Конспект занятия "Түймені салу және ағыту"

Сабақтың тақырыбы: Түймені салу және ағыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Ұсақ маториканы дамытуға бағытталған жаттығулардың түрлерін жасатып үйрету.
2.Қарапайым нұсқауларды орындай отырып, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойындар
Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі-түсті түймелер.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың
буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы - адамның бас
миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын
орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).
Жолмен жүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-бірімен кезікті (Екі алақанды қосады).
Құшақтасқандары соншалық (Сұқ саусақтарды айқастырады.)
Құшақтасқандары соншалық (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).
(Алақандарды айқастырады.)
Екеуін күштеп ажыраттық. (Қолдарын жібереді.)
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы).
«Қомағай» саусақ жаттығуы:
Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына
жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай
Бәрін-бәрін жұтады.
Қомағайдың қарны енді
Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң
екі қол бірге қатарласа жасайды.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы).
Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады
Үзілмейді тартсаңда
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келеді
Достық үшін пілге мен
Гүл сыйлағым келеді.
"Үй тұрғызайық" ойыны.
Мақсаты: Балалар үйдің пішіндерін баумен өткізіп үйрену.
Керекті материалда: Әрбір балада үйдің бөлшектері (үшбұрыш, төртбұрыш,төбесі, есігі,
терезесі т.с.с) бар. Мұғалім үйдің бөлшектерінің тесігіне бау өткізеді, сол үлгіге қарап,
оның қалған бөліктеріне бауды өткізу.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау
(көрнекіліктер арқылы).
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
V. Бекіту.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).
Жолмен жүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-бірімен кезікті (Екі алақанды қосады).
Құшақтасқандары соншалық (Сұқ саусақтарды айқастырады.)
Құшақтасқандары соншалық (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).
(Алақандарды айқастырады.)
Екеуін күштеп ажыраттық. (Қолдарын жібереді.)
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.