Технологическая карта "Қоныр күз"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні:
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы:Қоныр күз.
Мақсаты:
Ортаңғы топ
2 сәбилер тобы
Балаларды қоңыр күздің ерекшеліктерімен таныстыру.
Табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге үйрету.
Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы білім беру.
Балалардың өсімдіктер жайлы білімдерін нығайту.
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғатқа күтіммен қарап,қамқор болуға,оны аялап,қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз,өсімдіктер,саңырауқұлақтар
Әдіс-тәсілдерұрақ-жауап,тапсырмалар орындау.
Көрнекіліктер:күз мезгілі суреттері,өсімдіктер мен саңырауқұлақтар.
Билингвалдық компонент:күз-осень,өсімдіктер-растения,саңырауқұлақтар-грибы
Әрекет кезеңі
Тәрбиеші әрекеті
Баланың әрекеті
Есеп
«-»
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері: «Бақшамызға
барғанда»
Балаларға
танысшөптер,ағаштар,гүлдер,
саңырауқұлақтар суреттерін тақтаға
іліп,қарап шығуды ұсынады.
Өсімдіктер атауларын анықтайды.
Шеңбер
құрып,өлең
жолдарына
байланысты
қимыл-
қозғалыстар
жасайды.
Таныған
атауларын
көрсетіп,атайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Ш.Ахметов өлеңін оқу:
Бұлттар төніп,
Ызғар сеуіп,
Дымқыл тұман басады.
Жауабын береді.
Өңі тайып,
Дала сұрғылт басады.
-Бұл қай кезде болады?
Топқа есік қағып қонақ келеді:Күз
киімін киіп келеді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Мен сендерге сыйлықтар ала
келдім.Бірақ ол сый-лықтарды алу үшін
сендер менің тапсырмаларымды
орындап беріңдер!
1-тапсырма.
-Өсімдіктер деген не?Олар не үшін
керек?
-Саңырауқұлақ деген не?Ол не үшін
керек?
2-тапсырма.
-Өсімдіктер түрлерін топтастыр.
-Саңырауқұұлақтрды топтастыр.
Ойын ойнату: «Топтастыр және
салыстыр»
Шарты:суреттерді таңдап алып,өз
ұяшығына келтіріп салады.
Сергіту сәті:
Алай-түлей жел соқты,
Шыбық желмен толқыды.
Кенеттен жел тоқтай қалды,
Шыбық түзу тұра қалды.
3-тапсырма.
Мозайка құрастыру:берілген суреттер
қиықтарынан әртүрлі өсімдіктер құру.
«Күз ханшайымы»тапсырмаларын
Балалар
амандасады.
Тапсырмаларды
орындауға
келіседі.
Балалар
жауаптары.
Өсімдіктер-
емдік,дала,бөлме.
Саңырауқұлақ-улы
және жеуге
болатын.
Ойынға қатысады.
Қимылдар
орындайды.
Мозайка
құрастырады.
орындағандары үшін алғыс
айтып,сыйлықтарын беріп кетеді.
Қоштасады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Көздерін жұмып,қоныр күзді
елестетулерін сұрайды.
Ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Ортаңғы топ
2 сәбилер тобы
Біледі:Күз мезгілінің ерекшеліктерін дұрыс айта біледі.
Біледі:Күз мезгілінің ерекшелігін біледі.
Игереді:Сурет бойынша таныс өсімдіктерді атауды.
Игереді:күзгі табиғат құбылыстары туралы білімді игереді.
Меңгереді:Өсімдіктердің түрлерін ажыратуды.
Меңгереді:табиғат өзгерістерді ажыратады.