Технологическая карта "Ойыншықтарым"

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Ойыншықтарым
Мақсаты:
Үйрету: өлең мәтінін түсініп,жатқа айта білуге үйрету;
Дамыту:ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу,ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелеу:ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Блингвальды компонент: ойыншық-игрушка.
Қолданылған көрнекілік құралдар: әртүрлі ойыншықтар,ойыншықтар
суреттері,слайд.
Сөздік жұмыс: обал-ақ.
Жеке жұмыс:Айғанымға тақпақ жаттатқызу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Оқу
қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық
қозғ
аушы
Шаттық шеңбері
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Балалар шеңбер болып
тұрады,қимылдар
жасайды.
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата.
- Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
Төрт мезгіл бар
Күз мезгілі.
Қыркүйек айы
Күн суыта
бастайды,жаңбыр жиі
жауады,жапырақтар
сарғайып ,жерге түседі.
Жеміс-жидек піседі
Ұйымдастырушылық
-ізденістік
-Балалар,күз мезгілі туралы тақпақтар
білеміз бе?
Оқу қызметі жұмбақ жасырудан
басталады.
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Балалар,доп,қуыршақты біз бір
сөзбен не дейміз?
-Біздің бөлмемізде қандай
ойыншықтар бар?
-Ендеше ақын Нұрсұлтан
Әлімқұловтың «Ойыншықтар»
өлеңімен танысып,жаттаймыз.
Ойыншықтар
Біздер де бар құыршық
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ ,бұйырсақ,
Құыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау, қозы,құлыншақ
«Ұйықта» десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса
Тұрғызамын бұрышқа
(Н.Әлімқұлов)
Айзере:
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Аяулым:
Сап -сары маңай
Сап-сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Жұмбақтың шешуін
табады.
Доп
Қуыршақ
Ойыншықтар
Доп,қуыршақ
Өлең жолдарын
мұқият,зейін қойып
тыңдайды.Мағынасын
түсінеді.
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Біз тынығып аламыз
Әсем сурет саламыз.
Дидактикалық ойын: «Пирамиданы
құрастыр»
Сұрақ-жауап
-Балалар,өлең сендерге ұнады ма?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Ойыншықтар неден жасалған?
Қимыл-қозғалыспен
көрсетеді.
Балалар пирамиданы
құрастырады.
Ұнады
Ойыншықтар
Әртүрлі заттардан
Рефлексті
коррекциялаушы
Қорытындылау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу
қызметін қорытындылайды.
Мақтау,мадақтау.
Балалар сұрақтарға
жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: өлеңді жатқа айтуға үйренеді.
Болуы керек:табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.
Баланың қолынан келуі:күз мезгілінің ерекшеліктерін атауды.