Технологическая карта "Көктемгі табиғат. Бақбақ гүлдері"
«Қарлығаш» І сәбилер тобындағы оқу іс-әрекетіне
ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Модуль «Көктем»
Бөлімдері: Экология. Сенсорика.
Тақырыбы: «Көктемгі табиғат. Бақбақ гүлдері».
Мақсаты: Көктемгі табиғатты бақылатып,оның ерекшеліктерін түсіндіру. Сурет бойынша сөйлем
құрап, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға баулу.Фланелеграфта түрлі
түсті геометриялық пішіндерді- шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету; балалар
назарын белгілі бір түстегі фигураны әртүрлі заттарды бейнелеу (бақбақ гүлді) үшін
қолданылуы мүмкін екеніне аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қажетті құралдар: Көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.Бақбақ гүлінің суреті,
фланелеграф, жасыл жолақшалар, көрсетуге арналған сары дөңгелектер (бақбақ
гүлдер), үлестірмелі қағаздар-өсімдіктер бейнеленген алаңқай, әрбір балага
бақбақ гүлдерге арналған сары дөңгелектер(тәрелкелер).
Қостілдік компонент: бақбақ- одуванчик..
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Жұмбақ шешкізу. «Көктем»
А.Байтұрсынов
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс, балалар, бұл көктем мезгілі екен.
Балалар жұмбақтың
жауабын тәрбиешінің
көмегімен бірге айтады.
-Көктемде.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
1.Әңгіме жүргізу.
- Көктем мезгілі 3 айдан тұрады. Олар: наурыз,
сәуір, мамыр.
- Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар
бүршік жарып, алғашқы гүл-бәйшешек шығады.
Көктемде табиғат жаңарады, Барлық тіршілік
иелері оянады.
Балалар, көктемде үлкендердің көмегімен бала-
бақша ауласында гүл егеміз, ағаштардың түптерін
қопсытамыз, құстарға ұя жасаймыз. Сондықтан да
үлкендердін еңбегін бағалап, құрметтеуге тиіспіз.
2. Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Т.Бердияров
3. Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Шарты: көктем мезгілінің басты ерекшелігін атап
айту.
-Көктемде қандай өзгеріс болады?
-Қар ериді.
-Құстар ұшып келеді.
-Ағаштардың жапырақтары шығады.
-Жаңбыр жауады.
Суреттерін тақтаға ілу.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, көктемнің негізгі
ерекшелігін айтып өттік. Көктемнің тағы бір
ерекшелігі – жыл құстарының ұшып келуі. Олар:
бозторғай, қарлығаш, су құстары. Осы құстарға
қандай көмек көрсетеміз?
Ай аттарын балалар
бірге қайталайды.
Көктем мезгілі туралы
білетіндерін айтады.
Қоянның қимылын
келтіреді.
Сөйлемдер
құрастырады,
сөйлемдерді аяқтайды.
-Әке-ағаларымыз ұя
жасайды, біздер жем, су
береміз.
4. Тыйым сөздер.
Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма, құстың
ұясын бұзба.
5. Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін
түсіндіреді.
Бақбақ туралы тақпақ оқу:
«Үлбіреп бақбақ,
Шалғынды сазда
Өседі қаптап».
Бақбақтың суретін қарау.
Сөздік жұмыс:
Бақбақ.
Билингвальды компонент: бақбақ-одуванчик.
-Бақбақ гүлінің түсі қандай?
-Гүлді не ұстап тұр?
-Балалар, бүгін біз сендермен өз бақбақ гүлімізді
жасаймыз. Қараңдаршы, мынау қандай пішін
және оның түсі қандай?
Бұл сабағы болады.
-Ал мынау қандай пішін және оның түсі қандай?
Бұл – бақбақ гүлі болады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
-Балалар, алаңқайға қараңдаршы, онда өсімдік
сабағы бар, бірақ бақбақ гүлінің күлтешелері жоқ.
-Кәне, балалар, бәріміз бірге алаңқайымызды
толықтырайық. Тәрелкелердегі пішіндер қандай?
Әрбір сабаққа бір-бірден бақбақ гүлін
орналастырыңдар.
Жеке жұмыс жұмыс жүргізеді.
-Қараңдаршы, біз қанадай әдемі бақбақ гүлі өсіп
тұрған алаңқай жасадық.
Тыйым сөздерді
қайталайды.
Балалар сурететгі күнді
бояйды.
Балалар тақпақты
тыңдап, бақбақтың
суретін қарастырады.
«Бақбақ» сөзін
қайталайды.
-Сары.
-Гүлдің сабағы.
-Жасыл түсті жолақша.
-Сары, дөңгелек.
-Сары дөңгелектер.
Балалар жұмысты
орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
«Гүлдер шешек атты». Д/о
Тәрбиеші балаларға бақбақ гүлінің қалай
ашылатынын бейнелеп көрсетулерін сұрайды.
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Қолдарын бастарына
қойып тұрады (гүл
жабылады), қолдарын
ашып жаяды(гүл
ашылады).
Күтілген нәтиже:
Нені білді: Көктемгі табиғат ерекшелігін ажырата біледі; пішіндерден бақбақ гүлін жасайды.
Қандай түсініктерді игерді: Сурет бойынша сөйлем құрап, байланыстырып сөйлеу
дағдыларын игереді; өсімдікті сабағы ұстап тұратынын түсінеді.
Меңгерген дағдылары: Көктемдегі құстардың келуі, ағаштардың бүршік жаруы, көктемгі
құбылыстары туралы білімді меңгереді; бейне шығатындай етіп түрлі-түсті геометриялық
пішіндерді орналастыруды.