Внеклассное мероприятие "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышы"
Шаған жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы»
Сынып жетекшісі:Ермухамбетова Л.О.
2012 – 2013 оқу жылы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін
насихаттай отырып, оны елімізде тұратын барлық халық өзінің
міндеттілігін білу қажеттілігін түсіндіру.
Оқушыларды отансүйгіштікке, отанына, туған халқына адал
қызмет етуге, мемлекеттік нышандарды қастерлеуге, құрметтей
білуге баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
нышандары – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Президент Н.Ә.
Назарбаевтың суреттері т.б.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Әр бір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік
нышандары Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Қазақстан
Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып
жатқандықтан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны,
Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін
паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің
өткені, бігіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың
жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт –
санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,
арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Мемлекеттік Ту Республика Президентінің сарайына,
Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің және басқа
мемлекеттік мекемелердің. Қазақстанның шет елдегі
елшіліктерінің ғимараттарына тұрақты орнатылады. Бұлардан
басқа Ту ұлттық мекемелер кезінде көтеріледі. Мемлекеттік
Тудың алдында әскери адамдар Отанға адал қызмет ететіні
жайында ант береді.
Ердаулет: Көк аспанда көкпенбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек – елдің ашық қабағы.
Ақ ниетті – алтын күн,
Асқар арман – қыраны.
Жалауы – бұл халқымның
Мәртебесі, - Ту – ары.
Мемлекеттік Елтаңба Туға, мөрге, металл ақшаға,
мемлекеттік ғимараттарға, т.б. салынады. Республика
Президентінің жұмыс бөлмесінде, Парламент мәжілістері өтетін
залда, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелкрде,
Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне Елтаңбаның
бейнесі тұрақты орнатылды. Мемлекеттің шекарксындағы
бағанағы салынған Елтаңба бейнесі Отанымыздың тәуелсіз,
егеменді ел екендігін көрсетеді.
Алтын: Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамлы.
Еге елімнің қорғаны –
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ – күн, уық – нұр.
Мемлекеттік Әнұранның әуені көңілді толқытып, жаныңды
шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш
сезімге толтырады. Әнұранның әсерлі үні салтанатты
жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса
маңызды орын алған оқиғаларға арналған ескерткіш
орнатылғанда Әнұран орындалады. Шет елдердің мемлекет
басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға
мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.
Гауһар: Әнұран!
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Қорытынды: Құрметті оқушылар! Бәріміздің жүрегіміз Отан
деп соғып, Тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп
желбірей берсін! «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
атты сынып сағатын жабық деп жариялаймыз.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Разработка урока "Этика және біз"
- Конспект урока "Ұжымдық жұмыстарды қалай атқаруға болады?" 6 класс
- Тест "Предпочтительные виды профессиональной деятельности"
- Классный час "Бос уақытты тиімсіз өткізудің зияны" 6 класс
- Классный час "Отан үшін от кешкендер" 6 класс
- Классный час "Настоящий мальчишка, какой он?" 5 класс