек.
3) музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі.
Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. М.Горький:
«Музыка туралы сөзбен айтыпжеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай»
дегендей музыкалық шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға
болады.
Бірінші сынып оқушылары көңілді, мұңлы деген ұғымдардан бастап, кейін бірте-бірте,
қуанышты, шатты, көтеріңкі, жігерлі т.б., ұластыру; мұңлы деген ұғымға; қайғылы; қатты,
ойлы, дабылды, құпия сырлы, т.б ұқсас түсініктер қалыптасады.
Музыканың, ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу
кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей
болып қойылуы керек.Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма?
Оқушыларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембіріне қарай айыра
білуге тәрбиелейміз. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы
аспаптардың қайсысымен орындалып тұр деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қою арқылы
жүргізуге болады.
Ал дыбыс жоғарылықтарын айыра білуге дағдыландыру мақсатында бұл шығарма
(музыка) қандай дыбыстармен орындалып тұр, төмен (жуан)дыбыстармен бе, әлде жоғары
(жіңішке) дыбыстармен бе, дауыспен орындалып тұр ма, әлде аспаппен орындалып тұр ма
деген сұрақтар қоя отырып, дыбыс жоғарылықтарын сезінуге бірте-бірте үйретеміз.
Музыкалық шығарманы тыңдата отырып оқушының музыкалық сауаттылықтарын
арттырамыз, музыканың жанры туралы түсініктерін кеңейтеміз. Мысалы: марш
екпініндегі музыкалар, би жанрындағы әндер,күйлер тыңдату арқылы осы жанрлардың әр
қайсысының ырғақтық, әуендік ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіндіреміз. Дыбыс күшін,
ырғағын, сазын, құрылымын талдау арқылы музыканың мәнерлеу ортасымен танысады.
Осы сауаттылықтарды меңгерту тыңдатылатын шығармалардың барысында жүріп
отырады да, сол шығармаға тығыз байланыстырылған болу керек.
Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркемсуретпен үнемі байланыстырып
отырудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдерәр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық
шығармаға байланысты көркемсуреттер қолданып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған
музыканың мазмұнын түсінбей тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады
деген ұғым. Көркемсуреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың
қабылдауын қиын, мазмұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу
құралын пайдалануға болады. Тыңдатылатын музыкалық шығарманың мазмұнын түгел
бейнелеп қоймай, тек сол тақырыпқа жалпы байланыстырылған көркемсуреттерді
қолдануға болады. Мысалы: табиғатқа байланысты «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлерін
тыңдатқан уақытта, қазақ даласының әсем табиғатын бейнелейтін жалпы көріністік
көркемсуретті, аспаптар мен таныстыру мақсатында тыңдатылатын шығармаларға ( күйге
) байланысты аспаптар суреттерін (қобыз, жетіген, сыбызғы, үскірік, т.б) оркестрлерімен
таныстыру барысында оркестр құрамындағы аспаптар суреттерін қолдануға болады.
1-сыныпта халық күйі « Нар идіргенді» тыңдатқанда дәл осы күйге байланысты
көркемсуретпен баяндалған көрнекілік қолданылса, оқушылардың өздерінің түсініктері,
өз пайымдаулары тек суретке байланысты қалыптасады, бұдан олардың шығармашылық
қабілеттері дамымайды. Немесе 2-сыныпта Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы», халық күйі
«Елім-ай» т.б күйлерді тыңдаған кезде оқушылардың өз қиялы, елестетуі бойынша
түсінгендерін айтқызу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
Ал осы қиялдарын, түсініктерін көркемсуретпен бейнелеуді немесе әңгіме құрастыруды,
өлең сөздерімен баяндауды т.б оқушылардың бойларындағы шығармашылық қабілеттерін
дамыту мақсатында үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
4) музыкалық шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі сол шығарманы қайта тыңдау болып
табылады.
Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы (күйді, әнді,
симфонияны, балетті) тереңірек түсінуі, қабылдауы үшін, шығарманы жақсы көріп, есте
сақтауы үшін өте қажет. Қайталап тыңдау арқылы оқушылар музыкалық шығарманың
мазмұнын, құрылымын жақсы түсіне бастайды, сол музыканы сүйіп тыңдауға
дағдыланады. Бір рет тыңдағанда оқушылар әлі ештеңені пайымдай алмай, естеріне
ештеңе сақтай алмай қалады, ал қайталап тыңдау арқылы олардың көздері ашлып,
музыкалық шығарманы саналы түрде түсініп талдай алатын жағдайға келеді. Бір рет
тыңдау кезіңде оқушылар ол тыңдаған ол тыңдаған музыка туралы ештеңе айта алмайды,
ал бір-екі рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікілерін жеткізе алатын болады.
Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым оқушылардың естерінде
сақталу мүмкіндігі нақты болады да, келесі тыңдатылатын музыкалық шығармалардан
айыраалатын қабілеттері артады. Әрине, бастауыш сыныптарда, әсіресе 3-4-сыныптарда
музыка пәні 1 сағаттан өткізілетін болғандықтан, бір сабақтың музыка тыңдау бөлімінде
музыкалық шығарманы қайталап көп тыңдауға уақыт жетпейді, әйтседе мұғалім
музыкалық шығарманы бір рет тыңдатып қана қоймай қайталап тыңдауды ұйыдастыруы
керек.
Ал, оқушыларға музыкалық шығармаларды тереңірек, көбірек тыңдату үшін музыканың
сыныптан тыс сабақтарын, үйірмелер, концерттік сабақтарын ұйымдастырып отыру
керек.Оқушылардың жан-жақтылығын, музыкалық мәдениетін дамыту барысында радио-
теледидарлардан музыкалық шығармаларды тыңдатып отырудың рөлі зор.
4.Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
5.Үйге тапсырма:
13. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
14. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
15. Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
16. Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пәні:Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы:«Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық құралдар
қолданудың әдістері»
Сабақта қарастырылатын құндылық: Білім, білік және дағдыны игерту.
Қалыптастырылатын қасиеттер: сүйіспеншілік
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Халық музыкасы туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік: Қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: қобыз,домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио
матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің
ықпалымен дамуы туралы.
3.Жаңа тақырып түсіндіру.Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық
құралдар қолданудың әдістері. Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей
тыңдау-негізгі көрнекілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде
тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар
арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбаларының
дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек.Музыка
тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін арнайы жабдықталған музыка бөлмелері
міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде композиторлар портреттері, музыка
ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор
ұжымдарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т.б. болғаны
оқушылардың тыңдау кезіңде музыкалық сауттылықтарын толықтырып отыруларына
әсері бар.
Оқушыларға симфониялық шығармалардан, опера, балеттерден үзінділе (фрагменттер),
халық әндері, термелер, т.б магнитофон немесе грампластинкалардан тыңдату арқылы
шығарманы қабылдау мүмкіндігін пайдалана отырып, экраннан орындаушының бейнесін,
сазгер бейнесін немесе опералық спектакльдерден, балеттерден, симфониялық оркестр,
ұлт-аспаптар оркестрі, т.б үзінділер көретіп отыруға толық жағдай бар. Ал,тыңдаған
шығарманың дыбыс тембрін, әуен құрылымының әдемілігін, әр түрлі аспаптар
дыбыстарының айырмашылығын айыру арқылы оқушылардың есту мәдениеті дамиды.
Көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру
үшін:
1. Музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылған талаптарды ескеріп,
оқушыларға жан-жақты тәрбиелі білім берумақсатында оқу процесінің деңгейін тек
жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде
өткізу арқылы жүргізу керек.
2. Музыка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу (көркем
суреттерді), телеэкранды т.б тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да
сапалы, нақты деңгейде болады.
3. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық
шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қабілеттерін дамытамыз,
музыкалық бейнелерді қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық
білім деңгейлерін, ойлау, түсіну, сезімдерін бойларындағы шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін дамытамыз.
4. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау мүмкіндіктерін жақсарту үшін
міндетті түрде қолдану керек:
a) Көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюралар, журналдар, т.б)
b) Техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, теле-бейне құрылғылар, т.б)
5. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде негізгі рөл атқаратын жан-
жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек.
Музыка пәнінің мұғалімі осы техникалық құралдармен жұмысты тиімді жүргізе білуі
керек. Әсіресе, музыканы магнитофон таспаларынан тыңдату барысындатыңдатылатын
шығарманы алдын ала дайындап, магнитофонды қосқан кезде дәл сол шығарма
ойнатылатындай дәрежеге әкеліп қою керек.
Музыканың үнін бірден қатты шығармай, дыбыс күшейткішті бірте-бірте көбейту
арқылы өз деңгейіне жеткізу керек. Музыканың үнін өте қатты шығару оқушылардың
музыкалық шығарманы сүйсіне тыңдауына кедергі келтіреді.Ал музыкалық
шығармаларды күй табақтан тыңдатқанда тыңдатылатын шығарманың басталатын жерін
алдын ала белгілеп, дыбыс күшейткішті басып қойып, шығараның сол екендігіне көзі
жеткеннен кейін ғана дыбысты біртіндеп қосу керек. Сонымен қатар, мұғалім
тыңдатылатын музыкаға байланысты компьютер арқылы немесе плакаттар арқылы,
көркемсуреттер қолданылатын болса алдын ала дәл кезінде ғана пайдаланатындай етіп
дайындап қоюы керек.Ал, қолданылып болғаннан кейін суреттерді жинап,
компьютередегі бейнені айырып тастау керек. Бұлардың барлығы оқушыларды көңілдерін
алаңдатпай зейіндерін тиянақты білімге, тыңдауға жұмылдыруы үшін өте қажет.
Сондықтанда мұғалім әр көрнекілікті, техникалық құралдарды тиімді қолдана білуге
өзінде қалыптастырып отыруы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Музыка тыңдау әдістерінің мақсаты мен міндеті нені көздейді?
2. Музыка тыңдауға қандай талаптар қолданылады?
3. Музыка тыңдату үшін репертуарларды қалай таңдау керек?
4. Музыкалық шығармаларды қабылдаудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?
5. Музыка тыңдатуға қандай көрнекіліктер мен техникалық құралдар қолданылады?
6. Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытамыз?
Тапсырмалар:
4.Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
5.Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
1.Әр сыныпта тыңдалатын музыкалық шығармаларға байланысты түсініктемелер
жинақтау.
2.Музыка тыңдаудың кезеңдеріне байланысты ережелер кестесін құру.
3.Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
4.Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пәні:Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы:«Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту әдістері»
Сабақта қарастырылатын құндылық: Білім, білік және дағдыны игерту.
Қалыптастырылатын қасиеттер: сүйіспеншілік
Сабақтың типі: Жаңа білім,біліктілік дағдыны игерту.
Сабақтың мақсаты:Халық музыкасы туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік: Қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің қазақ музыкасының негізгі жанрлары
тақырыбы арқылы ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: қобыз,домбыра аспабы, кестелер, фото суреттер,слайд,ведио
матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыка тыңдау әдістерінің мақсаты мен міндеті нені көздейді?
2. Музыка тыңдауға қандай талаптар қолданылады?
3. Музыка тыңдату үшін репертуарларды қалай таңдау керек?
4. Музыкалық шығармаларды қабылдаудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?
5. Музыка тыңдатуға қандай көрнекіліктер мен техникалық құралдар қолданылады?
6. Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытамыз?
3.Жаңа тақырып түсіндіру. Музыка тыңдау арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері
Әр адамның бойында өзіне тән қасиет болады, әрине ол өз ата-бабасынан немесе ата-
анасынан әр балаға әр тыңдаған музыкалық шығармаларүрлі берілуі мүмкін.
Ал осы қасиетті, сол қабілетті одан әрі дамытпаса ол дамымай қалуы мүмкін. Бала
мектепке келгеннен кейін олардың бойындағы қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу ұстаздың
міндеті.
Мектепке дейін балалардың бойларындағы қабілеттері балабақшада немесе отбасында
оянып, сол қабілеттерін көрсете білген балаларда болады. Жалпы балалардың барлығы,
әринемектепке келгенде бірдей дамып келмейді. Бойында ешқандай да қабілеті жлқ адам
болмайды, әсіресе «әу» демейтін адам болмайды, сондықтан да олардың бойларындағы
өнердің қай саласына бейім жатқан қабілеттерін дамыту үшін музыка сабағын жүйелі
қызықты өткізу, соныңішінде музыка тыңдау, оқушылардың сезім пернелерін ояту
арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.Кейбір оқушылар
көркемсуретке, қайсыбірі ән айтуға, би билеуге, аспапта ойнауға бейім болса, кейбір
оқушылардың бойында ақындық, жазушылық, актерлық таланттар бұғып жатуы
мүмкін.Қайнар бұлақтың көзін ашқандай баланың бойындағы осы қабілеттерін дамытуға
болады. Сабақ соңында қайталап тыңдау, оқушылардың өз қиялын нақтыландырып
тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тыңдаған музыкалық шығарманың
әуенің еске сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай бейнелей лады, сол
бойынша суретпен бейнелуге, әңгіме, өлең шумақтарын құрастыруға, мүсіндеуге
болатындығын үйге тапсырма беру арқылы дамытамыз. Осылау тапсырма беруді әдетке
айналдырып, оқушылардың қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында үнемі
қадағалап отырғанда оқушылардың қайсысының бойында қандай қасиет бар екендігін
байқап, болашақта әр баланы қай салаға қарай бейімдеуіміз керектігін білеміз.
1. Музыка тыңдау әдістерінің мақсаты мен міндеті нені көздейді?
2. Музыка тыңдауға қандай талаптар қолданылады?
3. Музыка тыңдату үшін репертуарларды қалай таңдау керек?
4. Музыкалық шығармаларды қабылдаудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?
5. Музыка тыңдатуға қандай көрнекіліктер мен техникалық құралдар қолданылады?
6. Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытамыз?
5.Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
1.Әр сыныпта тыңдалатын музыкалық шығармаларға байланысты түсініктемелер
жинақтау.
2.Музыка тыңдаудың кезеңдеріне байланысты ережелер кестесін құру.
3.Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?\
4.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
5. Әншілік дәстүрдің мектебі.
6. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
6. Қорытындылау, бағалау.
Сабақ жоспары №
Тобы
БК-315
БК-320
Күні
Пән: «Музыка ».
Сабақ тақырыбы:«Дәстүрлі күйшілік өнер»
Сабақта қарастырылатын құндылық: сүйіспеншілік
Қалыптастырылатын қасиеттер: татулық, еңбекқорлық, елгезектік.
Сабақтың типі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік:Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларын меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттердің аспаптық музыка және ән жанры тақырыбы арқылы
ұлттық дәстүрді арттыру.
Тәрбиелік: білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: домбыра аспабы, тақта, клавиатура, кестелер, фото суреттер,
видео,үн таспа жазбалары.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. З. Қоспақов «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы,Әдебиет.Тарих.
Сабақ жоспары
VI. Ұйымдастыру кезеңі
VII. Үй тапсырмасын тексеру.
VIII. Жаңа тақырып түсіндіру.
IX. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
X. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары»
Өткен тақырып бойынша білім алушылардан ауызша жауап алу.
1.Қазақтың аспаптық музыкасы.
2.Қазақтың көне аспабы-қобыз.
3. Домбыра,сыбызғы,жетіген аспаптарының даму жетістіктері.
4.Қазақтың әншілік өнеріне түсінік беру.
5.Ән мұрасының жанрлары
6. Қазақтың әншілік өнерінің зерттелуі.
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3.Жаңа тақырып түсіндіру. Дәстүрлі күйшілік өнер
Күй бағдарлы мазмұны бар, көркемдік жоғары аспаптық жанр. Күйде табиғат құбылыстары («Алатау»,
«Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айрылған», «Кішкентай», «Жеңіс»), халық
мерекелері ( «Той бастар», «Балбарауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр-қаз», «Торжорға», «Көкала
ат»), аңыз-ертегілер «Мұңлық-Зарлық», аламдар «Байжұма», «Абыл» ,адам сезімдері «Қуаныш»,
«Сағыныш» , т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай
аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психолиялық күйлер болып
жіктеледі.
Күй өнеріне XVIII ғасырдың соңына қарай үлес қосып атағы халыққа танымал болған Байжұма,
Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет, сияқты күйшілер болса, XIX ғасырда ежелгі күйшілік
өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Ықылас, Байсерке,
Қазанқап, Сейтек, Дана, Сүгір сияқты ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлкрі орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп
аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.
Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуі мен төгіліп, екпіндетіп
орындалады.
Шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып бір ішекпен, оң қол саусақтарының ұшымен
орындалады.
Ұлт-аспаптық музыкада сыбызғы мен шеттерде орындалатын күйлер де сақталған. Сыбызғышы-күйші
Сармалай есімі бүгінге дейін ел есінде. Көне шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады.
Аспаптың өзіндік үні мен орындау мәнері бұл күйлерге ерекше бояу береді.
Қазақтың халақ аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылыр Дина
Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мұхитов,
т.б. сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Құрманғазы
(1818 1889 жылдар шамасы)
XIX ғасырдың аса көрнекті сазгері, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол
өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам.
Қаршадайынан әділетсіздікпен алысып, азапты ғұмыр кешті. Құрманғазы өзі басынан кешкен өмері мен
халықтық мәселелерді “Кішкентай” атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңынан дейін күй тілімен
жырлап өтті.
Құрманғазының Кішкентай” күйі Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған.
Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін, еркіндікті аңсаған ел мен ерлер
бейнесін айқын суреттеп берді.
Құрманғазы күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы
күрескен дара тұлға. Оның “Серпер”, “Сарыарқа”, “Адай”, “Балбырауын”, “Ақбай”, “Көбік шашқан”, “Кісен
ашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Қайран , шешем”, “Аман бол , шешем , аман бол” және т.б. көптеген күйлері
асыл мұралар.
Дәулеткерей
(1820 1887 ж.ж.)
Дәулеткерей Шығайұлы қазақтың күйшілік өнерінде өзіндік үнімен, ерекше музыкалық тілімен
танылған үлкен өнер иелерінің бірі. Дәулеткерей қазақтың хандық дәуірінде билік еткен төре тұқымы.
Алайда Дәулеткерей төрелік билікті емес, күйшілік өнерді өзіне мұрат тұтты. Ол өзінен бұрынғы Соқыр
Есжан, Байжұма, Мүсірәлі тәрізді күйші домбырашылар өнерін өнеге тұта отырып, күйшіліктің өзіндік
жеке мектебін қалыптастырды.
Дәулеткерей күйлері Құрманғазы күйлерінен өзгеше. Оның күйлерінің дені адамның жабырқаған
көңілін жұбатып, жан дүниесін жадырататын, сезімін сергітетіндей сәулелі де, шуақты болып келеді. Ұлы
күйші домбыраның үнімен, күй өнерінің құдірет-күшімен халық басындағы қайғы-қасірет бұлтын
сейілтуді мақсат еткендей.
Айшықтты әуендермен ұлттық сипатта кестеленген Дәулеткерейдің “Байжұма”, “Тартыс”, “Бұлбұл”,
“Желдірме”, “Жігер”, “Көрұғлы”, “Көркем ханым”, “Қосалқа”, “Құдаша”, “Топан”, “Қыз Ақжелең” және т.б.
көптеген күйлері табиғаттың өзіндей сұлу да сыршыл, сезімтал да сергек.
Тәттімбет
(1815 1862 ж.ж.)
Тәттімбет Қазанғапұлы - Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңіріне кең танылған,
шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші-сазгерлердің бірі.
Тәттімбет дәулескер күйші болуымен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде
әлеуметтік өмірге өз қөзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған сазгер. Ол замандастары:
Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындарымен,
Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілермен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс,
Шорманның Мұсасы сияқты игі жақсылармен тығыз қарым-қатынаста болған.
Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Хасенов орындауында жетіп отыр.
Тәттімбеттің қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік: “Бес Төре”, “Былқылдақ”, “Қосбасар”
күйлерінің көптеген нұсқалары, “Қоянды”, “Көкейкесті”, “Майда сары”, “Сары қамыс”, “Сары өзен”,
“Саржайлау”, “Сары атан”, “Сылқылдақ”, “Тепеңкөк”, “Терісқақпай” сияқты тағы басқа көп күйлері
ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.
Абыл
(1820 1892 ж.ж.)
Абыл Тарақұлы Маңғыстау түбегінің Оймауыт, Желтау деген жерінде дүниеге келген.
Дәулетті отбасынан шыққан Абыл күнделікті күйкі тірліктен гөрі өнер әлеміне, рухани дүниеге бейім
болып өседі. Хиуа, Қарақалпақ, Түрікмен өнерінің күйшілік жете меңгерген Абыл күй өнеріндегі
“Алпыс екі тармақты Ақжелең” цикілін барынша дамыта білген шоқтығы биі күйші-сазгер атанды.
Абыл Маңғыстаудың Құлшар, Боғда сынды күйшілерімен, Балапан ақынмен жақын араласып, өнерін
ұштастырған.
Абыл – күйментуған елдің тағдырын, табиғатын, болмыс-бітімін шегіне жеткізе суреттеген
ойшыл күйші.
Оның терең мазмұнды “Абыл”, “Ақжелкен”, “Ақсақ құлан”, “Кеңес”, “Нарату” атты күйлері
жие орындалады.
Ықылас
(1843 1916 ж.ж.)
Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулиетінен шыққан. Өз әкесі
Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.
Ықылас Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған. Ықыластың күй
өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттерінен жалғасын тапты.
Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас – “Айрауық”, “Аққу”,
“Асан қайғы”, “Ерден”, “Бозторғай”, “Қасқыр”, “Саржан төре”, “Шақыру” сынды күйлер қалдырған тамаша
сазгер.
Қазанғап
(1854 1927 ж.ж.)
Қазанғап Тілепбергенұлы – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Арал теңізі маңындағы Ақбауыр деген
жерде туып өскен.
Қазанғап жастайынан домбыра тартып, сол өмірдің Төреш, Орынбай, Құрманияз, Үсен төре сияқты
әйгілі күйшілерінен күй үйренген, нағыз өнер мектебінен өткен шебер күйші. Ол Үстірт, Маңғыстау,
Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Орынбор төңірегін еркін аралап күйшілік дәстүрдің алуан қырына қанып шыққан
тал,ампаз өнер иесі. Қазанғап небір тарлан таланттармен күй тартысып, күй өнерінің қиын сырынан
сүрінбей өтеді.
Қазанғап күйлерінің сары-сазы оқшау тұрған,орындалу тәсілдері дараланған қазақ күй өнеріндегі
шоқтығы биік, ірі тұлға. “Ақжелең”, “Кербез Ақжелең”, “Домалатпай”, “Қаратас”, “Бөгелек”, “Он сегіз
жасар балжан қыз”, “Балжан әйел”, “Күй басы”, “Құс қайтару”, “Шырылдатпа” және т.б. күйлер қалдырған.
Дина
(1861 1955 ж.ж.)
Дина Нүрпейісова – Орал облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина Нүрпейіс келіні –
бала кезіне күйшілік өнерге аса ынтық көңілмен зер салып, Дәулеткерей, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан,
Байжұма, Баламайсан күйлерін шебер меңгеріп, “Домбырашы қыз” атанған әйгілі күйші-сазгер.
Динаның күйшілік өнерін естіген Құрманғазы Динаны әдейі іздеп келіп, домбырашылдығына
сүйсініп , батасын берген. Содан Құрманғазы он жалдай ұстаздық етіп Динаны күйшілікке баулыған.
Кейінне Дина Құрманғазы күйлерін халық арасына кеңінен таратып, қалың жұртшылыұтың көңілінен
шығады.
Қазақ жерінің Батыс өңірінің күйшілік өнерін түгел меңгеріп, Құрманғазының өнердегі өршілдігі мен
Дәулеткерейдің сырбас сыршылдығын қос қанаты еткен Дина күйшілікте өз қолтаңбасын қалдырды.
Оның “Әсем қоңыр”, “Бұлбұл”, “Домалатпай”, “Науысқы”, “Он алтыншы жыл”, “Сегізінші март”,
“Сағынышы”,“Тойбастар” және т.б. көптеген күйлері – өазаөтың аспаптық музыкасының алтын қорына
қосылған құнды шығармалар.
Сүгір
(1882 1961 ж.ж.)
Сүгір Әлиұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Сүгір өзінен
бұрынғы шертпе күй дәстүрін жалғастырумен бірге, күйшілік өнерде қайталанбас із қалдырған өнер иесі.
Сүгірдің әр бір шығармасы тек сол туындыға ғана тән ерекше сипаттама. Оның лирикалық әуезді күйлері
бірде Арқаның ән-әуен саздарымен үндессе, енді бірде Оңтүстік Қазақстан өңірінің күйлерімен сарындас
келеді. Әр түрлі күйшілік мектеп үлгілерін бойына сіңірген Сүгір өз шығармалары арқылы күй өнерінің
жаңа үлгісін жасады.
Сүгір өзінің “Телқоңыр”, “Майда қоңыр”, “Жолаушының жолды қоңыры”, “Назтолғау”,
“Кертолғау”, “Қосбасар”, “Аққу”, “Бес жорға”, “Шалқыма”, т.б. күйлері арқылы қазақ күй мұрасына өзгеше
үлес қосқан күші.
Сүгірдің күйшілік мектебі үлгісінде көптеген күй өнерінің шеберлері өсіп жетілді. Сүйгір
күйлерін ел арасында кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпақтап кәдесіне асырған оның айтулы шәкірті, әйгілі
күйші Төлеген Момбеков.
Төлеген Момбеков
(1919 1997 ж.ж.)
Төлеген Момбеков Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Сызған ауылында дүниеге
келген. Төлеген Момбеков – қазақтың ұлттық музыка мәдениетіне зор үлес қосқан дарынды сазгер-күйші.
Қаратау өңірінің күйшілік өнерін жетік меңгерген Төлеген өз жанынан 40-тан астам күй
шығарған ерекше талант иесі.
Ол Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, Сүгірлермен қалыптастырған күйшілік мектептің көрнекті өкілі,
оны әрі қарай дамытушы. Төлегеннің “Мешін”, “Ел жаңа”, “Өрлеу”, “Салтанат”, “Боз інгеннің бүлкілі”,
“Қосбасар”, “Қаратау шертпесі” атты күйлері күй өнерінде сирек кездесетін, аса терең мазмұнды, біртуар
туындыларға айналды.
4.Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2.Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?
5.Үйге тапсырма:
17. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
18. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
19. Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
20. Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.
Күй
жанрлары
Аңыз
күйлер
Жыр
күйлері
Тарихи
күйлер
Лирикалы
қ күйлер
Шертпе
күйлер
Төкпе
күйлер
Халық
күйлері