Конспект занятия "Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз" 1 класс

Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген
қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге
баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды
даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы
отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош
келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке
барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. (Әр баланың
ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)
Тобымыздың «Сымбатты да биші арулары» ;Жұлдыз бен Құндыз,Балауса мен Айзере
Тобымыздың шырайлы қызы- Жұмағазы Лейла
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қызы: Еркеназ бен Ақтоты,Айша мен М.Нүрай .
Тобымыздың «Инабатты арулары» Сүлтана мен Н.Нұрай, Айзере мен Інжу.
Тобымыздың білімді де дарынды ұлдары: Мирас, Жақсыбек
Тобымыздың өнерлі де тәртіпті ұлдары: Тимур мен Серікжан, Бексұлтан мен Батыр
Тобымыздың спорт шеберлері: Нұралы мен Қ.Дінмұхамед, Н. Дінмухамед пен Досжан
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
0 «Б» сыныбының биі.
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Балалардың тақпағы
Жүргізуші:Еркеназ бен Нұрайдың орындауында ақ мамам әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Көңілді қуыршақтар» - 0 «Б» сынып
Есік қағылып, залға жалкаубек жүгіріп кіріп, айқай салады.
Жалкаубек .Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді.
Барасыңдар ма мектепке?
Балалар хормен: Иә, барамыз!
Жалқаубек А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру,
сабақ оқу керек. Ол неге керек, мен сияқты жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.
Жақсыбек Жоқ, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел
болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.
Жалқаубек Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?
Балалар: Сөмке.
Жалқаубек Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас,
рогатка, кнопка алып көрсетеді).сендер ақылды екенсіңдер маған жұмбақтың жауабын табуға
көмектесіңдерші.
Жұмбақтар:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
(Кітап)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қозы)
Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.
Ойын: Жалғасын тап:
Оқусыз білім жоқ,
……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)
Ақыл азбайды
………………………………….. (Білім тозбайды)
Еңбек етсең ерінбей,
…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)
Көрдің бе, жалқаубек, біздің балалар қандай білімді.
Жалқаубек.Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман
болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар,
балалар!
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Биші қызымыз орындауындағы «Ақ көгершін» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Балалар, бүгін біздің мерекемізге сауат ашу келіпті.
Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «сауат ашу» болады.
Залға сауат ашу кіреді.
Сауат ашу Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап
тұрдым. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір
тексеріп көрейінші.
Мен сендерге дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет
шапалақтайсыңдар. А.Ә.Б.Л.Ң.У.Қ.Ы.Ж.И.Т.Е.П
Сауат ашу: Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау
болмаңдар.Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін.Сау болыңдар, балалар!
жүргізуші:Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды
тамашаладыңыздар.
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі
Жүргізуші Балалар сендерге арналған сұрақтарым мен бейне сұрақтар назар аударайық
Би ұлдардың орындауында тұлпарым 0 A
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Балаларға алғыс хат тапсыру.
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды
Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі
ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен
біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға
сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
Көктудың желбірегені әні хор.