Конспект урока "Кірме сөздер. Көнерген сөздер" 10 класс

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ САУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Директордың әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары
_______________М.А. Шабданова
«_____» __________ 2015 ж
Қазақ тілі пәнінен
«Қазақ халқының қонақжайлыйлығы»
Кірме сөздер. Көнерген сөздер
тақырыбына ашық сабақ жоспары
Оқытушы: Мукашева А.Т.
Жалпы білім беру циклдік отырысында қаралды
Хаттама № « __», ___ ____2015 ж
Циклдік комиссия төрайымы: ______Ү.Ж.Адырбекова
Сабақ жоспары
Топ
Күні
Студенттер
саны
Аудиториясы
11М(ІІ)
23.09.2014
15
31
Пәні: Қазақ тілі
Уақыты: 9.00 сағат
Тақырыбы: Кірме сөздер. Көнерген сөздер
Лексикалық тақырып: «Қазақ халқының қонақжайлығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: студенттерге кірме және көнерген сөздерді қайталату және
қазақ халқының қонақжайлығы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: қазақ халқының қонақжайлығы туралы мағлұмат бере
отырып, қазақ халқының қонақ күту салты мен әдеп - ғұрыптарын
студенттерге терең меңгерту, сөз саптау, сөйлем құрастыру дағдыларын
жетілдіру. Студенттер бойында ой еркіндігін қалыптастыру. Бағыт-бағдар
бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге, іздену барысында шапшаңдық
танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: халықтық салт-сана мен халықтық тәлім тәрбие
беру.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа үйрете отырып, адамдармен дұрыс қарым-
қатынас жасауға, тіл табыса білуге үйрету, мейірімділікке шақыру.
Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ, жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланысы: орыс тілі, тарих, қазақ әдебиеті, өзін- өзі тану
Оқыту құралдары: интербелсенді тақта, ноутбуктер, суреттер, бейне жазба,
слайдтар.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қ. Ибрагимов, Б.Базаргалиева. Қазақ тілі
Алматы-2006, Қ.Ибрагимов Қазақ тілі Алматы- 2011, Ф.Оразбаев, Т.Аяпова,
Ж. Нұрсултанқызы. Қазақ тілі (жаттығулар жинағы),Алматы-2007
1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.
2. Өткен тақырыпты қайталау: 25 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин.
4. Жаңа сабақты бекіту:10 мин.
5. Қорытынды сөз: 5 мин
4. Бағаларға түсінік беру: 2 мин.
5. Үй тапсырмасы: 5 мин.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу
-студенттердің қатысуын түгендеу және аудиторияның дайындығын тексеру
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
Өткен сабақтың тақырыбын пысықтау (ноутбукте my test бағдарламасы
арқылы):
Тест сұрақтары:
1. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздерін не дейді?
a) Көнерген сөз
b) Диалект сөз
c) Термин сөз
d) Кірме сөз
e) Кәсіби сөз
2. Лингвистикалық терминді табыңыз
a) Сәуегей
b) Жұлдызжорамал
c) Жедел жәрдем
d) Медбике
e) Фонетика
3. Терминге тән ең басты белгі не?
a) Көп мағыналы
b) Жалпы халыққа түсінікті
c) Дара мағыналы
d) Белгілі аймаққа қолданылады
e) Халық арасында жиі қолданады
4. Интернационалдық терминді табыңыз
a) Грамматика
b) Әдебиет
c) Сөйлем
d) Шығанақ
e) Үйкеліс күші
5. Қайсысы неологизм бола алады?
a) Гарантия
b) Процент
c) Фонд
d) Несие
e) Импорт
6. Қай қатар неологизмдерге жатады?
a) Анализ, скидка
b) Класс, лампа
c) Сәулет, пайыз
d) Градус, температура
e) Хандық, барымта
7. Неологизм сөзді көрсетіңіз.
a) Сайлау
b) Революция
c) Партия
d) Құжат
e) Дулыға
8. «Қияр» сөзінің диалектісін табыңыз
a) Бәдірен
b) Рауғаш
c) Кәмпит
d) Оттық
e) Көпшік
9. Физикалық терминге жататын сөзді табыңыз
a) Фонетика
b) Дыбыс
c) Энергия
d) Экология
e) Бизнес
10. «Пенсия» сөзінің неологизмін табыңыз
a) Жарнама
b) Делдал
c) Кешен
d) Құжат
e) Зейнетақы
Үйге берілген тапсырма «Біз қонақ күтеміз» тақырыбына шағын эссе.
Жазып келген эсселерін студенттер орнынан тұрып, дауыстап оқиды.
Жағдаятқа байланысты диалогтар:
Туған күнде қонақ күту.
Наурыз мейрамында қонақ күту.
Күтпеген қонақты күту
IIІ. Жаңа сабақ барысы:
Жаңа тақырып: Кірме сөздер. Көнерген сөздер
Лексикалық тақырып: «Қазақ халқының қонақжайлығы»
Кірме сөз ана тілімізге шет тілінен енген сөздер.
Мысалы: араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б.
парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.
орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б.
Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары
жуан-жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі
Көнерген сөздер қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе
мағынасы ескірген сөздер. Оның екі түрі бар: архаизмдер және историзмдер
Архаизм - әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр
дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір
басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөздер
Ескі атауы Жаңа атауы
Аэропорт - Әуежай
Адрес - мекен-жай
Рыноктық - нарықтық
Таможня - кеден
Станция - бекет
Жаңа сөздермен жұмыс:
Транспорт- көлік
Квартира-пәтер
рынок - нарық
суверенный- егенменді
гарантия- кепілдік
видеокассета- бейнетаспа
стация - бекет
Лексикалық тақырып: «Қазақ халқының қонақжайлығы»
Фронтальді сұрақтар:
1.Сен қонаққа жиі барасың ба? 2.Кімге қоннаққа барасың?
Не сыйласың? 4. Отбасың жиі қонаққа шақырама?
5.Қонақты кім қарсы алады? 6. Қандай сусындар бересің?
7. Қонақтарға қандай сыйлық бересің?
8.Үй йелері қандай болу керек ?
Әр халықтың қонақ күту ерекшеліктерін сұрау
Бейне жазба: «Гостиприимство казахского народа»(5 мин)
Мәтінмен жұмыс:
Қонақжайлық қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Адамдарды
тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру
қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі
ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл қонақпен еріп
келген «құт-береке» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті
қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қазақта қонақ
күтудің де жазылмаған , бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі
қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында
отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй
шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонаққәде» сұрайды.
Қонаққәде- қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып беріп
немесе қүй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі. Ал,
сау болыңдар! Деп үйде қала бермей,далаға бірге шығып қоштасқан абзал.
Бұл да қонақжайлықтың белгісі.
Қонақ түрлері:
1. Қылқима түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз
қонақ.
2. Қыдырма ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
3. Арнайы алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы
жолдас.
4. Құдайы өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп
ат басын тірей қалған бөгде адам.
5. Ерулікті қонақ. Көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа
шақырылған қонақ.
6. Құтты қонақ. Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»,
деген нақыл бар.
Мәтінді оқып не түсінгеніңді айтып бер.
Мәтіннен кірме және көнерген сөздерді тауып жазыңдар
ІҮСабақты бекіту:
1. Сөздің қазіргі кездегі атауын тауып, сөзжұмбақты шешіңіз.
1. болыс
2. транспорт
3. реклама
4. квартира
5. рынок
6. суверенді
7. гарантия
8. видеокасета
2. Сөздерді сәйкестендіріңіз
Согласие - татулық
Благодарность- ризашылық
Желание - ынта
Гостеприимный - қонақжайлық
Нетрудно – қиын емес
Применить- қолдану
Обычай - Дәстүр
Гость - қонақ
Уважать - 0ұрметтеу
Любимый- үйікті
3. Сөйлем құрастырыңыздар.
1. жарнама
2. әкім
1.
К
2.
Ө
3.
Н
4.
Е
5.
Р
6.
Г
7
Е
8
Н
3. футбол
4. кесе
5. театр
6. мұғалім
7. дос
8. гитара
9. кітап
10. тайм
Ү. Қорытынды:
Оқытушы сөзі: Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған
Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
[1]
Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын
алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан
халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру
қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз,
полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан
туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа
кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін
жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың
бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды
дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында
Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің
қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы
Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды
ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды
күретамырына айналды.
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Бүгін сабақта алған білімін өмірде саған керек бола ма?
Саған не қызықты болды?
Сенің тілегің
ҮІ. Студенттердің білімін бағалау. Білімдеріне және сабақта белсенділік
танытқандарына қарай студенттерді бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Қонақжайлылық туралы мақал- мәтел жаттау.
Ереже жаттау; Кірме сөздермен, көнерген сөздерді қосып, сөйлем құрастыру.