Конспект "БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ"

Тақырыбы: « БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы
түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді
құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас
июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту
қабілетін дамыту.
1 - Жүргізуші :
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. «Балауса» тобының «Бейбіт күні
жасасын әлемде» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!. Бәрімізге мейрам
құтты болсын!!!
Музыка ойнап тұрады.
«Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік әскери шеру» лдар мен қыздар)
Мерекені Мемлекеттік Әнұранмен бастайық !
2 Жүргізуші:
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр ұлы Отан соғысында
елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім
қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін
өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың
ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.
ЖАУЖҮРЕК ПОЛКІ
(Сұлтан, Қанағат, Жарқын, Н.Адель, Е.Ерасыл, Кәусар, Еркебұлан)
1 Жүргізуші:
Жаужүрек полкінің ардагерлері туралы
2 Жүргізуші:
Тақпақтар:
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға. Кәусар
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін Қанағат
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін. Еркебұлан
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік. Е.Ерасыл
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты.
1-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк
Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б
жерлестеріміз аз емес.«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған
жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің
ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы
бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен
апаларымыздың рухына құрметпен бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
1 минут үнсіздік жариялаймын.
2-Жүргузіші: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды». Жеңіс күніне қалай
жеткеніміз туралы қысқаша үзінді тамашалаңыздар. (Слайт көрсету)
1- Жүргізуші:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
Ән «Ел қорғауға әзірміз»
2 - Жүргізуші:
Балалардың Жеңіс күніне арналған тақпағымыз бар
Тақпақтар:
Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Дильназ
Майский праздник-
День Победы
Отмечает вся страна.
Надевают наши деды
Боевые ордена Диас
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды Алмагүл
Жау жеңілді ақыры
Атты бейбіт таң күліп,
Жиырма сегіз батырыды
Ұмытпайды ел мәңгілік Ильяс
1 - Жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады- деп ендігі кезекті
Би: «Моряк» биіне берейік!
2 - Жүргізуші:
Чернобыль соғысының конағы келеді. (Айдар аға келеді.)
Балалар біздің ауылымызда да Ауған, Чернобыль соғыстарына да қатысқан
ағаларымыз бар. Сол ағаларымыздың бірі сендерді мерекелеріңмен
құттықтай келіпті.
Қонағымыз балаларды құттықтайды.
1- Жүргізуші:
Ойын: «Хатты жедел жеткізу»
Ойын шарты: Екі командаға бөлініп, хатты жедел түрде почта жәшігіне
салады.
2- Жүргізуші:
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз – дей келе, енді кезекті тақпақтарға
берейык:
Тақпақтар:
Спасибо героям,
Спасибо солдатам,
Что Мир подарили,
Тогда – в сорок пятом!!!
Вы кровью и потом
Добыли ПОБЕДУ Ерсайын
Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ… Алинұр
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз бейбітшілік,
Ашық болсын кең аспан Мирас
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық Адэль
1- Жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды - дей келе келесі кезекті
Би: «Стюардесса» биіне берейік!
2-Жүргізуші:
Ойын: «Оқтар жинау»
Ойын шарты: Екі командаға бөлініп, оқтармен, снарядтарды екіге бөліп
жинап, жарысады.
1 Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен кәне бәрің түрегел! – дей келе кезекті
Ән: «Желбіресін жеңіс туы» атты әніне береміз!
Қонағымыз балалармен қоштасып шығып кетеді
2-Жүргізуші:
Сұм соғыс қайтіп болмасын
Бәйшешектер солмасын
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын.
Бірлікпен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын.
-Осымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Бейбіт күн жасасын
әлемде» атты ертеңгіліміз аяақталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз
ашық болсын! Сау саламатта болыңыздар.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Балауса» ересек тобы
«БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ»
Тәрбиеші: Есимханова А.Ш.
Алпысбаева Ш.Т.
Музыка жетекшісі: Бекмұрат.А
Самар ауылы, 2019 жыл