Конспект урока "Желтоқсан жаңғырығы"
Тақырыбы: « Желтоқсан жаңғырығы»
Мақсаты: 1.Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні
туралы түсініктерін молайту.
2. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздердің суреттері.
Әдіс – тәсілі : көрсету, әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ – жауап.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңберін орындау.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Шаттық шеңберін орындайды.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен
апайлар!
Іздену-
ұйымдастырушы
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні
«Менің Қазақстаным!»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н.
Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Сурет көрсету арқылы Тәуелсіз
Қазастан туралы мағлұмат беру.
Бүгін Тәуелсіз ел деп Отанымыздың
жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі
болуын, тарихымыздың жүйелі болуын
ұлықтаймыз. Біз бүгін тәуелсіз ел деп
ұлының ұлағатты, қызының инабатты,
халқының салауатты болуына барлық
мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді
мақтан етеміз. Ендеше, Тәуелсіздік – біздің
бас ұранымыз, көгілдір Туымыз – біздің
болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық
рәміздер пайда болды.
Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына
26 жыл толды. Елу жылда ел жаңа
демекші, өмір 26 жылда біраз өзгеріске
ұшырады нарықтық заман орнады.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман
талабына сай өнерлі де білімді болып өсу
Балалар хормен әнұранды
орындады.
Балалар мұқият тәрбиешіні
тыңдайды.
талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа
айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер
қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың
тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер
сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана
мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі
тақырып.
Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы
ол!
Желтоқсан желі осы кезеңде інгәләп
дүниеге келген ән.
Балалар айтыңдаршы,
- Мемлекетіміз қалай аталады?
- Дұрыс, Қазақстан.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
- Елордамыз қалай аталады?
- Қазақ елін кім басқарады?
- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Балалар мемлекет рәміздері туралы кім
тақпақ айтады.
Өте жақсы балалар. Дұрыс айтасыңдар.
Енді балалар тәуелсіздік туралы
тақпақтарымызға кезек берейік.
Жарайсыңдар балалар, сіздерге көп - көп
рахмет. Енді ортаға бір ойын ойнап
жіберейік.
Тәрбиеші қойған сұрақтарға
жауап береді.
- Қазақстан.
- Ту, елтаңба,әнұран.
- Астана қаласы.
- Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
- Орыс,тәжік,өзбек т.б
1-бала: Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
2-бала: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы
Елтанбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
3-бала: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен
Билігін өз қолыңда,
Еркіндігім елдігім
4-бала: Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
5-бала:
Тәуелсіздік - тұғырым
Азат елдің ұл - қызымын
Өзің бол енді мәңгілік
Қуанышымда – қызығым
6-бала:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап табынып
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.
Сергіту сәтін орындайды.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап табынып
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.
Рефлексті
коррекциялаушы
Сұрақ қою арқылы оқу іс –әрекетін
қорытындылау.
- Мемлекетіміз қалай аталады?
- Дұрыс, Қазақстан.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
- Елордамыз қалай аталады?
- Қазақ елін кім басқарады?
бүгінгі Тәуелсіздікке арналған оқу іс-
әрекетіміз аяқталды.
Бәріңізді шын жүректен құтықтаймыз.
Сіздерге отбасыларыңызға амандық,
дендеріңізге саулық,Қазақстанымыздың
туын желбірететін, биік шыңынан
көрінетін азамат пен азаматша болуға
тілектеспіз.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Қазақстан.
-Елтаңба,ту,әнұран.
- Астана қаласы.
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Өз елінің, өз жерінің, туын, елтаңбасын,әнұранын,Елбасын,әнұранды,рәміздерді білуі
керек.
Болуы керек: Оқу қызметіне деген қызығушылығы мен ынтасының болуы.
Баланың қолынан келуі керек: Балалар тәуелсіздік күніне тақпақ өлеңдерін, айта білуі.
«Желтоқсан-жаңғырығы»
Дайындаған: :№7ортаңғы тобының тәрбиешісі: Айтбаева К.К
Өткізген:№7 ортаңғы тобының тәрбиешіс:Айтбаева К.К
Ақтау қаласы
2016-2017жж