Технологическая карта "«Менің Отаным» тәрбиеші әңгімесі"

«Жұлдыз» ІІ-ші сәбилер тобында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
технологиялық картасы
Күні: 14.12.18ж
Білім беру саласы: әлеуметтік орта,қатынас
Бағдарлама тарауы: Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Тақырыбы: «Менің Отаным» тәрбиеші әңгімесі.
Мақсаты: балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейте отырып, сурет бойынша әңгіме құрай
білуді жетілдіру, байланыстырып сөйлеу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, Отанға деген
сүйіспеншілік сезімге баулу, достыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: тақырыпқа сай суреттер.
Билингвизм: Отан- Родина, туған жер-родная земля.
Әрекет кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -
қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
Кел, балалар, күлейік,
Күліп өмір сүрейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
Балалар шеңберге тұрады, іс –
қимылдарын жасайды.
Іздену -
ұйымдастырушыл
ық
2.1.Отан туралы алғы сөз.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!
-Балалар не туралы тақпақ оқыдым?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.2. Тәрбиеші әңгімесі:
-Балалар, мен оқыған өлең жолдарында
Отан , туған жер туралы айтылады. Біздің
Отанымыз-Қазақстан.
Отан- біздің туып –өскен жеріміз.
Оның астанасы-Астана қаласы. Отан,
туған жер, туған ел өте кең - ұғым. Оған-
біздің қаламыз, өзен-көлдеріміз, орман-
тауларымыз жатады(суреттерін көрсету).
Біз Отанымызды қастерлеп, бағалай
білуіміз керек. Оны біз анамыздай
қадірлеп, сүйеміз. Себебі, Отан осында
тұрып жатқан барлық адамдардың- анасы.
Әр адамның туып-өскен жері, Отаны өзіне
ыстық көрінеді. Отанға қатысты мынадай
мақалдар бар, оны жаттап алайық.
-Отан оттан да ыстық.
-Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2.3. Сергіту сәті «Отанымның аспаны».
-Тақпақ Отан туралы.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан
деп аталады.
Балалар әңгімені зейін қоя
тыңдайды.
Балалар суреттерге назар
аударады.
-Отан оттан да ыстық.
-Отан үшін отқа түс,
күймейсің.
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын.
Отанымның аспаны,
Ашық болсын әрдайым.
Шаттық сыйлап, бәріне,
Күнім тұрсын көгімде.
2.4. Д/о «Кім көп біледі?».
Шарты: тәрбиеші балаларға допты бере
отырып, әңгіме мәтініне сай сұрақтар
қояды.
-Медина, бүгін не туралы әңгімеледік?
-Бектұр, біздің туған жеріміз қалай
аталады?
-Тоғжан, туған жерге нелер жатады?
Балалар мәтінге сай іс-
қимылдарды жасайды.
Балалар ойын шартына сай
сұрақтарға жауап береді.
-Біз бүгін Отан туралы
әңгімеледік.
-Біздің туған жеріміз -
Қазақстан деп аталады. Туған
жерге- біздің қаламыз, өзен-
көлдеріміз, орман-тауларымыз
жатады.
Рефлексивті -
корригиялық
3. «Туған қалам Семейім» әнін тыңдап, би
билеу.
Балалар ән әуенімен би билеп,
көңілдерін көтереді.
Болжамды нәтиже:
Білуі керек: балалар «туған өлке» ұғымының туған жерге, туған қалаларына қатысты екенін
білулері керек.
Қалыптасқан әдет: балалар туған өлке жайлы өз білгендерін ортаға салып, әңгімелеуге
талпынады.
Істей біледі: балалар туған жерді құрметтеу, қадірлеу керектігін біледі.