Конспект урока "Отбасының бюджеттік жоспары" 5-11 класс
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты тақырыбы:
«Отбасының бюджеттік жоспары»
(6 «а» сынып)
Сынып жетекші: Ханов Ш.У
2014-2015 оқу жылы.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: ______________
08.04.2017 оқу жылы
Тақырыбы: Отбасының бюджеттік жоспары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы салдыстырмалы түсінік
беру.Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс көзін есептеуді
үйрету,жоспарлауға,іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:топтармен жұмыс,белсенді оқыту тәсілдері
Сабақтың көрнекілігі:бүктемелер,интерактивті тақта,кестелер,тест топшамалар
,жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс:математика,қазақ тілі.
Жалпы сұрақтар
1)Бюджет дегеніміз не? Отбасы бюджетінің түрлерін ата
Отбасы шығыны дегеніміз не? Отбасы кірісі дегеніміз не?
Отбасы бюджеті үлгілерін талдау
4 адамнан тұратын отбасы .Ері мен зайыбы 2 баласы бар.Балалардың бірі
мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 2 бөлмелі жеке меншік пәтерде
тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Ал жұмысқа қоғамдық көлікпен
барылады.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.
Кірістер
Шығыстар
Ер адам жалақысы 70000
Әйел адам жалақысы 60000
Азық-түлік -50000
Коммуналдық қызмет- 10000
Балабақша төлемі-7000
Жолақы-6000
Тұрмыстық заттар-3000
Несие -20000
Жұмыс орнында түстену-10000
Күтпеген шығындар-10000
Қорытынды:
2 адамнан тұратын жас отбасының бюджеті.Жұбайлар жұмыс
жасайды.Жұмыстарына жаяу барады.Өздерінің жеке пәтерлері болмағандықтан
,пәтер жалдайды.Төмендегідей түрде отбасы бюджеті жоспарланған.
Кірістер
Шығыстар
Ер адам жалақысы 50000
Әйел адам жалақысы 40000
Азық-түлік -25000
Пәтерді жалдау- 35000
Тұрмыстық заттар-2000
Демалыс-3000
Киім-25000
Қорытынды:
3 адамнан тұратын отбасы .Отбасында ерлі-зайыптылар мен 1 бала бар. Отбасы
жеке меншік шағын пәтерде тұрады.Жаңа үлкен пәтер алу үшін ай сайын 70000
тенге ақшаны кіріс қорына салып қояды.Отбасы бюджеті төмендегідей
жоспарланған.
Кірістер
Шығыстар
Ер адам жалақысы -120000
Әйел адам жалақысы -80000
Қосымша табыс-20000
Азық-түлік -40000
Коммуналдық қызмет- 10000
Көлік-5000
Тұрмыстық заттар-5000
Киім-25000
Демалыс-5000
Несие -20000
Балабақша-8000
Қорытынды:
5 адамнан тұратын отбасы .Ерлі-зайыптылардың 3 баласы бар.Балалардың екеуі
мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 3 бөлмелі жеке меншік пәтерде
тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Жеке көліктері бар.Отбасы бюджеті
төмендегідей жоспарланған.
Кірістер
Шығыстар
Ер адам жалақысы 100000
Әйел адам жалақысы 50000
Азық-түлік -60000
Коммуналдық қызмет- 15000
Балабақша төлемі-7000
Көлік-10000
Тұрмыстық заттар-5000
Несие -30000
Демалыс-5000
Киім-30000
Қорытынды:
Терминдермен жұмыс
Активтер — иеліктегі барлық мүліктер
Міндеттеме — өтелуі тиіс қарыз немесе берешек
Баланс- отбасы бюджетіндегі шығын мен кірістің тепе-теңдігі
Ақша– кез-келген тауардың құнын өлшейтін балама құрал
Инфляция – ақшаның құнсызданып, тауар бағасының өсуі
Депозит – коммерциялық банктерге пайыздық үстем алу мақсатында салынған ақша
Несие – қайтарып беру және өсім төлеу негізінде ақша немесе тауарды беру
Бағалы қағаз – сатып алған иесіне кәсіпорындар табысының белгілі бөлігін алуға
құық беретін құжат
Қорытындылау.
Ақша ашпайтын құлып жоқ
Ақша кетуге тырысады,есеп ұстауға тырысады
Ақша тиыннан ,жылқы құлыннан өседі
Ақша базарда бағал