Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы
Маңғыстау облысының білім басқарамасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің
оқу-әдістемелік кабинеті
«Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы»
(оқу әдістемелік құрал)
Ақтау – 2015
2
«Бекітілді»
Маңғыстау облыстық
техникалық
және кәсіптік білім берудің
оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің
№____ хаттамасы
«____ »____________ 2015 ж
Тақырыбы: «Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы»
Құрастырған: Кожакова А.И. – Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.
Пікір жазған: Нұрмұхаметова Р.А. - Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің
«Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты.
Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы барлық мамандықтар
бойынша психология пәнінде қолдануға арналған.
Бұл әдістемелік құрал психологтардың, педагогтардың және топ
жетекшілерінің жұмысында көмекші құрал бола алады.
«¥сынылды»
Әдістемелік бірлестік
отырысының №___ хаттамасы
«____ »___________ 2015 ж.
3
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл әдістемелік құралда психологтардың, педагогтардың және топ
жетекшілерінің өз жұмыстарында қолдануға арналған психологиялық
тренингтер мен жаттығулар жазылған.
Бүгінгі таңда психология ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсті.
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, тіпті орта және жоғарғы оқу
орындарында да балаларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне
отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды
көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі.
Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі. Оны әмбебап әдіс деп те атайды.
Ал осы тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін
анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде
тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген
жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар.
Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға,
серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына
мүмкіндік туғызды.
Тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс
нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас, яғни
әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып табылады.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның дамуына,
тәрбиелілікке, оқыту қабілетін ұтымды пайдалануға, ықпалдастыққа, өзін-өзі
кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелейді.
4
МАЗМҰНЫ:
1. Психологиялық тренинг: «Мен және менің ұжымым»................... 5-7
беттер
2. Психологиялық тренинг: "Мен ғажайыппын"..................................8-9
беттер
3. Психологиялық тренинг: «Менің сүйікті мамандығым».............10-13
беттер
4. «Ата-ана махаббаты» тренингі.......................................................13-17
беттер
5. Отбасы тренингі...............................................................................17-19
беттер
6. Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі).........................................................19
бет
7. «Менің отбасым-менің байлығым» тренингі................................20-22
беттер
8. Тренингте қолданылатын жаттығулар.......................................... .....22
беттер
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................ 23
бет
5
Тренинг тақырыбы: «Мен және менің ұжымым»
Тренинг мақсаты:
- өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып,
бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға:
- жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа
түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, А3 - А4 қағаз беттері, фломастерлер,
қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар,
үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.
б) «Автопортрет» жаттығуы.
в) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Сергіту сәті
д) «Өрмекші торы» жаттығуы.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Теңізге саяхат» релаксация жаттығуы.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы.
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс
айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
- Тренинг ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен
шыққан. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық
әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр
адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,
жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу
мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
6
Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен
қатысуларыңызды сұраймын.
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
ІV. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау:
- әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына
ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты:
- сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану
үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын
белгілеріңізді табыңыз.
Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді
аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады,
бұл кімнің портреті екенін анықтау керек.
в) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау:
- қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша
тұрады. Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты:
- қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде
жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар
үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп
таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
7
Сергіту сәті
д) «Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау:
- қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс.
Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты:
Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына
айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі,
өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет
емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды
айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді –
дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу»
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші:
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді
бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының
лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз
және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және
күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан
кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы
теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы басқан ауыртпалықтан
бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз
төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен
жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз.
Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып
жатыр, су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап,
басыңызды шалқайттыңыз.
Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының
тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының
керемет дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп,
жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы
бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз.
Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды
айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
8
б) «Қайта байланыс» жаттығуы
a) Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек
ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/
арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,
кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған
жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз."
Бернард шоу
Қатысушылар: болашақ мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: тақта, бор, доп, ватман, фламастерлер.
Жоспар:
1.Жаттығу "Хор"
2.Мен ғажайыппын (әр түрлі көзқарасын анықтау)
3.Оқушы көзімен
4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
5.Жаттығу "Комплимент"
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Жүргізуші: Саламатсыздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте
ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі
кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік.
Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік.
Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,
бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы т.б.
Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл
"барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді
осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң
қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып
9
алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта
кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта
кетеді.
Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа
шыға тұрғанын өтінемін, залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың
сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш
деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам
қандай тақпақ екенін табу керек.
Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.
Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай
ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін,
балалардың көзімен, яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге
тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары,
екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі
қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты
отырып, көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай
болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп
мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып
қорғап шықсын.
Қорытынды:
- "бастауыш оқушылары" тобының пікірі: мұғалім мейірімді, әдемі,
көңілді, шыншыл болу керек.
- "жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби
шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.
Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз
болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың
сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған
төрт сапа шыншыл, қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл, осы сапалар біздің
бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер
бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін
саламыз.
Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын
деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі».
В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа
дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.
Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже
жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске
түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.
Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыпқа келетін
болсақ,"ғажайып" деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ
10
біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген
мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті
жоқ.
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!
Психологиялық тренинг:
«Менің сүйікті мамандығым»
Мақсаты:
Оқушылар психологтарына арналған тренинг олардың бойындағы
мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды
стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, басшылықпен,
әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-
қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет.
Тренинг тағы мынадай қасиеттерді: балаға позитивті қарым-қатынас,
оқушыны эмоцияналды қабылдау, олармен тілдесудің коммуникативті
амалдарын дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін
қалыптастыруға көмек береді.
Міндеті:
Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет
жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен
ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген
мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер
арқылы қалыптасады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін
ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу,
суреттер салғызуға болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл жаттығу
ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды қарастырмақпын.
Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана
алады.
Жоспар:
1.Сергіту тренингі.
2.Қызығушылықты ояту. Түстер бойынша топтастыру.
3.Мағынаны тану.Әр топқа ситуациялық тапсырма.
4. « Менің сүйікті мамандығым» жаттығуы.
5.Ой толғау. «ХХІ ғасыр мұғалімі ол қандай?»
(топтар эссе, бес жол өлең, ассоцация т.б қорғау)
6.Қорытындылау.
1. Сергіту тренингі «Австриялық жаңбыр»
2. Гүл бейнесіндегі түстер бойынша 4 топқа бөлініп отырады.
11
Сұрақтар:
І-топ
1.Сіз мектеп директорының орынбасарысың, қарауыңдағы 3 мұғалім
қоңырау соғылғаннан кейін сабаққа кешігіп келді. Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Сіз бірлестік жетекшісісіз, бірлестігіңіздегі мұғалімдер берілген
тапсырманы дер кезінде орындамады, сізге директор шұғыл түрде тапсырманы
орындауға бұйрық берді, не істер едіңіз?
3.Сіз мектеп директорысыз, қабылдауыңызда бір мұғалім отыр, үстіңізден
есік қақпастан екінші мұғалім кіріп келді. Осы іс-әрекетке қандай сипат берер
едіңіз?
4.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз. Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп,
кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті. Сіздің
көзқарасыңыз?
ІІ-топ
1.Жас маман мектепке келді. Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз.
Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз. Ең алғашқы
көмегіңіз?
2.Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар. Ұжымда
сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды
көбірек өткізген дұрыс деп ойлайсыз?
3.Сіз өз ұжымыңыздағы бір педагогтің педагогтік іс-әрекетке жатпайтын
олқы қылығының куәгері болдыңыз. Не істер едіңіз? (Дұрыс кеңес бересіз бе,
немқұрайлы қарайсыз ба?)
4.Әріптесіңіз отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты 1-2
күн жұмысты алмастыра тұруын өтінді. Келісесіз бе? Келіспеген жағдайда
неліктен?
ІІІ-топ
1.Адамда бәрі де әдемі болуы керек: «Ақылы да, ойы да, келбеті де, әдебі
де, мінез-құлқы да, киген киімі де, жүріс-тұрысы да». Осы туралы не айтар
едіңіз?
2.Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз,
оқушылардың алдына қалай кіресіз?
3.Сіз журнал толтырар алдында журнал толтыру ережесімен толық
танысасыз ба? Сіз қалай толтырасыз? Бұл жөнінде бірінші кімнен көмек
сұрайсыз?
4.Сіз тәжірибеңіз мол мұғалімсіз, сізден әріптесіңіз әдістемелік көмек
сұрады. Көмектесе аласыз ба?
ІV-топ
12
1.Сіздің тәжірибеңіз мол болғанымен, өз тәжірибеңізде кездеспеген қиын
сауал кездесті. Кімнен, қайдан көмек аласыз?
2.Сіздің ойыңызша ұжымда «қиын» мұғалім бар ма?
3.Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? «Иә» деген
жағдайда дәлелдеңіз, «жоқ» деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?
«Менің сүйікті мамандығым» жаттығуы.
(Әр топтағы қатысушылар бір жаттығуды орындап көрсетеді)
Жаттығудың мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық
эффективті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде өтеу (отработка)
Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Психолог топтың әрбір мүшесіне
алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады.
Мысалы, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Бұл жерде
фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ
мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі.
Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-
әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз
әсерлерімен бөліседі.
Бұл жаттығуда жеке индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу
үшін әрбір қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл
проблема енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды
емес. Көп жылдар бойы қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі
автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби
шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жекелік
индивидуалдығын басу ізімен емес, өзіндік «Мені» мен кәсіби мүмкіндіктерін
ашудағы үлесімділік пен толық жетілуді табу.
«Баға» жаттығуы.
Мақсаты:
Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті
коммуникативтік амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті
баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі».
Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға
мүмкіндік береді. Талқылауда алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ
мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға
негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс
табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру
керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте
өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті
қызсың, жақын күндері өзінің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін».
13
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен
психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге
болады.
Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза
төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені «бес» деп бағалаймын, ары
қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер».
«Мектеп директоры» жаттығуы.
Мақсаты:
Мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын
дамыту.
Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы
жағдайларын қарастырамыз.
Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында денсаулығына байланысты
демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен басқа да
жағдайларды ойнауға болады.
Бұл жаттығуды талқылау алдынғы жаттығудың схемасы бойынша жүреді.
«Эмоция» жаттығуы.
Мақсаты:
Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен
қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық
жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және
кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің
біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.
Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты қаншалықты шеше алғандығы
жайында ойлануға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды
қолдануда қайсысы (бет, қол, интонация және т.с.с) мәндері болып келетіндігі
жайлы ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе «мұғалімдік»
қатты мүсін.
«Күйіне келтіру» жаттығуы.
Мақсаты:
Сабақ басында қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс
қабілетін жоғарылату.
Топ мүшелері ыңғайлы позада шеңбер құрып отырады. Психолог денені
бос ұстап, көзді жұмып айтылған әңгімені көз алдарына елестеуді ұсынады.
Келесі мәтінді баяу, жұмсақ етіп әңгімелейміз.
«Бүгін сіз класқа барғыңыз келмей тұр. «Егер де... » әрекет ете отырып, өз
күш қуатымызды мобильдеуге тырысамыз. Егер де менің көңілім жақсы болып,
14
өзімді демалған және жаңарғандай сезінсем, класқа қуана барар едім. Көшеде
келе жатып өз оқушыларым туралы ойланам, оларды тезірек көргім келеді.
Ішке кіріп келдім, өз әріптестеріммен сәлемдесемін, оларға күлімсірей
қараймын. Өз оқушыларыма бара жатырмын, ішке кірдім, қоңырау соғылды,
сабақ басталды.
Сәлеметсіндер ме балалар!
Жаттығуды орындап болған соң жалпы топтық талқылау жүргізіледі.
Бұның барысында мұғалімдер мен психолог жұмысқа бағытталудың
психотехникалық әдістерімен тәжірбие алмасады.
Ой толғау. «ХХІ ғасыр мұғалімі ол қандай?»
(топтар эссе, бес жол өлең, ассоцация, схема түрінде моделін жасау т.б
қорғайды)
Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз қандай? Сау болыңыздар!
«Ата-ана махаббаты» тренинг
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін
жұмыстардың бірі ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналысты
қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс
жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.
Мақсаты:
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін
психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы
таяқша,альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы
2.Баяндама. «Ата-ана махаббаты»
3. «Біз біргеміз!» жаттығулар
4. «Өтінемін!» ойыны
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
6. «Тілек шамы»
7. Ой- толғаныс
Тренинг барысы:
І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
15
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің
есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды
қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде
болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты»
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат
үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың
жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек
қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын
үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-
қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі -
баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана
емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге
менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір
қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман
қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы,
болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана
жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан
тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін
жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның
нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында
ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты:
Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-
аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
16
«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған
суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде
болдыңыз?
«Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар
аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр.
Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып
шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай асалады. Баласы суретті бастайды, әкесі
жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті
жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты:
Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне
көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар
сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т,б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді
айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам,
сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
17
V. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды
және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды
Жағымсыз
Мейірімділік
Өтірік айту
Жан ашу
Өшпенділік
Сыпайылық
Кек сақтау
Даналық
Тіл алмау
Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам
ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз
қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
VІ. «Тілек шамы».
Мақсаты:
Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана
мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты
талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың
мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен
маңызы бар екенін сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек
шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге
мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы
жерде айтуларыңызды сұраймын.
VІІ. Ой-толғаныс.
Тренингтіңбасталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның
артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз
ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған
пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)
Отбасы тренингі
Тақырыбы: «Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға
болады?»
Түрі: ата-аналармен сұхбат сағаты
18
Әдісі: тренинг, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар
Мақсаты:
Республикалық «Сенің-құқығың –менің құқығым» атты онкүндік
жоспарына сай ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттыруға
ықпал ету. Балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерінің қалыптасуына
көмектесу.
Жоспары:
І бөлім
1. Кіріспе сөз
2. Баяндама «Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы ҚР кодексі»
ІІ бөлім.
1. Тренинг
2. Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»
3. Шығармашылық тапсырмалар:
- Бала деген кім?
- Ата-ананың міндеттері мен жауапкершіктері
- Ата-ананың тәулік бойынша іс-әрекеті
- Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігінің бір көрінісі
Қорытынды: (бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлерін білу)
Өту барысы:
1. Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздерді «Отбасындағы қарым-
қатынастар үндестігін қалай құруға болады?» атты кездесуге шақырып
отырмыз. Мақсатымыз республика бойынша "Сенің-құқығың - менің құқығым"
атты онкүндік өтуіне байланысты құқықтық сауаттылығымызды арттыру. ҚР
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі күшіне енді. Ол кодексте
жанұя, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері т.б. көрсетілген.
2. Тренинг. Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып бүгінгі кездесуден не
күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналарды топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
«Бақытты отбасы» мәтіні.
Бір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған.
Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға
бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар (пікірлерін
білдіру)
3. Ата-ананың бас қуанышы – бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу
діңгегі – бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы
отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап,
рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың
жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-
19
қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік,
түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін
сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Сонымен «Бала деген кім?» деген тапсырманы орындайық (қағазға жазып
көрсетеді)
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында
отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз
болса, оның сүйеніші – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына
барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат
мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-
ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға
түсіресіздер.(кестеге жазып береді)
Ата-ананың міндеті
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге
бейімдеу;
2. Білім алуына көмектесу;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
4. Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының
мектеп өмірімен танысуға;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы
заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;
6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп
қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» - деген қағиданы берік сақтауға
міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі
1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз
қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына
жауапты.
4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен
татулықты ұстануға жауапты.
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына
жауапты
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай
тәрбие алуына жауапты.
Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі
жұмысын бөліп көрсетеді (сағат бейнеленген қағаз беріледі)
20
Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу
мәнерін көрсетеді (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)
Қорытынды:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда
ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-
ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол
перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар
бойы сақталып, мәңгі есінде болады.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып
өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы
орындайды.
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді.
Бірулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін
жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң
т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы
қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным
қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау
оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның
мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз
ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен
қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта
түседі.
Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат!
Тренинг
Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»
Мақсаты:
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен бала мен ана
арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар,
ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық
21
тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген
сенімін күшейту;
Көрінекіліктер:
Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша, видео материалдар,
слайд-шоулар.
Кіріспе (Мұғалім сөзі)
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар!
Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат
үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен
сіздердің жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-
анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат
тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына
байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің
перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп
өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде
«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-
ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!
Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге
белгілі.
Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық
тілеймін.
1.Шаттық шеңбері
Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда
көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен
айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.
- балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп
айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.
- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге
нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.
Әр тілектен соң 3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.
2. «Біз бақытты жанұямыз» Суреттер әлемі
Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған
суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар
орындаңызға жайғасуға болады. (Музыка)
- сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?
- қандай белгісіне қарап таптыңыз? 3-4 анаға
3. Видео-ролик
Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын.
Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…
4. Слайд-шоу балалардың өмірінен
22
5. «Біз біргеміз»
Келесі тапсырмамызға көшейік
Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға
шақырамыз.
Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз, музыка тоқтаған кезде сіз де
тоқтайсыз.
Енді ортаға сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен
орындарыңызға жайғастырамыз.
Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап және бір суретті бастап кетесіздер,
музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып, аналар ортаға шығып
суретті аяқтайды.
Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?
Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады?
6.Тыныштық сәті
7. Тренинг Сиқырлы таяқша
Ортаға 4 отбасын шақырамыз.
Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы
болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.
Мысалы :
Сараң - Үнемшіл
Өтірік айту - Ренжітпеу үшін
Төбелесу - Біреуді қорғау
Сабақтан қалу - Балаға ие болу
Ұрысу - Жаманнан сақтау
Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін көп рахмет сіздерге.
8. Тренинг «Өтінемін» ойыны
Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.
Сіздермен бір ойын ойнап көрейік
«Өтінемін» ойыны
Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?
Рахмет, ғафу етіңіз, өтінемін!
Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер мен «Өтінемін » деген
сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді
айтпасам, онда орындамайсыздар.
- секіріңіздер
- өтінемін, қол шапалақтаңыздар.
Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.
9. Қысқа метражды фильмі
Келесі кезекте болашақ маман, техниканың құлағында ойнайтын мырза
жігіттер сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны
ұсынамыз.
23
10. «Жазбай танимын»
Барлығымыз ортаға шығып шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз
ана мен бала арасындағы қарым – қатынасына өз үлесімізді қостық деп
есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп
отырған көз қуаныштарыңыз - балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да,
жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.
Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым -
менің байлығым» атты шарамыз аяқталып та қалды. Бүгінгі сабақтан
түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз
десеңіздер сөз сіздерде.
Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.
Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып
келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар!
Тренингте қолданылатын жаттығулар
«Шеңбер бойынша фраза»
«Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар
түсіп жатыр». Енді, экранның оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны
кезекпен айтамыз.
Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек
(сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа
еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында
үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға
болмайды. Назар аударуларыңды сұраймын, ойынды бастайық. Жеңімпаздарды
құттықтаймыз».
«Бұзық телефон»
Жүргізуші оң жағындағы адамға көзін жұмғызып, оған қандай-да бір
қимылды жасайды. Ал, ол ашық күйінде қалғанына көрсетеді, осылайша ойын
жалғасады.
«Жалпы назар аудару»
Ойынның барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы
орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалық әсер және
жергілікті апатты қолданбай қоршағандардың назарын аударуға тырысуды
талап етеді. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта
орындауға ұмтылуымен күрделенеді. «Бұған кім қандай жолдармен қол
жеткізгенін анықтаңдар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың
назарын көп аудартқан адамды байқаймыз».
24
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қызықты психология журналы – 2013 ж.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. – 2001 ж.
3. Батаршева А.В. Тестирование. Основной инструментарий практического
психолога. – Ростов- на – Дону, 2000 ж.
4. Битянова М. Практическая психология, М ., 1996ж.
5. Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога. Под ред.
И.В. Дубровиной. – М,. 1987ж.
6. Леонова Л.Б. Психологическая диагностика и регуяция функциональных
состояний учащихся. – М,. 1990ж.
7. «Мир профессий»: Человек – человек, М.:Молодая гвардия, 1986.-300с.
8. «Мир профессий»: Человек – художественный образ, М.:Молодая
гвардия, 1987.-383с.
9. «Мир профессий»: Человек – техника/ М 63-М.Мол.гвардия, 1988. -335 с.
10. Н.В. Клюева «Технология работы психолога с учителем», Москва, 2001
г.
11. О.В. Хухлаева «Основы психологического консультирования и
психологической коррекции», Москва, 2001 г.
12. М.Р. Битянова. Психолог в школе: «Содержание и организация
работы», Москва, 1998 г.
13. Р.С.Немов. Психология: «Учебник», Москва, Просвещение, 1995 г.
25
Педагогика - еще материалы к урокам:
- План работы с родителями обучающихся воспитателя группы продлённого дня
- Презентация "Поздравляем с началом учебного года!"
- Конспект урока "Прогулка в лесу" (старшая группа)
- Характеристика учащегося 1 класса образец
- Проект по адаптации "Адаптация без слез" Младшая группа
- План работы школьного методического объединения учителей естественно-математического цикла на 2019 -2020 учебный год