Конспект занятия "Қауіпсіздік әліппесі"
Күні:
Тақырыбы:«Қауіпсіздік әліппесі»
Мақсаты: Балаларға табиғатта болатын төтенше жағдайлар:су тасқыны,жер
сілкінісі,өрт туралы мәлімет беру.Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу
шеберлігі,төтенше жағдайлардың қауіп-қатерін жете түсінуін дамыту.Әр баланың
өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін шыңдау.Төтенше жағдай кезінде өзіңді
қалай ұстау керектігін үйрету. Қауіпсіздік ережесін сақтауға, сабырлы
болуға,ұқыптылыққа,шеберлікке,аңғарымпаздыққа, достық көмек көрсетуге дайын
бола білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,жұмбақ
шешу,мақал-мәтел айту.
Көрнекі құралдар:тақырып бойынша суреттер.
Шаттық шеңбері
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер – Ана, көл,теңіздер.
Тәрбиеші:Балалар,әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер,
гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды?
Балалар: «Бәріне ортақ үй –жер»- деп аталады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар,бәрімізге ортақ үй ол –жер.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Жұмбақтың жауабын тауып
көресіңдер ме? (Балалар:ия)
Жұмбақ жасыру:
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып,дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
- Ол не екен балалар?
Балалар:Жаңбыр,найзағай.
Тәрбиеші: Балалар жаңбыр, найзағай – олар табиғат құбылыстарына жатады
екен.Табиғат құбылыстары әр түрлі болып келеді.Жаңбыр жауса жерге шөптер
шығады, шаң – тозаң болмайды.Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны көп
болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы
әңгімелеспекпіз.Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын
немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылыққа зиянын келтіретін жағдайды
айтамыз.Осы төтенше жағдайлардың бірі су тасқыны. Су тасқынының негізгі үш
себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың
жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі
ұзаққа созылғанда өте қауіпті.Су тасқыны кезінде барлық жерді су басып, үйлерді,
көпірлерді,жолдарды, электр жуйелерін су басып қирайды. (Суреттерін көрсету)Су
тасқыны кезінде не істеу керек?Өзімізді қалай ұстау керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тәрбиеші:Балалар,су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды,құжаттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау керек.
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін
киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, ең биік жерге көтерілу керек. Егер
ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу
қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан
табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Тәрбиеші:Төтенше жағдайдың тағы бір түріне жер сілкінісі жатады. Жер сілкінісін
алдын-ала болжап хабарлайды, алдын ала дайындап қою керек:
- Құжаттарды сөмкемізге салып дайындап қою;
- үш күнге жететін тамақ пен суды;
- Жарық шамы (фонарь) мен сіріңке;
- Дәрі-дәрмек;
- Жылы киім мен аяқ киімді;
Жер сілкінісі қаупі төнгенде айқайлауға, жылауға болмайды.
- Газ, су және жарықты сөндіру керек;
- Балалар, біз жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерлерді,мұхият есімізге сақтауымыз
керек.үстел астына, үйдің бұрышына,есіктің жақтауына жасырынамыз? Егер
жерсілкінісі далада болса, көшеде келе жатқанда болса, электр бағандарына,
талдарға,жақындамауымыз керек.Жер сілкінісі өте қауіпті апат.
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жату керек;
- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетуге болмайды;
- Кереуеттің, столдың астына тізерлеп,басты бұғып отыру керек, себебі бұлар
құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ
ұстау керек, лифтіні пайдалануға болмайды екен.
Жер сілкінісінен кейін:
- Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсету керек;
- Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу керек;
Жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген
ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс.Ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су
тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай
жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық .
Жұмбақ шешу:
Жаурағанды күйдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (От)
Балалар:От
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Жұмбақтың жауабын дұрыс таба білдіңдер. «Отпен
ойнама, күйерсің» дегендей оттың адамға жалпы табиғатқа тигізер зияны өті көп. Егер
отты дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орны толмас зор қайғы – қасірет әкелетіні
хақ.Сондықтан да осы отырған әрқайсысымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз
керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен, ережелерді сақтай отырып
пайдалану керек.Төтенше жағдайлардың бірі - өрт.Өрт-тілсіз жау.Өрт туралы біз
сендермен өткен сабақта әңгімелескенбіз.Келесі ойын арқылы біз өрт туралы есімізге
түсірейік.
«Болады- болмайды».
Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға ........
Жанып тұрған сіріңкені тастауға.........
Өрт кезінде үлкендерді көмекке шақыруға.....
Өрт шыққан жерде қалуға......
Өрт кезінде шкафтың,төсектің астына тығылуға......
Бетімізді су орамалмен орауға...........
Өрт!- теп қатты айғайлауға.......
Өрт кезінде газды жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға........
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Ал енді от пен су туралы мақалдар білеміз бе? Қане
кім айтады?
1-бала:Отпен ойнама, күйерсің.
2-бала:Ойын түбі – от.
3-бала:От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
4-бала:Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
5-бала:От пен су – тілсіз жау.
«Доп лақтыру» ойыны арқылы қорытындылау.
Тәрбиеші: Рақмет сендерге,балалар!Міне, балалар бүгін біз табиғи аптаттар:жер
сілкінісі,су тасқыны, өрттің адам өміріне,жалпы табиғатқа әкелер зардабын және
осындай апаттарда өзімізді қалай ұстау керек екенін,қауіпсіздік ережелірін білдік.
Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті болып жүріңдер.
Біледі:Төтенше жағдай туралы мәліметті және оның қауіп-қатерін.
Игереді: Төтенше жағдай кезінде өзің қалай ұстау керектігін.
Меңгереді: Су тасқыны,жер сілкінісі,өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды және
дұрыс іс-әрекет жасауды.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Блюдо с фруктами и ягодами"
- Конспект НОД "Весной на стадионе"
- Конспект мероприятия ко Дню здоровья "Мы здоровью скажем да!"
- Конспект занятия "Пальчиковые игры с Машей"
- Практическое задание "Выявление лидерских качеств"
- Методическая разработка сценария "Есть на свете страна – это сказка!"