Технологическая карта урока "Циклдік алгоритм" 8 класс
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 8 «А», 8 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм
Сілтеме:
• 8-сынып оқулығы;
• 9-сынып оқулығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:
Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын
орындалуын және құрылымын көрсету.
Дамытушылық
мәні:
Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Сабақтың
түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру , ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Пәнаралық
байланыс:
Математика
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
• Сәлемдесу
• Өздерін ретке келтіру
• Топқа бөліну
• Кітап құралдарын, дәптерлерін,
қалам қарындаштарын
дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
ІІ Өткен материалды қайталау сұрақтары
1. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
2. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
3. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
4. Алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритм нешеге бөлінеді, оларды ата?
6. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
7. Циклдің оператордың неше түрі бпр?
8. 47 div 7 =
9. 19 mod 3 =
10. 8 Div 4=
11. 78 Div 6=
12. 4 Mod 3 =
13. 9 Div 7 =
14. Программа аяқталғанын білдіретін сөз?
15. A:=B қандай оператор қолданылып тұр?
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Сөзжұмбақ шешу
Оқушылар зейін қойып тыңдайды
Сабақтың негізгі бөлімі (8 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты сан арқылы 3 топқа бөлу, топ
басшыларын сайлау.
Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ
құрылымымен таныстырылады.
Жаңа сабақ
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні
бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін
бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай
процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік
құрылымды алгоритмдер – қайталау
операторлары қолданылады. Олар әр түрлі
заңдылық негізіндегі ереже бойынша
қолданылады.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің
бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге
асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар:
арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын
ала тексеретін цикл – WHILE және шартты
соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі
операторды неше рет қайталау керек екендігі
белгісіз болып, оның тек қайталану шарты
берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары
пайдаланылады. Ал FOR операторы
қайталану саны алдын ала белгілі болған
кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы
деп те аталады, өйткені, қайталау саны
функция аргументі сияқты циклдің параметрі
қызметін атқаратын басқару айнымалысы
арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің
алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын
өрнектер; for…do – цикл тақырыбын
анықтайтын түйінді сөздер; — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ
деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті
түрде бүтін немесе реттелген типтегі
айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру
қадамына байланысты операторда TO немесе
DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін,
DOWNTO — кері қарай) түінді сөздері
пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса,
онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең
болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері
бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша
реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін
мен беретін арифметикалық өрнек түрінде
жазуға да болады.
Ой толғаныс (10 мин.)
Топтық жұмыс
Оқушылар постер қорғайды
Қорыту. Күтілетін нәтиже (8 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тест тапсырмасымен жұмыс
Тест
1. Алгоритм дегеніміз не?
А) іс - әрекеттің ретсіз орындаруы
В) іс - әрекеттің рет - ретімен орындалуы
С) тармақталу алгоритмі
D) қандай да бір іс - әрекеттің орындалуы
2. Алгоритмнің түрлері? А) сызықтық,
циклдік
В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдің D)
негізгі, қосымша
3. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым
А) Мухаммед Әл – Хорезми В) Билл Гейтс
С) Лейбнец
4. Алгоритмнің түрлері: ..., ..., ...А)
қарапайым, шартты, циклдік
В) сызықтық, тармақталған, қайталану
С) сызықтық, тармақталған, циклдік
5. ... бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын
алгоритм – ... ... деп аталады. А) шарттары,
тармақталған алгоритм
В) командалары, сызықтық алгоритм
С) бұйрықтар, қарапайым алгоритм
6. Циклдік алгоритм нешеге бөлінеді? А) 2
В) 3 С) 4
Тест сұрақтарына жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз
бағасынан ортақ баға қояды.
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын
толтырады. Оқушылар өз топтарындағы
көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үйге «Циклдік алгоритмдер» тақырыбын
оқып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп
алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын
жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір
тілек әдісін ұсыну.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын
стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек
әдісімен толтырады.
Информатика - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер" 6 класс
- Презентация "Облачные технологии" 9 класс
- Конспект урока "Первое и второе поколения ЭВМ" 10 класс
- Технологическая карта урока "В мире кодов. Способы кодирования информации" 5 класс
- Конспект урока "Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік"
- Конспект урока "Windows - тың стандартты қосымшасы"