Технологическая карта урока "Су-өмір көзі" 4 класс
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Сәуле орта мектебі
Мерзімі: № 30 сабақ
Тақырыбы: Су-өмір көзі
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: әр қашанда көмекке дайын болу, ұжымда жұмыс жасай білу,
өзгелерді ренжітпеу.
Мұғалім: Уалиева Рабига Капаровна
Сынып: 4 Саны:8
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су тіршілік көзі екенін үйрете
отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,өмірге
деген қажеттілігін үйрету;
2. Қоршаған ортаға өз үлесін қосуға, әр қашанда көмекке дайын болуға
дамыту;
3. Өзгелерді ренжетпеуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу:
Ресурстар:
(нақыл
сөздер, су.)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»
қайталап, 5-Т ережесі
Т-тәртіп
Т-талап
Т-тыныштық
Т-тазалық
Т-татулық
Тыныштық сәті.
Мұғалім: Қайықпен көлге серуенге шығу
(Жанға жайлы музыка әуенімен)
Ыңғайланып отырыңыздар, аяқтарыңды созып,көздеріңді
жұмып,қолдарыңды айқастырмай,денелеріңді босаңсытып
отырып,қиялданып көрейік...
...Таңертеңгі маужыраған тыныштық сәт,күн шуағын жер бетіне
молынан төгіп тұр.Біз бүгін көлге қайықпен серуенге
шығамыз.Орнымыздан көтеріліп, мектеп айналасында өзімізді күтіп
тұрған мектеп автобусына отырып, көңілді күйде бәріміз көл жағасына
да келіп жеттік.Жағалауда дайын тұрған қайықтарға достарымызбен
бірге отырып,жүзіп те кеттік.Міне,біз қайықпен көл бетінде ақырын
тербетіле жүзіп келеміз.Жоғарыда тұнық көгілдір аспан,аспан
Сабақ
барысын
талдау:
Интербел.
Тақта
аясындағы нұрлы шуағын шашып тұрған шуақты күн,төменде
сылдырай аққан мөп-мөлдір су,су бетінде еркелей жүзіп жүрген әдемі
аққулар,ал айналада сайраған құстар дауысы естілуде.Біз барлық
денемізбен су бетінен желпи ескен салқын самал лепті,жоғарыдан күн
шуағынан тараған жылуды сезіп
келеміз.Иығымыз,қолымыз,денеміз,аяғымызға жылу сезілуде.Ал су лебі
біздің денемізді сергітуде.Біз жайлымыз,өзімізге сенімдіміз.Барлық
жамандық атаулы бізден кетті.Көңіл-күйіміз өте тамаша!Біз өмірге осы
сәттегі бақытты күйімізге ризамыз,өз күлкімізді,осы бақытты
шағымызды айналамыздағы адамдарға сыйлаймыз.Біз көл бетінде әдемі
жүзіп келе жатырмыз.Ескекті достарымыз болып кезектесіп
есудеміз.Қайықты ескекпен есу бізге сондай ұнайды.Міне, біз
қайығымызды ақырын жағаға қарай бұрып жүзіп келеміз. Жағалауға
ақырын жақын жүзіп келіп қайықтан түсіп көлігімізге
отырдық.Автобусымыз бізді лезде зырлап отырып мектебімізге де алып
келді.Көліктен түсіп,мектепке де кірдік,дәліз бойымен жүріп отырып
сыныбымызға жетіп,ондағы өз орнымызға ақырын жайғастық.Барлығы
өте тамаша! Жаймен көздеріңді ашуға болады.
Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу.
-Қалай балалар,көлде қайықпен серуендеген сендерге ұнадыма?
-Қандай сезімде болдыңдар?
аудио
2. Үй тапсырмасы
3. Су туралы мақал-мәтелдер,тыйым сөздер жаттау.
Оларды сабақ барысында қолдана білу.
139-140 беттегі Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» (аудио) тындату.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Жолаушылар тастағы жазуды қалай түсінді?
2. Үш жігіттің айтқандарынан олардың бойындағы қандай қасиеттерін
білдіңдер?
3. Адам көңілін, бойын бұлақтай таза ұстау үшін адам бойында қандай
құндылықтар мен қасиеттер болуы қажет деп ойлайсыңдар?
4.Сендерге айналадағы адамдардың көңіл күйі қалай әсер
етеді? Әңгімелеп беріңдер?
4. Дәйексөз. Су жоқ жерде – өмір жоқ.
М.Хакімжанова
Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
Дәйексөзді оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің
мәнін ашу.
5.Әңгімелеу.
Сабыр суы
аңыз
Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың
ақсақалынан жылап келіп, шағым айтады:
Маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз.
Көршілеріммен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл
– кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. Не амал етсем екен?
Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды.
Содан соң бір құты су береді де:
Осы су саған көмектесуі тиіс. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде
осы суды ұрттап ал. Бірақ бірден жұтып жібермей, аузыңа біраз уақыт
ұстауың керек, - дейді. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам
ақсақалға тағы жылап келеді.
Сірә, суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек. Сіз берген
судың көмегі тиген еді. Мен көршілеріммен жақсы қарым – қатынас
орнатып қалып едім. Бәріде жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім
көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді.
Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы
«жырын» қайта бастады. Менің мазам кетті. Сіздің көмегіңізсіз
болмайтын болды, - деп тағы да су беруін сұрайды.
Сонда ақсақал күліп:
Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің
пайдаланып жүрген кәдімгі су. Оның саған көмегі – көршілерің
жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға ауызыңның бос
болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді -
өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді - өзің
тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін
түсінген шығарсың – дейді.
Талдау сұрақтары:
1. Көршілердің тыныштығы неліктен бұзылып, мазасыздана берді
деп ойлайсыңдар?
2. Ақсақалдың тапқырлығы қай жерлерде байқалды?
Ақсақал неге суды таңдады?
3. Су әлгі адамның өміріне қандай өзгерістер әкелді?
6.Презентация «Су тіршілік көзі»
7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Су тіршілік көзі»
топтастыру жасау.Оқушылар бұрын білетіндерін және бүгін сабақта
білшендерін байланыстыра отырып флипчартқа
түсіру,суреттеу).Қорғаған кезде су туралы мақал-мәтелдер,тыйым
сөздер қолдану,мағынасын ашу.
Флипчарт
8. Дәптермен жұмыс 1-тапсырма
7.Үй тапсырмасы 2-тапсырма
8.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қосылады. «Сабақтың қорытынды сәті».
Бүгінгі сабақтан не білдік? Көзімізді жұмып, баяу әуен
толқынымен қамқорлық пен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып,
жүрегімізден өткізейік.
Су- адамға ең қажетті тағамның бірі, су- тазалық көзі, су- жан
сұлулығының нәрі, су – шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те
болмайтының білдік.Өйткені адамдар, өсімдіктер, жан-
жануарлар, аң, құстар, сусыз өмір сүруі мүмкін емес.Судың адам
өміріне аса қажеттілігін ұғындық. Барлығыңызға рахмет!