Тақырыбы Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні (2 сынып)

Қостанай облысы, Рудный «№ 7 мектебі»КММ
Ашық сабақ: Қазақ тілі.
2 сынып.
Тақырыбы: : Мәтін түрлері.
Сипаттау мәтіні.
Молдабекова Бахтжамал Коренқызы
Рудный қаласы
2014
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 « Б »сынып
Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні.
Сабақтың мақсаты : 1.Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды
кеңейту,еске түсіру.Сипаттау мәтінін ажырата
білуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырма -
лар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте
сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылық-
қа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа білім
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру,СТО әдістері,көрнекілік,талдау.
Пәнаралық
байланыс : дүниетану,әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.1Сабаққа назарларларын аудару.
Балалар ,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр.Себебі , біздің
сабағымыз күндегідей емес,интерактивті тақтаны пайдалана отырып,
келген қонақтарға өз білімімізді , тәртібімізді көрсете білейік.
Олай болса, балалар сабағымызға сәттілік тілей отырып,өлең шумағынан
бастайық.
1.2. Психологиялық дайындық.
Мен оқушы баламын,
Оқу ,білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
Ендеше,отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.
II.Қызығушылықты ояту.
2.1Миға шабуыл (жедел сұрақ )
Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.Ол үшін менің
сұрақтарыма жауап берулерің керек
2.2 Топтастыру
.
-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )
-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )
-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды жеткізу )
-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )
-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )
-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана
мәтін құрайды )
-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің
құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )
-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )
-Әр бөлік қалай жазылады? ( Абзацтан және жаңа жолдан басталып
жазылады.)
-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )
-Әңгімелеу мәтіні деген не?
2.3Қорытынды.Сонымен,балалар біз сендермен мәтіннің үш түрі бар екенін
білеміз?Соның ішінде әңгімелеу мәтінінде заттың не істегенін,не
қылғанын,қайткені жайлы айтылатынын білдік.Яғни әңгімелеу мәтіні дегеніміз
болған оқиғаны баяндап, әңгімелейді екен
III.Мағынаны ашу Жұмбақ жасыру
Ендеше ,бәріміз тақтаға қарайық.Сендерге мынандай жұмбақ айтқым келіп
тұр.
Жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар? Үкі( сурет көрсету)
Оның үкі екенін қайдан білдіңдер ? ( Ол күн көзін көрмейді ,түнде ғана
ұшады)
-Үкі қандай құс ? (Киелі,орман ,дала құсы.)
Дұрыс айтасыңдар балалар,үкінің қанатын ырымдап, әдемілік үшін
домбыраға,бас киімдерге таққан екен.
-Жұмбақта оның жүні, тұяғы, тұмсығы қандай делінген? ( Жүні
жұмсақ,үлпілдеген,тұяғы пышақ сияқты,тұмсығы имек )
Яғни,жұмбақта үкінің қандай құс екенін сипаттап тұр.
-Бұл жұмбақты мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? ( Сипаттау)
Ендеше ,балалар сипаттау мәтінінде заттың қандай болатыны жайлы
айтылады ,қандай деген сұраққа жауап береді екен
3. 2 Ережемен таныстыру
Демек, балалар сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты
суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз.
Кез келген затты түріне, түсіне,сапасына,пішініне қарай сипаттайды
екенбіз.
Ендеше,балалар сипаттау мәтінін меңгеруге байланысты оқулықтағы жаттығу
жұмыстарына назар аударып,білімімізді кеңейтейік..
3.3Оқулықпен жұмыс
Ай,күнді жазу.
Көркем жазу
1- жаттығу ( Ауызша)
-Екі мәтінді салыстыру
-Қай мәтінде әтеш қызығырақ сипатталған?Оқушы жауабын тыңдау
3.4 Дәптермен жұмыс
2-жаттығу Терме диктанты
Ө. Тұрманжановтың өлеңімен танысу.
Өлеңді оқушыларға оқыту
-Өлең не туралы айтылған?
-Тиінді ақын өлеңде қалай сипаттағаны жайлы сөздерді ғана теріп жазамыз.
3.5 Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бір отырып ,бір тұрып
Біз тынығып алайық,
Алақанды соғамыз ,
Орнымызға қонамыз.
3.6 Тақтамен жұмыс
-Мәтінді оқыту .
-Мәтінге ат қою.
Өз күшіктері жайлы сұрау
Ендеше балалар ,мәтінде Дәурен күшігін қалай сипаттаған .Сол сөйлемдерді
ғана жазу
Интерактивті тақтаға жазу
IV.ОЙ ТОЛҒАНЫС
4.1 Шығармашылық тапсырма
1. Мен қандаймын ? Өзін-өзі сипаттау
Мектепте Ортада Үйде
2.Бүгінгі күнді суреттеу
3.Тірек сөздерден мәтін құрау
Туған жер, Қостанай, қала, әсем,көшелері,тамаша,табиғат,көше.таза.кең.
4.2 Кестемен жұмыс
Семантикалық карта толтыру
Мәтін
түрлері
Тақырыбы
болады
Оқиғаны
баяндайды
Затты,құбылысты
суреттейді
Сөйлемдерден
тұрады
Әңгімелеу
Сипаттау
Пайымдау
?
?
?
?
V.Үйге тапсырма беру.
Интерактивті тақтадан үй жануарларының суретін көрсету
-Өздеріңе ұнайтын үй жануарларының бірін сипаттап жазып келу.
VI. Бағалау.Оқушылар білімін бағалау.
Балалар, жақсы сөздер айтып ,сабағымызды аяқтайық.
-Келгендеріңізге рахмет!
-Сау болыңыздар!