Конспект урока "Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері" 10 класс

Күні: 28.11.2015ж
Пәні: Дүниежүзі тарихы
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің 1918 жылдары
революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстар арқасында ыдыраған Австро-
Венгрия империясының орнына бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болуын
айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Картаның көмегімен Орталық және Оңтүстік-Шығыс
Еуропа елдерінің аумағымен танысу, мәдени даму дәрежесін бағалап,
талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің даму сатысын
меңгерте отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге мәдениеттің
адам өміріне маңызды түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: 1) Жаңа материалды меңгеру; 2) Біліктерін, іскерлікпен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4)
Меңгерген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: 1) сұрақ – жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен
жұмыс; 6) ойын сабағы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, математика, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, дүниежүзілік картасы, қосымша
мәліметтер, слайд.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
* Амандасу;
* Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
* Ынта зейіндерін сабаққа аудару;
* Ұйымдастыру кезінде оқушылардың назарын сабақтың мазмұнына аударып, оны
тартымды, қызықты жерлеріне көңіл аудару;
* Оқушыларды екі топқа бөлу.
І топ Орталық Еуропа
ІІ топ Оңтүстік- Шығыс Еуропа
ІІ Үй жұмысын тексеру:
Екі топтағы бір-бір оқушыдан үй тапсырмасы сұралады.
ІІІ Үй жұмысын қорытындылау:
«Лабиринт» ойыны
1 2
3
3 2
4
1
Мақсаты: тығырықтан шығу жолын іздеу. Екі топтағы оқушыларға тапсырма
беру.
1топқа:
1. 1923 1930 жылдар аралығындағы кезең кімнің диктатурасы деп аталды?
(Примо де Ривера)
2. 1931 жылдың қай күні муниципалдық сайлаулар өткізілді? (12 сәуірде)
3. Халықтық майдан кезеңі қай жылдарды қамтиды? (1936 1939 жж)
4. 1930 жылдың соңында бұрынғы диктатурдың баласы, Примо де Ривера
гитлерлік партияға ұқсас Испания фалангасын кім құрды? (Хосе-Антонио)
ІІ топқа:
1. Испания фашистері 1936 жылы қай күні бүлік шығарды? (17 шілде)
2. Бүлікшілер жағына армияның қанша пайызы өтті? (80 %)
3. Франко өз диктатурасын не деп атады? (Каудильо)
ІҮ Жаңа сабақ:
Австрия
Венгрия
Чехословакия
Польша
Югославия
Болгария
Румыния
Албания
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі жаңа сабағымыз Орталық және Оңтүстік-Шығыс
Еуропа елдеріне саяхат. Аялдама бойынша саяхатты мына елдерге жасаймыз:
Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша, Югославия, Болгария, Румыния,
Албания. Осы елдерді екі топ мүшелеріне саяхаттау үшін бөліп беремін. Ол елдің
тарихын білмесек, сондықтан екі топ мүшелері кітап бойынша берілген мәтінді
оқып шығады. Жаңа сабақты меңгерту мақсатында түсініктеме беремін.
Бүгінгі саяхатымызға шығу үшін «Әңгімелеу» ойынын ойнаймыз.
1 аялдамаға тоқтау үшін Австрия, Венгрия елдеріне саяхат жасауымыз
керек. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет.
І топ:
1. Австрия қай жылы қай күні өзін Республика деп жариялады? (1918 ж 12
қараша)
2. Қай жылы Венгрия өзінің «Антикоминтерндік пактіге» қосылатындығы
хабарлады? (1939ж)
Бүгінгі саяхатымыздың екінші аялдамасы Чехословакияға сапар шегеміз.
Бұл елден өту үшін төмендегі сұрақтарға кідірмей жауап беруіміз керек..
ІІ топ:
1. Чехословакия қай жылы Республика болып жарияланды? (1918 ж 14
қарашада)
2. Республиканың алғашқы призиденті болып кім сайланды? (Т.Масарик)
Чехословакия елінен шығып келесі аялдамамыз Польша жері мен Югославияға
өту үшін біз «Жоғалған сөздер» ойынын топтарға арналған карточкалық
тапсырмаларды орындаймыз.
І топ: «Жоғалған сөздер»
1939 жылғы 1 қыркүйекте Гитлер Польшаға қарсы сөз ашты. Бірнеше күннен
кейін 1939 жылы 23 тамызда Риббентроп-Молотов қол қойған құпия хаттамаға
сәйкес Польшаға қарсы кеңестік қызыл армия аттанды.17 қыркүйекте герман-
кеңестік әскерлер Висла бойында жеңіс шеруін өткізді.
ІІ топ: «Жоғалған сөздер»
1929 жылдың 6 қаңтарында Александр король манифест жариялады. Онда
парламентаризм елдегі барлық іс-әрекеттерге кедергі бола бастады деп көрсетілді.
Сөйтіп, 1921 жылғы Видовдан конституциясын жоққа шығарып, Александр
король бар билікті өз қолына алды. СХС корольдығы Югославия корольдығы
деп өзгертілді.
Келесі аялдама Болгария мен Румыния елдеріне тоқтаймыз. Бұл аялдамаға
тоқтау үшін біз «Карта және қиындылар» ойынын ойнаймыз.
І топқа:
1. Болгарияның географиялық орналасуын көрсет.
2. 1935 жылдың соңында ІІІ Борис патша билікті толығымен өз қолына алды.
(қиынды сөздерден осы сөйлемді құрайды).
ІІ топқа:
1.Евразия материгінен Румынияның географиялық орналасуын көрсет.
2. 1941 жылы 22 маусым күні Румыния мен Германия әскерлері КСРО-ға
қарсы соғыс жариялады. (қиынды сөздерден осы сөйлемді құрайды).
Соңғы аядамамыз Албанияға жету үшін «Сәйкестендіру» ойынын жеңіп
шығуымыз керек.
1
Албанияның тәуелсіздік
жарияланған жылы
1920 ж
2
Қай жылы халықтың
өкілділік съезі шақырылды?
1912 ж
3
Билікке келген Ахмед Зогу
өзін корольмін деп қай жылы
жариялады?
1939 ж
4
Қай жылы Италия Албанияға
шабуыл жасап, жерлерін
оккупациялады?
1928 ж
Бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды.
Ү.Жаңа сабақты қорытындылау.
Енді жаңа сабағымызды қорытындылау мақсатында «Білімді саралайық» ойынын
тест арқылы орындалады.
1. Австрия қай жылы, қай күні өзін республика деп жариялады?
А) 12 қараша 1918ж Ә) 15 қараша 1918 ж Б) 10 қыркүйек 1918ж
2. Австрияға қай жылы неміс әскері басып кіруге жол ашты?
А) 1939 ж Ә) 1938 ж Б) 1937 ж
3. Венгрия қай жылы өзінің «антикоминтерндік» пактіге қосылатындығы туралы
хабарлады?
А) 1939 ж Ә) 1940 ж Б) 1941 ж
4. Чехословакия қай жылы республика болып жарияланды?
А) 1918 ж 14 қараша Ә) 1919 ж 14 қараша Б) 1917 ж 14
қараша
5. 1918 ж қарашада поляк халқының қанша жылға созылған ұлт-азаттық
қозғалысы аяқталды?
А) 100 жыл Ә) 90 жыл Б) 120 жыл
6. 1935 жылдың соңында нешінші Борис патша билікті өз қолына алды?
А) І Борис Ә) ІІ Борис Б) ІІІ Борис
7. 1941 жылы 22 маусымда Румыния қай елмен КСРО-ға қарсы күрес жариялады?
А) Германия Ә) Польша Б) Испания
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.