Технологическая карта "Не дәмді?"

№44 бөбекжайы МКҚК
«Солнышко» ІІ кішілер тобының ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Не дәмді?
Мақсаты: : а) Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын,
пішінін айта білуге үйрету.
ә) Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің
ішкі сырын, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Ертегіні оқу,тақырыпқа шолу жасау,әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары, үй
жануарларының суреттері,электронды киіз үй.
Билингвальды компонент: жемістер-ягоды,көкөністер-овощи, үй
жануарлары-домашние животные.
Әрекеттің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Себепті
қызығушылығын
ояту кезеңі
Балалар, бәріміз шаттық шеңберін
құрайық.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Күнге қол бұлғайық. Әрбір адам күнің
көзіне қарап қуанады. Күн өзінің
нұрымен жылытады,тезірек өсуімізге
көмектеседі.
Балалар дөңгелене
тұрып бірге айтады.
Күнге қолдарын
бұлғап,күнмен
амандасады.
Ұйымдастырушыл
ық ізденіс кезеңі
Әңгіме жүргізу.Балалар,қазір жылдың
қай мезгілі?
-Иә, балалар,көктем мезгілі.
Көктем айларын атаңыздаршы?
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін
айтайық.
Көктем туралы тақпақ білесіздерме?
-Балалар жарайсыңдар!
-Балалар қараңдаршы,біздің
алдымызда «сикырлы сандықша» тұр.
Барлығымыз бірге, «Сиқырлы
сандықша ашыл!» деп айтайық.
-Балалар,қараңдаршы оның ішінен
Балалар өз
жауаптарын береді.
Балалардың
жауаптары
тыңдалады.
Алақай ау,алақай!
Қандай жақсы
көктем-ай.
Гүлге оранды
далалар,
Келді ауылға көп
торғай.(Інжу.)
Көктем күні
«Киіз үй» шықты.
Бұл Электронды киіз үй:
Мұнда бір «ертегі »жазылған
екен.Барлығымыз бірге тыңдап
көрейік.
Педагог балаларға қайталап,әңгімелеп
береді.
-Балалар,сиырдың төлін не деп
айтамыз?
-Қойдың төлін ше?
-Жылқы төлін.....
Төрт-түліктің пайдасы сұралады.
-Балалар ертегі ұнады ма?
-Ал, балалар, ертегіден нені
түсіндіңдер?
-Балалар,өз үйлеріңде өздерің нені
жақсы көресіңдер?
-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз
сүйікті тағамдары бар. Қандай да
тамақ болсын, жиіркеніп жеуге
болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.
Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үленін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
Балалар сендер қандай жемістер мен
қөкөністерді білесіңдер?
Ойын «Бұл ненің дәмі?»
Мақсаты: Жемістерді ажыратып,
дәмінің айырмашылығын және
пішінін айта білуге үйрету.
Ойын шарты: баланың көзі
жұмылады. Қоржынға салынған
жемістерді қолдарына алып, оның
дәмі қандай болатынын және пішінін
айтып, атын атау керек.
Жарайсыңдар балалар!
Ендеше екі топқа бөлініп
шығармашылық жұмыс жасайық.
Көктемде ең алғаш қай ағаш
гүлдейді?
1-топ «Алманы» бояйды. (дәстүрден
тыс әдісі бойынша).
2-топ Үй жануарларын өз қоректеріне
керемет,
Жаңбыр жауар
себелеп.
Күн ашылса
болғаны,
Көлбеңдейді
көбелек.
Балалар «Не
дәмді?» ертегісін
тыңдайды.
-бұзау
-қозы
-құлын.
Балалардың
жауабы.
Ертегіні айтып
береді.
Сергіту сәтін
қимылмен жасайды.
Ойынға қызығып
қатысады.
Алма ағашы.
Балалар
жұмыстанады.
сызық арқылы қосу.
Рефлесиялық-
түзетушілік
Балалар жарайсыңдар! Бүгін біз
қандай ертегімен таныстық?
Ертегі ұнадыма?
Ертегіде қандай жануарлар бар?
Белсенді қатысқан балалар
марапатталады.
Балалар сұрақтарға
жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын айта білу;
Игереді: ертегі мазмұның түсініп,айта білуді.
Меңгереді: асты қастерлей білуді,шығармашылық тапсырмаларды орындау.