Конспект урока "Күз - молшылық береке"

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Күз- молшылық береке»
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Күз
мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой-
өрісін дамыта отырып, есте сақтау қабілетімен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі
туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп- баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Суреттер, слайд, әр-түрлі құмдар, таяқшалар.
Триз технологиясы ойын: «Жеміс жидектерді сипатта»
Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Қане амандасайық.
Балалар: Салематсызба
Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін құрады.
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық, алақанға салайық
Жерден нәр алайық, алақанға салайық
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын достарымызға сыйлайық.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық.Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінің белгілерін айтайықшы.
Балалар:
-Жаңбыр жиі жауады.
-Адамдар қалың киінеді.
-Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Слайд бетінен көңілсіз ақ қоянның бейнесі шығады.
Тәрбиеші: Ой, балалар мына қояннан сұрайықшы неге көңілсіз екен?
Қоян: Мен көңілсіз болып тұрғаным жаз мезгілі бітіп, көңілсіз күз мезгілі келді. Енді мен
секіріп арқайын күн шуағына ойнай алмаймын.Күз мезгілі маған ұнамайды.
Тәрбиеші: Ой ақ қоян мұңайма, біз сенің көңіліңді көтереміз.Жыл мезгілінің жаманы
болмайды.Күздіңде өз қызықтары бар.Қане, балалар күз мезгілі туралы тақпақ айтып
берейкші.
1-бала:
Алтын –сары, қызыл- көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2-бала:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша,
Қандай әсем күз.
3-бала:
Күзде жауын,бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға жайғасайық.
Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқым себіледі. Жаз мезгілінде адамдар аянбай еңбек
етеді.Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі.
Бидайды комбайнмен орып жинайды. Бидайды диірмендерде тартып ұн жасайды, ал
ұннан нан пісіріледі. Көкөніспен жеміске келетін болсақ олардың адам ағзасына тигізетін
пайдасы мол. Олар пайдалы дәрумендерге бай . Енді балалар көкөністерге не жатады ?
Балалар: Қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, асқабақ,тәтті бұрыш т.б
Тәрбиеші: Жемістерге не жатады?
Балалар: Алма, алмұрт, апельсин, шабдалы, анар,жузім банан т.б жарайсыңдар
Егілген бір дән мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз молшылық береке » деп
атайды.
Балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Аласа ғана бойы бар,
Қабат- қабат тоны бар. (Қырыққабат)
Жер астында темір қазық (Сәбіз)
Пішіні оның домалақ
Көміп қойдым сығалап. (Картоп)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Енді ойын ойнайық балалар.
Әуенді- қимылды ойын. «Көкөністерді әнге қосайық»
Шарты: Экранда қырыққабат пайда болады, балалар қолдарындағы таяқпен турағандай
дыбыс шығарады. Одан кейін сәбіз ,осылай жалғаса береді.
Мақсаты: Балаларға көкөністердің қалай туралатынын, сыртқа қандай дыбыс
шығатынын ұғындыру. Оларды сергітіп қимыл- қозғалыс жасауға үйрету.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы Ақ қоянның көңіл күйі көтерілген сияқты.Ой балалар,
мынау келе жатқан кім?
Балалар: Ақ қоян.
Ақ қоян: Балалар, сендердің әуендеріңді естіп келе жатырмын.Күз мезгілінің де өз
қызықтары бар екеніне көзімді жеткіздіңдер. Рахмет
Триз технологиясы бойынша ойын: «Жемістермен көкөністерді сипатта»
Шарты: Жерде жемістермен көкөністер жатады. Балалар әуенмен айналып жүреді,әуен
тоқтағанда тоқтап қалады.Қай жемістің тұсына тоқтаса, соны сипаттап береді.
Мақсаты: Балалар көкөністермен жемістерді айыра білуге,қандай дәмде екенін айтып
беруге үйрету.
Ақ қоян: Ал балалар енді мен сендермен бирге тақпақ айтқым келеді. Барлығымыз бірге
айтайық.
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті
Жидектердің
Татып дәмін
Жемістердің жейміз бәрін.
Тәрбиеші: Балалар Қоянға сыйлық берейік. Оның сүйікті асы не балалар?
Балалар: Сәбіз
Тәрбиеші: Ендеше балалар құммен сәбіздің суретін салайық. Сурет салынып, қоянға
сыйға беріледі.
Аққоян: балалар сендерге көп рахмет, менің көңіл- күйімді көтердіңдер.Күз мезгілінің
тамаша екенін көрсеттіңдер. Сау болыңдар.
Қорытындылау: Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар.
Бізге қонаққа не келді?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Біз бүгін не туралы өттік?
Балалар: Күз мезгілі туралы
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме? Балалар, күз мезгілі тамаша. Жеміс жидектердің пісетін уақыты,
астықтың молайып, қамбаға толатын кезі. Ағаштар сарғайып, алтын түске енеді. Балалар
сендергеде, келген қонақтарға да көп рахмет, сау болыңдар!