Конспект урока "Бейнелеуіш сөздер" 6 класс
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 «В»
Күні: 10 наурыз
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, қалай
жұмсалатыны жөнінен хабардар ету;
2. Дамытушылық: жылдам әрі қатесіз жазу, жазбаша жұмыстарды
орындату, еске сақтау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ
барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері
Көрінекіліктер: суреттер, кесте-сызбалар
Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау әдісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең.(3 мин)
1) Амандасу
2)Оқушыларды түгендеу
3) Үй тапсырмасы. 300-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп
тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар. Қаңқ етер-дыбысқа
еліктеу, бір дыбыс шығарар мағынасында. Тық-тық басып жүріп кетті-
дыбысқа еліктеу, аяқ киімнің еденге тигендегі дауысы. Дүрс-дүрс соғып-
дыбысқа еліктеу, жүректің қатты соғуы мағынасында.
ІІ. Жаңа сабақ. Бейнелеуіш сөздер.
Тәжірибе жасау арқылы бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру.
1-тәжірибе. Кенеттен бір оқушының атын атау. Таңжарық? Таңжарық
не істеді?-Жалт қарады. 2-тәжірибе. Шамды жағып сөндіру-жарқ етті.
Жүріп келе жатып, кенет тоқтау-кілт тоқтау. Біреуді көрдің бе деген
сұраққа білмеймін деудің орнына иығын қиқаң еткізетін адамдар бар ия-
қиқаң еткізу. Бір нәрсені жақтыртпаған кезде мұрнының үстін
тыржитатын адамдар бар ия-тыржың ету. Тәжірибе қорытындыларын
тақтаға жазып отырамыз. Таңжарық жалт қарады. Шам жарқ етті.
Мұғалім кілт тоқтады. Иығын қиқаң еткізді. Тыржың ету. Бейнелеуіш
сөздер-табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы
сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.
Адамның жүрісіне байланысты бейнелеуіш сөздерді топтастыру.
бүрсең-бүрсең ербең-ербең
домалаң-домалаң қалбаң-қалбаң
қайқаң-қайқаң балпаң-балпаң
шойнаң-шойнаң томпаң-томпаң
ІІІ. Жаттығу жұмыстары. 302- жаттығу. Бейнелеуіш сөздерді тауып,
олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Шып-шып терлеп-жаппай терлеп, денеде кішкене тамшы-тамшы болып
тұру. Селк етіп-кенеттен оқыс қозғалу. Жалт қарады-жылдам қарады.
Қылаң етіп-оқыстан пайда болып. Жарқ ете түсті-жайнай түсті. Жалп-
жұлп құлады-бірінің үстіне бірі құлады. Сұлқ түсті-құлап түсті. Селт
етті-таңғалды.
ІІІ. Сергіту сәті. Оқушыларға өлең шумақтары оқылып беріледі. Ішінен
бейнелеуіш сөздерді табу керек.
Ертегі айтса, ұршығын
Ұмытып әжем кетеді.
Жерде жатқан жүнді алып,
Қайта-қайта түтеді.
Бас қалт-қалт етеді.
«Ерте, ерте, ертеде...»
Деп ертегі бастаса,
Аузы балп-балп етеді.
Қалт-қалт етеді, балп-балп етеді бейнелеуіш сөздер. Түсініксіз
сөздермен жұмыс. Ұршық-жіп иіретін құрал.
ІV. Қорытындылау.
1.Жаңа сабақты бекітіп, ереже сұрау
2.Үйге тапсырма беру. 303-жаттығу. Бейнелеуіш сөздердің қай сөзбен
тіркесіп тұрғанын және мағынасын ажыратып талдаңдар. Жарқ-жұрқ
ойнап-біресе жарық болып, күн көзімен шағылысып, біресе сөну.
3.Оқушыларды бағалау
Английский язык - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Англия. Шотландия. Уэльс" 6 класс
- Презентация "Англицизмы в русском языке" 6 класс
- Интегрированный урок "Англицизмы в русском языке" 6 класс
- План-конспект урока "What do we like to eat?" 6 класс
- Конспект урока "What Do British People like to eat?" 6 класс
- Технологическая карта урока "What are you favorite clothes?" 6 класс