Технологическая карта "Аквариумдегі балықтар"

Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным».
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Аквариумдегі балықтар.
Мақсаты: Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең салмасына бекітілген
көлбеу тақтай бойымен еңбектеуді үйрету. Педагогтің лақтырған добын қағып алу және
кері лақтыруды және допты саусақтарды еркін ұстап, алақанмен қағып алуын бекіту.
Тақпақ, өлең сөз мазмұнына, музыка ырғағына сәйкес қимыл жасауын, қол басының
икемділігін дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: көлбеу тақтай, әр балаға 2 балықтан, доптар,
«Балық аулау» ойынына қажетті заттар 3-4 топтама (ыдыс пен су, балықтар, магнитті
қармақ).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: аквариумдегі балықтарды бақылау.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Педагог төмендегі тапсырмаларды
орындатады:
«Аквариумдегі балықтар».
Қосарланып жүру, жүгіру, алақанды
біріктіріп, қолдың басымен жұмыс
жасау:
«балықтар жүзеді», «балықтар ойнақтап
жүр»:
Көңілді балықтар таза суда, жылы суда
көңілді ойнақтап жүр. Біресе
жиырылады, біресе жазылады, біресе
құмға көміледі. Кеш батты, қараңғы
түн. Балықтардан сұрайықшы: «Балық,
балық, сен қайда ұйықтайсың?»
Қол ұстасып шеңбер бойымен жүгіру,
белгі бойынша бағытты өзгерту.
Педагогті мұқият тыңдайды,
дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастыушылық
ізденістік
Ойыншық балықтармен
орындалатын жалпы дамыту
жаттығулары
Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту
жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп
тұрып көрсетеді. Балаларға
орындатады. Балалардың дұрыс
орындалуын қадағалайды.
Негізгі қимыл – қозғалыс
жаттығулары:
Педагогтің лақтырған добын қағып алу
және кері лақтыру (1 м
арақашықтықтан);
Жалпы дамыту
жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият
тыңдайды, тапсырманы
бұлжытпай орындауға
тырысады.
- Гимнастикалық қабырғаның екінші
көлденең салмасына бекітілген көлбеу
тақтай бойымен еңбектеу
(арақашықтығы 1 м).
Қимылды ойын: «Саяжайға барамыз».
Ойынға жаппай қатысады.
Рефлексиялы
қ
түзетушілік
Қорытынды бөлім.
Қимылы аз ойындар ойнату.
Педагогтің қалауымен орындалады.
Ойынға жаппай қатысады
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: педагогтің лақтырған добын қағіп алу және кері лақтыруды; гимнастикалық
қабырғаның екінші көлденең салмасына бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеуді.
Түсінеді: жаттығулардың маңызын.
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.