Технологическая карта урока "Сүйіспеншілік - өмір нәрі" 11 класс

Өз-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_Абай орта мектебі__________№_10
Тақырып _Сүйіспеншілік - өмір нәрі____________
Құндылық__ сүйіспеншілік _______Қасиеттер: көңілі ауу, сезгіштік,
риясыздық
Мұғалiм: Мағау Саулетхан Cынып_11_ Оқушылар саны_7_
Сабақ мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілік туралы
түсінік беру арқылы оның құндылықтық мәнін ашу.
1. Білімділік: Риясыз сүйіспеншілік туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Оқушыларда сезімталдық қасиеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке, нәзіктікке
тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлу
Тыныштық сәтi.
1 «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бақыт сыры» (әңгімесі)
Сұрақ:
1.Бақыттың басқа қандай сырын білесіздер?
2. Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?
3 .Сендердің пікірлерің бойынша бақытты адамдар деген
кімдер?
Сабақ
барысын
талқылау:
Дәйексөз
Сүйіспеншілік- өмір өзегі
(Мақал)
Сұрақ: Мақалдың мағынасын қалай ашар едіңіздер?
1. Әңгiмелеу (сұхбат). «Ананың жүрегі» Д.Хамзабекұлы
Ертеде бір ер жігіт,
Жар іздеп жүрді ол кезіп.
Кезікті бір күн сұлуға
Сәті де түсті, кезігіп.
Ақмаңдайлы, ажарлы.
Жан екен жүрген еліріп.
Анаңның туған жүрегін
Әкеп бер деді зекіріп.
Қалыңдық сонда балам деп,
Шарт қойды сұлу керіліп.
Анасын қалай өлтірсін
Қиналды жігіт езіліп.
Ғашықтық отышыдатпай
Барады жанды кеміріп.
Бір күні болмай анасын
Мерт қылды жігіт еліріп.
Ала салып жүрегін,
Өкіре жігіт жылады.
Тасқа да тиіп аяғы
Аты да оның құлады.
Есін жиып қараса,
Жүрек тұр талда ілініп.
Бүлкілдеп ана жүрегі
Сөйлейді сонда тіріліп.
1 сұрақ. Оқиғадағы жігіттің қылығына өз көзқарастарыңызды
білдіріңіздер.
2 сұрақ. Ананың риясыз сүйіспеншілігін қалай түсінер
едіңіздер ?
3 сұрақ. Ана алдындағы парызды қалай өтеуге болады деп
ойлайсыздар?
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І топ. «Сүйіспеншілік» сөзіне ребус құрастыру
ІІ топ. «Махаббат» сөзіне сөздер құрастыру. Мысалы,
М - мейірімді
А - аялы
Х - ханшайым
А - ақжарқын
Б - білімді
Б - білгір
А - адам
Т - тұрақты
ІІІ топ: «Сүйіспеншілік» сөзіне топтастыру жұмысы
3. Үй тапсырмасы.
Сүйіспеншілік
«Риясыз сүйіспеншілік дегеніміз не?» эссе
4. Топпен ән айту.
«Жақсы көру» Ф.Оңғарсынова
Өмірің таңдай болса арайлаған,
Қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
Нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы:
Жақсы көру, жақсы көру,
Не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
Қуанып қөз ілуге
Адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
Ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
Өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
Жүрегім жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып күй кештірген сезім-сәуле
Өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.
5. Соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштықта отырып, бүгінгі сабақты есімізге түсіреміз.
Барлық жағымды әсерлерімізді жүрегімізде сақтай келесі
өлең жолдарын қайталайық.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемде.