Конспект занятия "Ұлттық тағамдар" 6 класс

Каррамова Л.Қ.
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
6 сынып
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы. Ұлттық тағамдар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ұлттық тағамдардың түрлері туралы мәлімет беру.
2. Дамытушылық: интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып,
оқушының сауаттылық деңгейін арттыру. Тіл байлығын дамыту, есте сақтау
қабілеттерін нығайту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды астан үлкен еш нәрсе жоқ екенін түсіндіріп, оны
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың негізгі идеялары:
Керекті материалдар: ұлттық тағамдардың суреттері, кесте, флипчарт, түрлі
түсті фломастер мен стикерлер, бағалау парағы,
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, сыни – тұрғысынан
ойлау («Делегир» әдісі, «Ыстық үстел» әдісі), ИКТ.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
(Оқушылар сабақтың алында стикер арқылы үш топқа бөлініп отырады)
Амандасу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылар бір сын есім арқылы бір – біріне жақсы лебіздерін білдіреді.
2. Жаңа тақырып. Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, бүгін сабақта біз жаңа тақырыппен танысамыз?
- Тақырыпты анықтау үшін тақтаға қарап не көріп тұрғанын айтып беріңдер
(тақтада ұлттық тағамдардың суреттері көрсетілген) (тағамдар).
- Осы тағамдар қай халықтың тағамдары?
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады?
- «Ас – адамның арқауы» дейді қазақ халқы. Қазақ халқының тағамы
туралы не білесіңдер? (Оқушылардың білімдерін анықтау)
- Осы тақырып бойынша не білгілерің келеді? (оқушылар сабақтың мақсатын
қояды).
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
Жаңа сөздермен таныстыру.
Пайдалы – полезный
Зиян – вредный
Дәмді – вкусный
Ағза – организм
Ас, тамақ, тағам – блюдо
Дәрумендер- витамины
Жұмсақ –мягкий
Тұзды – соленный
Алдын ала дайындап келген оқушы «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»
атты презентациясын ұсынады.
3. Топпен жұмыс. Біз қазір топпен жұмыс жасаймыз. Топпен жұмыс жасау
ережесін естеріне түсіру.
1- топ: Сут тағамдары.
2- топ: Ет тағамдары.
3- Топ: Ұн тағамдары.
Топтар тақырыптарын ашып «Делегир» әдісі бойынша әр топтың спикері топ
топқа көшіп өз тақырыбын ашады.
5. Бекіту. Оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды.
6. Қорытынды. «Менің сүйікті ұлттық тағамым» атты тақырыбы бойынша эссе
жазу. « Ыстық орын» әдісі арқылы оқушылар өз шығармасын оқиды.
7. Үй жұмысы. Сөздерді жаттау. Деңгейлік тапсырманы орындау.
ІІІ деңгей
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
- Қандай сүт тағамдары бар?
- Еттен жасалған қандай тағамдар бар?
- Бауырсақ, шелпек неден жасалады?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.
Еттен жасалған тағамдар: ..., ..., ... .
Ұлттық тағамдар өте ... .
Сүт тағамдарында ... бар.
Бауырса, шелпек ..., ..., тағам.
І деңгей
«Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша диалог
құрастырыңдар.
8. Бағалау. Оқушылар парақ қағаздарындағы балдарын санап, бағаларын айтады.