Конспект "Шамалар. Уақытты бағдарлау. Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру" 1 класс

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы:
Шамалар. Уақытты
бағдарлау.
Оқиғаларды өту
кезеңіне қарай
орналастыру
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай;
тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады; олардың арасындағы
өзара байланысты түсінеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым
бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар:
Әр оқушыға арналған:
ламинатталған А4 қағаз парағы;
маркер.
Тірек сөздер
уақыт;
бұрынырақ;
кейінірек;
алдымен; содан кейін; таң; күн; кеш; түн.
Сабақтың мақсаты:
Оқиғалардың ұзақтығын негізге ала отырып, уақыт түсінігін жаңа
өлшем ретінде енгізу. Түсінуге жағдай жасау және оқиғаларды
ретімен орналастыра білуге жаттықтыру.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Тапсырманы орындағаннан кейін бар лық топ ас
мәзірлерін таныстырсын. Сабақтағы тірек сөздерді
қолдануға жағдай жасаңыз. Оқиғаларды өту кезеңі
бойынша орналастыру деген ұғым түсінікті болу
үшін алдымен (бұрын), содан кейін (артынан) не
болатынын еске түсірсін және қорытынды жа сай
отырып нәтижесін шығарыңыз. Оқушылардың
назарын мынаған аударыңыз. Олар тапсырманы
орындап жатқанда өзіңіздің қандай іс-әрекеттерді
орындағаныңызды (бірнеше іс-әрекеттерді) атап
беріңіз. Осы оқиғалардың барлығына уақыт кетті.
Жаңа ұғымды оқулық пен жұмыс дәптеріндегі жат
тығулармен бекітіңіз.
Алма қалай өседі? Тапсырманы жалпы сынып пен
орындатыңыз. “Алғашында не? Содан кейін ше?”
ойынын тапсырманы орындауға дайындық
мақсатында жүргізіңіз. Заттардың суретін
көрсетіңіз, ал оқушылар сол суреттер бойынша
әңгіме құрастыруы тиіс.
… алғашында жидектерді жинайды, сосын тосап
қайнатады;
… алғашында мәшинені оталдырады, сосын оны
жүргізеді;
… алғашында қоршауды тұрғызады, сосын оны
сырлайды және т. с. с.
Оқушылардан оқулықтағы алмаағаштың қалай
өсетіні және жеміс беретіні туралы суреттер бо
йынша әңгіме құрауын сұраңыз. Оқушылар әңгіме
айту барысында тірек сөздерді қолданады. Олардан
алманы өсіру үшін қанша уақыт кететінін сұраңыз
және олардың ойын, болжамын тыңдаңыз. Нақты
қанша жыл кететінін білу шарт емес (шамамен айтса
болады).
Күн тәртібі. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.
Оқушылардан суреттерді ретімен қоюды және ұл
баланың тәуліктің әр мезгілінде не істегені туралы
әңгімелеп айтып беруді өтініңіз. Оқушылармен сөй
лесу барысында “таңертең”, “күндіз”, “кешке”,
“түнде” сөздерін қолдана отырып әңгімелесіңіз.
Бірақ “тәулік” сөзін қолданбаңыз.
Сөздерді ретімен қойып көр. Оқушылар жұппен
талдау жасай отырып, адамдардың нәресте кезінен
егде тартқанға дейінгі жасын көрсететін сөздерді
ретімен орналастыру керек.
Жауабы:
нәресте, мектеп жасына дейінгі бала, оқушы, ересек
адам, егде адам.
Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен
орындатыңыз. Оқушылар әртүрлі жемсалғыштарды
жасау іс-әрекетінің алгоритмін сипаттап бере алады
(ағаштан, пластиктен, қатырма қағаздан және т.б.
жасалған жемсалғыш). Олардың идеяларын
қолпаштап, мадақтаңыз. Оқушыларға өз алгоритм
дерін таныстырғанда сабақтағы тірек сөздерді
қолданудың маңызды болып табылатынын ескерту
керек.
Орындап көр. Бұл тапсырманы үйде орындауға
беріңіз. Сыныпта оқушылар жауаптарын айтқаннан
кейін олардың жасаған жұмыстары бойынша көрме
ұйымдастырыңыз. Бұл жұмыстарды артынан ата-
аналар жиналысы кезінде көрсетуге болады.
Қосымша тапсырмалар
Алдымен не болды? Содан кейін ше? Соңында не
шықты? Бұл тапсырмада оқушылар суреттердегі
оқиғаларды өту кезеңіне сәйкес нөмірлеп, ретімен
жазып шығуы керек.
Жауабы:
І. 1) үйдің сызбасын сызу; 2) үйдің қабырғасын
қалау; 3) дайын үй (1, 2, 3); ІІ. 1) қоспалар; 2) қамыр;
3) торт (1, 2, 3).
Оқиғалар реті. Берілген тапсырма тәулік бойындағы
оқиғалардың бірінен кейін бірін ретімен жазуға
арналған. Оқушылар әрбір суреттің астына оның
реттік нөмірін қоюы керек.
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын
ша өз-өзін бағалатыңыз.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
уақытты жаңа шама ретінде танып, ол туралы алғашқы түсінік
қалыптастырады;
қандай да бір оқиғаның ұзақтығы туралы айту уақыт туралы сөз ету екенін
түсінеді;
олар оқиғаларды өту кезеңіне қарай ретімен дұрыс қойып үйренеді.
Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру үшін мына сұрақтар бойынша
қалыптастырушы бағалау жұмысын өткізіңіз:
сендер туғаннан бері қанша уақыт өтті? (Оқушылар өздерінің неше
жаста екенін айтады.)
Біз “бір минут күте тұршы” деп айтамыз. Сендер осыны қалай
түсінесіңдер? Қанша күту керек: көп пе, әлде аз ба?
Сендер қалай ойлайсыңдар, бір күнде 10 см-ге өсу мүмкін бе? Неге?
Оқиғаларды ретімен орналастыр: жұлдыз құрт, көбелек, қуыршақ.
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өз-өзін
бағалатыңыз.