Конспект урока "Т. Молдағалиев «Ұшқыш боламын»"

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 06.02.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, танып біл де кәсіп қыл»
Тақырыбы: Т.Молдағалиев «Ұшқыш боламын»
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Ұшқыш мамандығын бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамыту: Балалардың сөздік қорын молайтып, тілдерін жаттықтыру.
Оқыту: Балаларды тақпақ пен таныстырып,зейін қойып тыңдап, жаттауға үйрету
Педагогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент: ұшқыш-летчик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам
-Қайырлы таң!
-Балалар көңіл-күйлерін қалай?
-Қандай маандық түрерін білесіңдер?
-Балалар сендер өскенде қандай мамандық иесі болғыларын келеді?
Негізгі бөлім:
Балалар менің сендерге жұмбақ қойғым келіп отыр,жауабын тауып көріндерші
Жұмбақтар:
Құстан аумайды,
Көкте заулайды.
(Ұшақ)
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
-Ұшқышы деген кім, кім біледі?
-Ұшқышы немен ұшады?
-Ол немен ұшады?
-Әуе көліктерін атайықшы?
-Ұшаққа мініп көрдіңдер ме?
-Ұшақты жүргізетін адамды кім деп атайды?
-сонымен қатар адамдар ғарышқа ұшады, оны біз ғарышкер деп атаймыз.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Артикуляциялық жаттығу:
Ер - ер – ер»
Қасиетті жер.
Төгілді көп тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі Тілдің шеттері тіске
тимейді.
Нек – нек –нек
Шай қайнайтын шәйнек
Се – се се-
Шай ішетін кесе
Балалар сендерге Т.Молдағалиевтің «Ұшқыш боламын» деген өлеңін
оқып берейін ал, сендер мұқият тыңдап отырындар.
«Ұшқыш боламын»
Көкке ұшамын
- Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның«
Сергіту сәті:
Аспан,аспан,арайлым.
Саған жие қараймын,
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын.
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің
арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Қорытынды:
-Ұшқышы деген кім?
-Ұшақ қайда ұшады?