Технологическая карта "Бәйтерек аңызы"
Ересек Топ Үшін Білім Барысын Ұйымдастырудың Технологиялық Картасы
“Қостанай қаласының әкімділігі бөлімінің № 4 балабақшасы МКҚК ” тәрбиешісі
Сыздыкова Айжан Гарибжановна
Білім беру саласы: Қатынас
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Бәйтерек аңызы»
Мақсаты: Өз Отаны жайлы білімдерін кеңейту.Балаларды таныс шығармалар үзіндісін
қолдана отырып, ертегіні ойдан шығарып айтуға үйрету. Қиялдау мен ойдан
шығаруды,байланыстыра сөйлеуді дағдыландыру. Ертегі басы мен аяғын қолдана
отырып, балалардың сөздік қорын толықтыру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін
қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Отан-Родина
Көрнекі құралдар:Бәйтерек суреті,қазақстанның рәміздері,әнұран.
Үйлестіру-ұйымдастыру
-Қазақстан әнұраны үн таспада ойнайды.
-Еліміздің рәміздерін атаңдар.
-Балалар қолдарын кеуделеріне қойып,гимнді айтады.
Ұйымдастыру іздену
-Еліміздің рәміздері ту,елтаңба,әнұран.
-Біздің еліміз қалай аталады?
-Біздің еліміз Қазақстан деп аталады.
-Еліміз деп нені айтамыз?
-Еліміз деп туған жерімізді,отанымызды айтамыз.
-Енді осы отан туралы шағын өлең шумағын айтайық.
-Балалар тақпақ шумағын айтады.
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
-Отан сөзінің аудармасы қалай болады?
-Отан сөзінің аудармасы Родина.
-Еліміздің Астанасы қалай аталады?
-Еліміздің астанасы Астана деп аталыды.
-Ол қандай қала?
-Ол әдемі,әсем,тамаша, керемет үлкен қала.
-Астанамызда нелер бар?
-Астанамызда үлкен үйлер,ғимараттар,бәйтенрек бар.
-Балалар кім айтады бәйтеректің жоғарғы жағы неге ұқсайды?
-Жоғарғы жағы бәйтеректің допқа,жұмыртқаға ұқсайды.
-Дұрыс балалар жұмыртқаға ұқсайды екен.
-Енді шағын тақпақ жаттайық.
Сарыарқа, кең дала,
Сенсіз жетім мен бала,
Самұрықтай киелі,
Сен – Бәйтерек, Сен – Ана!
-Осы бәйтерек жайлы шаған аңыз бар екен мен сендерге айтып берейін.
-Балалар тәрбиеші оқыған аңыз әңгімені тыңдайды.
-Ертеде бір асы құс болыпты .
Оның ұясы ағаштың басында екен.
Жылда айдаһар кеіп балапандарын алып кете берген екен,
-Ал балалар ертегіні қалай аяқтауға болады?
-Балалар ертегінің аяқталуын ойдан шығарып айтады.
– Енді мақал айтайық отан туралы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
-Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
-Бұлбұл да ,адамдар да өз туған жерлерін сүйеді.
-Енді сергіту сәтін жасайық
Ду-ду-ду,
Поезд келеді.
Дк-дук-дук,
Бәрі жол береді.
-Балалар сергітуді қимылмен жасайды.
«Ойлан тап» ойынын ойнату.
Мақсаты: Асық түстеріне байланысты заттарды,
құбылыстарды тез тауып жауап беруге,шапшаңдыққа баулу.
Ойын шарты:Қызыл түсті асықты көрсеткенде,еліміздің қалаларын атайды.
Ал жасыл асықты көрсеткенде,еліміздің байлықтарын атау.
Ал көк асықты көрсеткенде,еліміздің судағы тіршілік көздерін атау.
Рефлексивті түзетуші:
-Балаларды мақтап,мадақтау.қандай әңгіме естігендері жайлы сұрау.
-Балалар өздерінің қандай аңыз ертегіні естігендері жайлы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Балалар таныс шығармалар үзіндісін қолдана отырып, ертегіні ойдан шығарып
айту жолын ұғынады.
Түсінеді: Байланыстыра сөйлеуінің жолдарын түсінеді.
Қолданады: Ертегі басын қолдана отырып, ертегінің аяғын ойдан шығару жолдарын
қолданады.