Конспект урока "Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны оның пайдасы"

Тақырыбы: «Қымыз -қазақтың ұлттық сусыны, оның пайдасы »
Тақырыптың өзектілігі: Жас пен кәрінің денсаулығын нығайтып,
әлсірегенді орнынан тұрғызатын, көңіл күйді көтеріп, көктемгі күннің шуағы
мен қуатын сыйлайтын, хош иісімен тіл үйірер дәмімен тәнті ететін, бие
сүтінен жасалатын ерекше пайдалы сусын қымыз туралы мағлұмат беру
болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы сусыны қымыздың пайдасын анықтау
арқылы маңыздылығын көрсету. Қазақтың байырғы сусыны қымызды ұлттық
бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Жобаның міндеттері:
- Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен танысу;
- Қымыздың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
- Қымыздың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Мәселе: Қымыздың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Қымыздың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу
2
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...................................................................................................................... 4
Қымыздың пайда болуы ......................................................................................... 4
Қымыз - адам денсаулығына қажетті сусын ........................................................ 6
Қымыздың адам ағзасына тигізер пайдасы .......................................................... 7
Қымыз адамға қуат береді ................................................................................... 10
Шипалы сусынның дайындалу әдісі ................................................................... 11
Қымыз–халықтың рухы ........................................................................................ 13
Қорытынды ............................................................................................................ 14
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................. 16
3
Кіріспе
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт
жадында мәңгі жатталып қалған «Ас адамның арқауы» деген қағида
осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз
адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен
де жоғары қойған. Бұған «Астан үлкен емессің» немесе «Арпа, бидай ас екен,
алтын, күміс тас екен», «Асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен
мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да
халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны
дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген.
Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де,
өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен
артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін
танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы
көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның
таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер
де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген.
Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру экономикалық, дипломатиялық
және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының
қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ
қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де
білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен.
Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері
тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза
әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл
қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп
отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын
ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай
4
сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық
әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді
және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың,
құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ
әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.
Қымыздың пайда болуы
Қазақта Қамбар ата жылқыны алғаш рет қолға үйретеді. Тұңғыш
қымызды ашытады, өйткені биенің сүті не айран, не ірімшік, не сүт
болмайды, отқа піспейді, содан Қамбар ата ашытып қымыз жасайды.
«Қымызды алғашқы пайдаланғандардың бірі, біздің ойымызша, арий
тайпалары», – дейді ғалымдар.
Оған бірінші дәлел Авестада арий тайпалары сүт тағамдарын (қымыз
сүт тағамдарына жатады) пайдаланды деп жазылған. Сонымен қатар,
қымызға байланысты ең көне жазба деректер Гомер (б.з.д. ІХ ғ.), Геродот
(б.з.д. ..ғ.), Сымя Цянь (б.з.д. ІІ ғ.) мен Страбонда (І ғ.) кездеседі, және
кейінірек қымызды үйсін, хұн және түрік тектес тайпалар жақсы меңгеріп
пайдаланған. Ғалымдардың ойынша, қымыздың пайда болған уақыты б.з.д.
ХІ ІХ ғғ. қола дәуірінің соңы арий тайпалары күнелтуінің аяқталған кезінде,
яғни, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің орнығу уақытымен байланыстырады.
Марко Поло Құбылайдың жылқыларының ішінде он мыңдай «ақ қардай
аппақ», еш дағы жоқ биелері бар болғанын жаза отырып, «Бұл биелердің
қымызын тек Құбылай мен оның жақын туыстарының ғана ішуге құқы бар»
5
дейді. Ал егер, әлгі ақшақардай биелердің қымызын келген қонақтарына
берсе, ол үй иесінің бөлекше құрметін білдірген.
Қымыз - адам денсаулығына қажетті сусын
Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай
дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу
керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып
қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз
дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған
сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы дәруменнің, күш -
қуаттың көзі осылар екен.
Қымыз - биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі
жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең
құрметті дастарқан дәмінің бірі.
Қымыз бекзат ас. Бертінге дейін дала ақсүйектерінің ақшаңқан
ордаларынан шүпілдеген саба, іргесінен желідегі құлын үзілген емес. Абай
данышпан да жаз шыға ұранқай (төрт қанат) үйінің іргесінде қара сабаны
емізіктете толтырып қымыз құйдырып, ел-жұртымен кеңес құратынын
баласы Тұрағұл Құнанбаев естелігінде жазды. Ал, хакімнің әлгі:
Осы қымыз қазаққа,
Мақтаның ба, асың ба?
Қымызды басар артынан
Ет даяр ма қасында?, дейтіні қымыз ішу үшін де диірмен тартарлық
қуат, ауқат болу керектігін айтқаны, көп қазақтың қымыз көрсе қызыл көрген
қара құстай болатындығын сынағаны деп түсінген абзал. Әйтпесе, «қар
тепкенге қажымас қайран жылқыға» ақынның көңілі ерекше болғаны аян.
Беу, дүние десеңізші, қазақтың қымыз ішіп лепірген көңіліне сап-сап айтатын
Абай атамыз ащы суға арбалған буынды көрмегені де жөн болған шығар…
6
Қымыздың адам ағзасына тигізер пайдасы
Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда
он есе көп
Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он
есе көп. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде
биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек,
бие сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар,
майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл
бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның
зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншама
Жылқы малының төрт түлік ішінде текті екендігін бұған дейін де
айтқанбыз. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін
қайтерсіз?!
Аурудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма?!
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
дейді Ақтамберді жырау. Расында да, қазақ үшін қымыз-мәртебе,
мінез-құлық, сый-құрмет. Бірақ тоқырау заманында құнды сусынымыздан
қол үзіп қалғанымыз бар. Ес жиып, еңсе көтергелі ата кәсіп бие сауып, қымыз
баптауды қайта қолға алдық. Байыпты сусынды баптаудың ежелгі әдісін
бүгінгі ұрпақ қайта жаңғыртып-ақ жүр. Бірақ соңғы кездері аузымызға жиі
алатын Еуропа елдері бал қымыздың бар құпиясын біліп алған. Көл-көсір
пайдасына кенеліп, салауатты өмірдің сырына айналдырды.
Немістердің қымызды бөтелкелеп сатып, дүкен сөрелеріне толтырып
тастайтынын естіп жүрміз. Германияда қымызға деген сұраныс жоғары,
өндірісі де жақсы дамыған. Кәсіпті нәсіп еткеннің көсегесі көгеріп, қазынасы
артып отыр. Ал Қазақстан қымыз өндірісі бойынша әлі де тұралап келеді.
Ғылыми тұжырым керек, кәсіби маман керек деп, керек-жарақтың бәрін
түгендеп жүріп-ақ, көп нәрседен құр қалып жүрміз. Бәлкім бұл салада да
7
стратегиялық жоспарлар түзіп, аты дардай бағдарламалар тізіміне ендіру
керек шығар. Оны болашақтың еншісіне қалдыралық. Енді қымыздың қадір-
қасиетіне тоқталсақ.
Қымыз құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта
қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын
ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған
келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы
орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды
қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз
ішу буын ауруларына өте пайдалы.
Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды
қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің
қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру
(гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын
алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын
жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.Қымыз құрамында 28
түрлі микроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Бұл элементтер бие
құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан күніне орта
есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге дейін сүт
береді екен.
Тағы бір ерекшелігі саумал биелерді 8 ай саууға болады, сонда бие
басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. Сауын саусаң бие сау, боз
қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаса керек. Күтімі келіскен
бие тіпті бір жылға дейін сүт береді екен. Ашыған қымызда 3-4 % дейін таза
спирт болады. Бие сүтінің химиялық құрамы процент есебімен алғанда
мынадай болып келеді: сүттегі қант-6.7%, жалпы белок-2.0 %, казеин-50.7%,
минералды тұздар-0,5%, май- 1.3-2.0%, витаминдер: А вит.- 0.125-0.832мг, С
вит.- 97-135мг,В тобындағы витаминдер, Д вит., Е вит.-0.65-1.05 мг.
Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге
ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин
8
эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды.
Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
Қымыз адам денсаулығына ғана пайдалы дей алмайсыз. Түрлі дертке
шалдыққан малдарға да жылқының сүтін беріп жазуға болатын көрінеді.
Мұны мал дәрігері мамандарынан естідім. Оның айтуы бойынша, қымызды
бұзаулардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері
байқалғанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, тауық балапандарына А
және В дәрумендері жетіспегенде, сауын сиырлардың іріңді желінсау
(мастит) ауруына ем ретінде қолдануға болады екен.
Кез келген сүттегі ең бағалы зат ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 2 %
болады. Қымызда шамамен 1,3 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе
кем. Бұл дегеніңіз, адам ағзасына аса зиянын тигізетін холес-терин мөлшері
аз, тіпті жоқ деуге болады. Бірақ, сусынды мөлшерімен ішу керек. Тым көп
ішкен жағдайда пайдалы ферменттер мен дәрумендер бір-бірімен теріс
байланыс орнатып, адамның әлсіреуі мен естен адасуына алып келеді. Аса
зиян деп қарастырылмағанымен, өз мөлшерімен ішкен дұрыс.
Сауылатын биелер негізі сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі.
Сақа бие бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын
бие құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қыран бие
деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп
жүрген биелерді айтады. Биыл құлындағанмен тайы еміп жүргендіктен ондай
биелер, күтімі жарасса, сауыла береді. Бәрінің сүті құнарлы, емдік қасиеттері
бір, дейді төлебилік қымыз баптаушы Нұрмахан Есенбеков. Қай биенің
сүтін алсаңыз да қасиетке толы.
9
Ғалымжан Халмұратұлы туберкулезге қарсы диспансердің бас
дәрігері
Қымызды өкпе ауруларына тағайындайтынымыз бар. Әсіресе құрт
ауруларына таптырмас ем. Құрамы күрделі, әсері мол дәрілердің тез сіңуін
қамтамасыз етеді. Иммунитетті де күшейтеді. Медикоментозды ем 6 ай
болып есептелсе, дәрілерді қымызбен қоса пайдалану әлдеқайда тиімдірек
болады. Бұл дәлелденген терапия. Сондықтан тек ауырған кезде ғана емес,
күнделікті профилактика үшін де қымызды ішіп жүруге кеңес береміз.
Қымыз адамға қуат береді
Қазақстан боксшылары жауапты жарыстардың алдында тау
баурайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, екі-үш апта қымыз ішеді екен.
Сидней олимпиадасы алдында Ташкентте бокстан Азия чемпионаты өтеді.
Ермахан Ыбырайымовтың әкесі Сағи қаһарман ұлы қайда барса соңынан бір
мес қымызын, қазы, қартасын арқалап барады. Тәшкен тиіп тұрған жер.
Барса Ермахан мен Болат Жұмаділовтің көзі шүңірейіп кеткен дейді. Қазы
мен қымыз ұсынса, салмағымыз өсіп кетеді деп шыр-пыр етеді. Жекпе-
жектерін көріп, соққыларының әлсіздігін сезген Сағи аға келген соң
қарсылықтарына қарамай, екеуіне де бір бір білем майлы қазы асатып,
қымыздан ішкізеді. Жігіттердің көзі оттай жанып шыға келеді. Кезекті жекпе
жекте қарсыластарын қоғадай жапырады.
Кейін сол Ермахан алыстағы Сиднейге екі мес қымыз көтеріп барған
дейді. Жарыс алдында сүр қазы мен сары қымыздан сіміріп алады.
Рубалкабадай алып зәңгіні сұлатып салған Мұхтархан да сол қымыздан
ішкен екен. Бабаларымыздан жеткен қасиетті бал қымыздан бекзада
болмысты Бекзат бауырымыз да құмарта ішкен дейді.
Ал француздар дәріханаларында қымызды аса жоғары бағаға сататын
болса, жапондар осы қымыз өндірісіне аса қатты назар аударып,
тәжірибелеріне енгізбек екен. Бұл жағынан біздің шет елдік қандастарымыз
да қалыспақ емес. Түркиялық бауырымыз сонау мұхиттың арғы бетіндегі
10
Американың ақ үйіне қымыз жөнелтсе, бостандық елінің Кубаның аңызға
айналған көсемі Фидель Кастро да осы қазақ қымызын алдырып ішеді деседі.
Оңтүстік өңірі өзінің дархандығымен дараланып жүр. Кезінде
жақсылықтың жаршысы болып жүрген осы өңірдің түлегі Дархан
Мыңбайдың басшылығымен Қазығұрт баурайында ұлтымыздың
мақтанышына айналған «Саба» фестивалі бір марқайтып тастаған еді.
Диханкөлдің хош иісті қымызынан талайлар тамсана дәм татты. Не деген
айтулы қымызшылар жүр ел арасында!…
Шипалы сусынның дайындалу әдісі
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде
қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы
ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады
және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл
тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға
(мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.
Құтыға құйылған қымыз
Ұйытқыны тiрiлту үшiн ұнтаққа буландырылған бие сүтiн 3-4 ас
қасығына есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүркiн-дүркiн
араластырып отыру арқылы жылы жерде бiр тәулiк сақтайды. Бiр тәулiктен
соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн пайдаланады. Одан әрi қарай қымызды
жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7
11
литр бие сүтiн есептей отырып пайдаланады. Қымызды әзiрлеу үшiн булы
бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды да, түнге қалдырады. Келесi күнi
әрбiр сауыннан аши бастаған сүтке бiрнеше жаңа бөлiктерiн қосады,
жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. Дегенмен, мұндай әдiспен
алынған қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою, тағы да мұқият
араластырады да бiр күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi
күндiк орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды.
Айта кету керек, сабадан барлығын емес, оның бөлiгiн (шамамен 1/5)
қымызды ғана құйып алып, қалғанын ұйытқыға қалдырады. 10-15 күн
өткеннен кейiн саба толығымен босатылады, қосымша сүрленедi және
маймен сыланады. Сабаны қымыз дайындау үшiн бiр-ақ маусым
пайдаланады. Сабада әзiрленген қымыз жоғары дәмдiк сапамен
ерекшеленедi. Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы көредi.
Қымыз дайындау технологиясы
Сүтті сауу Ашытқыны әзірлеу
Сүтті өлшеу Сүтті ашыту
Сүтті сүзу Қымыздың жетілуі
Пісу
Шөлмектерге құю
Салқындату
Сақтау
12
Қымыз–халықтың рухы
Қымыз халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын,
мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Қымыз тарихының
алты мың жылдығына орай «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінің
өткізілуі де соның айғағы.
Қымыз сапасы бүгінгі күні дәмі, уақыты, шипалық қасиеті, ыдысына
байланысты және биенің сауылған кездегі жасына орай бөлінеді.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов: «Бұл тек қана Қымыз емес, халықтың рухы.
Қымыз тірі қан. Халқымыздың, керек болса, мемлекетіміздің асыл қаны»
деген еді. Сондықтан біз қымызға ерекше мән беруіміз керек.
Қымызды зерттеп жүргеніме жиырма төрт жыл болды, сол еңбегімді
жинап, «Қымызмұрындық» деген кітап шығардым. Осы уақыт аралығында
шетелдегі қазақтардың көмегімен қымыздың жетпіс түрін таптым, дейді
биология ғылымдарының докторы, проф., Тарлан Платина сыйлығының
иегері З. Сейітов.
Ұрпағымызға ұқтыра алмай жүрген асыл сусынымыздың қадірін біз
азғантай жаңалығына бола аузымыз ашыла беретін Батыс Еуропаңыз әбден
біліп болған. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі,
қымыз өндірумен шұғылданатын Цольман әулетінің фермасымен,
Германияның қазақ диаспорасымен, Германияға қоныс аударған
қазақстандықтармен бірлесе отырып Баден Вюртемберг жеріндегі
Вальдбруни Мюльбен қаласында «Қымыз күні хоффест» мерекесін өткізді»
дейді зерттеуші Мұрат Керейбай.
Жалпы, біздің елімізден өз атамекеніне қоныс аударған немістер
қымыздың қыр сырын жақсы біледі. Қазіргі таңда медицинасы өрлеп тұрған
Израиль, Франция, Египет, Германия, Жапония, Қытай елдерінде қымызға
сұраныс күрт артып отыр.
Сондай-ақ мамандардың айтуынша Шығыс Қазақстан облысының
бірқатар аудандарында жылқы малын ұстап, қымыз өндіру дәстүрі сақталған.
Мысалы, Абай ауданының Саржал ауылындағы жылқы табыны 5 мың бастан
13
құралған, бұл ауданның өзі ғана күн сайын 5 тонна бие сүтін жеткізе алады.
Осындай ірі партияларды Қатон-Қарағай және Бородулиха аудандары да
жеткізе алады.
Қорытынды
Қымыздың маңыздылығы оның дайындалу процестеріне тікелей
байланысты.
Қазіргі кезде қымыз жақсы дайындалып жүр дейміз. Бірақ дүкендерде,
базарларда сатылып жатқан қымыздарға көңіл тола бермейді. Олардың
дайындаған қымыздары мейіріңді қандырмайды. Оны шыны ыдысқа құйып,
біраз тындырып көріңізші. Кәдімгідей суы бөлектеніп тұрады. Бұл
қымыздың дәмін жоғалтқаны деген сөз. Бұл жерде дайындаушылардың
қымызды өз дәрежесінде дәмдеп жеткізуге шеберлігі жетпеген. Сондықтан
қымыздардың сапасы нашар әрі адам ағзасына пайдасы аз. Қазір қала
базарына әкеліп сатушылар қымызға су қосады. Бұл қасиетті қымызымызға
ғана емес, адамдарға қастық жасау.
Жаһандану желпілдетіп шымылдығымызды ашып кеткенде
дастарханымызға дендеп енген батыстық брендтерден («кока-кола», «фанта»,
«спрайт», т.б.) бойды аулақ салу қажеттілігін тағамтану мамандары үнемі
айтып жүр. Қазақ Тағамтану ғылыми-зерттеу орталығының президенті,
академик Төрегелді Шарманов қазіргі тәтті сулар мен қымыз, шұбат тәрізді
сусынның төресін салыстыруға келмейтінін сұхбаттарында жиі айтады.
«Бәрін айт та бірін айт» дегендей, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
айтсақ, өз алдымызға ел болып, көшімізді түзеп келе жатқан елміз. Жас
өскінді бабаларды дәстүріне сай дені сау, көкірегі ояу саналы азамат етіп
тәрбиелеу – басты парызымыз.
Шетелдік жұғымы жоқ, беймәлім технологиямен өндірілген сапасыз
тағамдардан бойымызды аулақ ұстайтын кез жетті.
Озық елдер қатарындағы жапон елі өзінің ұлттық құндылығы ретінде
шәй әзірлеу дәстүрін ерінбей–жалықпай теледидардан үздіксіз береді. Жүзім
14
шарабын да насихаттап жатқандар жетерлік. Неге біздер қымыз өндіру
тәжірибемізді ел арасынан жинақтап, этнографиялық мұра ретінде
теледидарға түсіріп, жұртшылық назарына үнемі ұсынып отырмасқа!…
Балабақшадан бастап, оқу орындарының барлық сатысында
халқымыздың бай мұрасын насихаттаудан ұтарымыз көп. Әзірге жұрт туризм
саласына жаппай бет бұрып жатқан тұста еліміздің болашағын да осымен
ұштастыру дұрыс. Шет елдік қонақтарға да ат баптап, жүйрік жарату, құс
салу, май шайқап, құрт қайнату, қымыз баптау өнерін ұсынып жатсақ, жат
жұрттықтар арасында жалымыз күдірейіп жүрер ме еді?!..
Жылқы қымызы денсаулыққа аса пайдалы екендігі әр уақыт
насихатталып келеді. Соған қарамастан, ағзаға пайдалы сусынды аз
мөлшерде пайдаланамыз. Оған себеп, әлі де қымыздың маңыздылығына және
қажетті мөлшерде пайдасы бар екендігіне түсінігіміз шамалы. Сондықтан
жылқы малын көбейте отырып, еліміздің барлық түкпірінде сапалы
дайындалған қымыздарды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, оның қасиетін
жоғарылатуға қамқорлық жасалу керек деп ойлаймын.
15
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақша энциклопедия
2. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы «Қайнар» 1993
3. М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы, 1951
4. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968
5.Интернет ресурстары
6. Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан» Алматы «Қайнар» 1987
7. Л.В.Әлімжанова «Сүт өнімі Астана, 1998
8.Б.Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары» Алматы, 1989
7.З.С.Сейітов «Кумыс шубат» Алматы, 2005-288 с