Технологическая карта "Тротуарда" 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Тротуарда
Мұғалімнің аты-жөні: Кожагулова Жаннур
Күні: 20.02.2017
Сынып: 5 «д»
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың негізделген оқу
мақсаттары:
5.Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
5. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары
арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз
қатысу, өз пікірін білдіру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: «Кинометафора» бейнежазбадан
көрген үзіндіні топ ішінде талдап, «Жаяу жүргіншіге құлаққағыс» атты мәтінді тыңдап,
мазмұндай алады
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: «КӘМҚ» талдауы арқылы оқушылар
«Жаяу жүргіншіге құлаққағыс» атты мәтінді талдайды, постер қорғайды
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: «Жаяу жүргіншіге құлаққағыс» атты
мәтін негізінде постер қорғап, «КӘМҚ» талдауы арқылы оқушылар мәтінді талдап,
тілдесім барысында қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданады
Бағалау критерийі
- мәтін бойынша мазмұндайды;
«КӘМҚ» талдауы арқылы оқушылар мәтінді талдайды. Тілдесім барысында қыстырма,
қаратпа, одағай сөздерді қолданады.
Ресурстар
Оқулық,таратпа материалдар, А4(6), маркер, скотч, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, әдебиет, музыка, салауаттану
Сабақтың жоспары
Жоспарланған
уақыт:
Сабақ барысы
Ресурстар
Ұйымдастыру
8 минут
1. Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы,
орнымызға отырамыз
Сыныпта кім кезекші? (оқушы жауабы)
Топқа бөлу
Ортасы 27
минут
Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не
оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз
тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа
сөздермен грамматикалықбайланысқа түспей,
ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты
білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар,
эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су
атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір,
не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе,
оның алдынан үтір қойылады. Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең
сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді.
(М. Әуезов)
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі
күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана
дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды
бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа
әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың
қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау,
бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай
тымырсық түн(бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз
ба? (С. Мұқанов)
Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі
көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма
сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде
сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі.
Ойтүрткі. «Кинометафора» әдісі арқылы оқушылар жаяу жүргінші
туралы бейне баян көреді.
Тапсырма: Бейнежазбадан көрген үзіндіні топ ішінде талдаңыз.
Топтың шешімін хабарлаңыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы
деп ойлайсыздар? Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.
Тірек сөздер: жаяу жүргінші, тыйым салынады, көлік, арналған,
жол бойында, қауіпсіздік
Дескриптор:
1. Білім алушы тірек сөздерді дұрыс қолданады.
2. Түсінігіне сай болжам жасайды.
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі
Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып
тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің
бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне
асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде
тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін
қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр
француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз.
Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал
егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы
қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға
соқтырмауына кім кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар
жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет
жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы
көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ-
талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін,
нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның
астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған
жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына
әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға
келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс
Тапсырма. «Жаяу жүргіншіге құлаққағыс» атты мәтінді тыңдап,
үштікте жұмыс жасаңыз. Бұнда 1-оқушы мазмұндайды, 2-оқушы
тыңдайды, 3-оқушы талдау жасайды. сұрақ құрастырыңыз.
Мазмұндауда қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың
сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.
Дескриптор:
Білім алушы
- мәтін бойынша мазмұндайды;
-сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын білдіретін қыстырма
сөздерді қолданады;
- күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді
2. «Жәрмеңке» әдісі арқылы оқыған мәтін құрылымын топпен
талдаңыз.
3. Постер қорғау. Оқушылар мәтін бойынша постер қорғайды.
1-2 топ; Жаяу жүргіншінің міндеті
3-4 топ; Жүргізушінің міндеті
Тілдесім барысында сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары
арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданыңыз
«Тікелей радиоэфир» әдісі арқылы белсенді тыңдау, талқылау
дағдыларын қалыптасады.
Оқушылардан сабақ тақырыбы төңірегінде коммуникативтік қызметке
сай сұрақтарға жауап беру талап етіледі.
4. «КӘМҚ» талдауы арқылы оқушылар мәтінді талдайды. Тілдесім
барысында қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданады.
1топ 2топ
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
3топ 4топ
Мүмкіндіктер Қауіптер
Сергіту сәті: «Аустралия жаңбыры» оқушылар бір-бірінің арқасына
ауа райын қолдарының қозғалысымен көрсетеді
Қорытынды 5
минут
Бағалау Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалайды.
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген
оқушыларды ынталандыр
Үйге: диалог құрастыру
Бағалау парағы
Бекітемін:______________
Әдескер: Мусина К.С.
Бекітемін:
Пән мұғалімі:
Бағасы:_________________
№
Аты-жөні
Үй
тапсырмасы
Кинеметафора
Тыңдап
отырған
үштік
Постер
қорғау
КӘМҚ
Жалпы
ұпай
Топтың
бағасы
Мұғалімнің
бағасы
«КӘМҚ» талдауы арқылы оқушылар мәтінді талдайды. Тілдесім барысында қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді
қолданады.
1топ 2топ
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
3топ 4топ
Мүмкіндіктер Қауіптер
Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен
жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне
асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып
ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған
арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде
“бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол
жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік
жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай
жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар
жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет
жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп
жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған
тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана
бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан
өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде
көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан
сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші
аса қиын жағдайға тап болады.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Презентация "Приемы формирования УУД на уроках математики у учащихся среднего звена"
- Презентация "Формирование мотивации на уроках русского языка и литературы"
- Презентация "Урок-путешествие в космос"
- Презентация "Формирование обязательных требований к преподаванию предметов при реализации ФГОС"
- Устный журнал "Талакан - судьба моя" 4 класс
- Презентация "Великие женщины России"