Ортақ тақырып "Менің мектебім"
Пәні:Әдебиеттік оқу
Сабақ: Аламын білім кітаптан
Мектеп: №33 орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Тасбалтаева Айбибі Өркенқызы
Сынып: 2
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Ортақ тақырып:
Менің мектебім
Осы сабақтың оқу
мақсаттары
2.2.1.2. Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
2.2.1.1. Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу
Сабақтың мақсаты
Барлығы:.
Мәтінді тұтастай жүргізіп оқиды, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға
жауап береді.
Көбі:
Мәтіндегі кейіпкерлерді атайды және мінездеме береді.
Кейбірі:
Мәтінді құрылымдық бөліктерге ажыратып, ат қояды, рөлге бөліп оқиды.
Бағалау
критерийлері
• Мәтінді түсініп оқиды
• Кейіпкерлерге мінездеме береді
• Мәтінге ат қояды, бөлімдерге бөледі.
• Мәтінді бөліктерге бөліп, негізгі ойды анықтайды.
Құндылықтарды
дарыту
Мәтіндегі негізгі ойды ашық сұрақтар беру арқылы аша отырып, мектептегі
кітапханамен байланыс орната отырып, өмір бойы білім алуға, ашықтыққа,
еңбек пен шығармашылыққа дағдыландырамын.
Пәнаралық
байланыс
Дүниетану, жаратылыстану, музыка.
АКТ қолдану
дағдылары
Видиожазба , таныстырылым.
Тілдік мақсаттар
Мәтін, мәтіннің бөліктері (басы, ортасы, аяғы), жоспар, кітап, кітапхана,
ақыл-білім.
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білу ,түсіну, қолдану.
Алдыңғы оқу:
Өздерінің жақсы көретін пәндері, сүйіп оқитын ертегілері туралы баяндай
алады.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Дерек көздері
Ресурстар
Басталуы
Психологиялық ахуал
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Жақсы білім алуға
Алға қадам аттаймыз,
Әдебиет сабағын бастаймыз.
«Миға шабуыл» (Мұғалімнің кіріспе сұрақтары)
- Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ішінде сендерге таныс кітаптар бар ма?
- Өздерің қандай кітаптарды, ертегілерді
оқығанды ұнатасыңдар?
Кітап суреттері
Оқу құрал жинағы
- Мектепте қандай пәнді сүйіп оқисыңдар?
Неліктен?
- Мектеп кітапханасынан кітап аласыңдар ма?
- Кітапханада кім сендерге қызмет етеді?
- Кітап бізге не береді? (оқушылардың жауабы)
- Олай болса біз бүгінгі сабақта кітаптың
пайдасы туралы білетін боламыз.
Топқа бөлу
1-топ Ертегілер
2-топ Әңгімелер
3-топ Өлеңдер
Ортасы
Ұжымдық жұмыс
• Мәтінді іштей оқу
• Әр топ өздеріне берілген бөлікті оқу, топта
талқылау.
• Тауып оқу: Атасының немересіне ақыл айтқан
тұсын тауып оқу.
• Сұрақтарға жауап беру
- Атасы немересіне не алып келді ?
- Атасы немересіне неліктен кітапқа ықтияттап
қарасын деп айтты?
- Сәлім атасына қандай ойын айтты?
Сергіту сәті
Біз ерекше баламыз,
Біз әдепті боламыз.
Досымызды көргенде,
Біз қуанып қаламыз.
Топтық жұмыс
1-топ Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құрады,
мәтінге басқаша ат қояды.
2-топ Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
«Егер де мен....» әдісі
Мақсаты: кейіпкердің орнына өзін қойып, жағдаяттан
шығу жолын ұсынады.
Егер де атасы болсам........
Егер де мен немересі болсам .......
3-топ
Мәтіннен мәндес, қарама-қарсы сөздерді табу және
мәтін мазмұнын ашатын мақал – мәтел жазу.
Бағалау: (Плюс, Минус, Қызығамын + - ?)
«Сұхбат алаңы» әдісі
- Балалар сендер мектепте кітапты қайдан
аласыңдар?
- Кітапханашы апайға қоятын сұрақтарың бар
ма?
(Мектеп кітапханашысын қонаққа шақырып 5 мин
оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Кітапхана, оқушы
суреттері
Кітапханадағы ережелер, мектеп қорындағы кітаптар,
қазіргі таңда текке кітаптан емес, дискіден де оқуға
болатын кітаптар, кітаптардың пайдасы туралы ақыл-
кеңесін айтады.
Ал сендер қаламыздағы үлкен кітапхана туралы
білесіңдер ме?
(қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана туралы
бейнесюжет көрсетемін) (Саралау)
Жұптық жұмыс
Атасы мен немересінің арасындағы диалогты рөлге
бөліп оқу.
Бағалау: «Бір ауыз сөз» (ұнады, пайдалы болды,
үйрендім, қызықтым, есте сақтадым, шынайы, рөлге
енді, дауысы жақсы)
Дәптермен жұмыс «Анкета» әдісі
Менің сүйікті жазушым:
Менің сүйікті ертегім:
Жатқа айтатын өлеңім:
Менің сүйікті кейіпкерім:
«КИ» әдісі Ұжымдық жұмыс
Ақпарат алуға кітаптың пайдасы зор ма? әлде интернет
қолайлы ма? (оқушылардың проблемалық сұрақты
қаншалықты шеше алатындығы, ой еркіндігін, сөз
саптауын дамыту мақсатында)
Видеожазба
Сабақтың соңы
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,
Оқушыларды мадақтау, бағалау, кітап оқуға ұсыныс
айту.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Саралау сабағымның
басынан бастап
көрініс табады. Жеке,
жұптық, топтық
тапсырмаларды
оқушылардың пәнге
қызығушылығын
арттыру, тақырыпты
түсінуін қамтамасыз
ету үшін диалог
арқылы, тапсырма
көздері арқылы
саралауды
қолданамын.
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Бастауыш сынып оқушылары қолдау көрсеткенді,
мадақтағанды мақтағанды жақсы көреді. Сондықтан
сабағымның әрбір кезеңінен соң кері байланыс беріп,
жұмыс түрлерін «Бір ауыз сөз», «Бас, жүрек, қол», «+ -
?» бағалау формаларын пайдаланамын.
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтардағы
Байланыс
Сабақ барысында
қауіпсіздік ережесін
сақтап, топта,
ұжымда татулықпен
жұмыс жасауға
қалыптастырамын.