Конспект занятия "Құстар - біздің досымыз!"

Тіл дамыту
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз!»
Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты: 1) Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың
пайдасын түсіндіру.
2) Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
3) Табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, ойын - жаттығулар, көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер:
ІІ. Өткенді қайталау, тиянақтау
1. Көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы сұрақ - жауап.
2. Көктем айлары.
3. Көктемдегі мерекелер.
ІІІ. Жаңа тақырыппен танысу. Тәрбиешінің әңгімесі:
а) - Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Құстар табиғаттың бір бөлігі.
Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстардың түрі өте көп.
Олардың бәрі пайдалы. Көктем мезгілі құстардың туған жерге оралатын
кезі. Құстар өздеріне ыңғайлы ұя салатын орын іздейді. Бірі батпақтан, енді
бірі шөп - шаламнан ұя жасайды.
ә) Суреттер бойынша құстардың түрлерімен таныстыру. Өздеріне таныс тағы
да басқа құстарды білетіндерін айтады, олар туралы әңгімелейді.
ІV. Суретпен жұмыс
Қарлығаш - киелі құс. Оның құйрығы айыр. Сол себепті оны басқа құстардан
тез ажыратуға болады. Қарлығаш үй маңында ұя салады.
Ауламызға бау бүрлеп,
Шешек атып жайнайды.
Ақ тамағы бүлкілдеп
Қарлығаштар сайрайды.
Балалар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?
Сергіту сәті: Қимылды ойын «Ұшты-ұшты»
V. Құстарға байланысты өлеңдер айту
Құс келді,
Қар, су балып жөнелді.
Бүршік атып бар ағаш
Келіп көктем құстары
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды,- деп құстарымызды қарсы алайық! Мына тақтаға назар
салайық.
«Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесіңдер?
- Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ – тоқ соғады.
Тотықұстың суреті көрсетіледі.
- Тотықұстың өте әдемі құс. Тотықұста үшінші аяқ бар. Ол оның бұтадан
бұтаға ауысуына көмек береді. Тоқылдақ - орман құсы. Ол орманда өмір
сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан тазалап, оны шіруден сақтайды.
Сондықтан оны орман дәрігері деп атайды.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән - жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
Үкінің суреті көрсетіледі.
- Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.
Бүркіт – дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс.
- Аққу туралы әңгімелеу.
Аққу – құстың төресі
Ақ мамықтай денесі
Аққу - өте әдемі сұлу құс.
6. Құстарға байланысты жұмбақты тірек сызба бойынша айтып шешу.
Д/ойын: «Бұл қай құс?»
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
7. «Зерттеу» орталығында д/ойын: «Қауырсыны бойынша таны»
Түрлі құстардың қауырсыны, су құйылған ыдыс, дайын тірек сызба
үлкейткіш-лупа.
8. Д/ойын «Дауысынан таны» Диктофоннан құстардың дауысын естіп,
аттарын атау.
9. «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)
10. Қорытынды. Халықтық болжамдар.
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді
солардың біразына тоқтала кетейік.
- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
- Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
- Құстардың тіршілігіне байланысты айтылатын халықтық болжамдарды
айтып сабақты аяқтау.
Би « Қарлығаштар»