"Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар" ашық сабақ жоспары

Қазақстандағы
1867-1868 жылдардағы реформалар
Сабактың мақсаты: Ресей империясының отарына айналған Қазакқстанның 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша саяси басқару
жүйесіндегі өзгерістер, реформаның дайындалу жолдары, реформаның мазмұны мен мәні, реформаның Қазакқстан жеріндегі кейінгі
зардаптары туралы түсінік беру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Керекті құралдар: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта, тірек сызбалар, тест, оқулық, электрондық оқулық, слайдтар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақтар қою.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, оқу қуралдарын тексеру; бала зейінін шоғырландыру, оқушыларды топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақтардың рухани мәдениеті, діні»
Топтарға ауызша тест сұрақтарын қою:
1 топ:
1. 19 ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды?
(араб тілінде)
2. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүінбай)
3. «Наурызбай ханшайым» дастанының авторы Нысанбай Жаманқұлұлының шығу тегі? (Хан, Төре)
4. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға берілетін атақ? (Сал, Сері)
5. Сүйінбай Аронұлы қай жерде дүниеге келген? (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракәстек)
6. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етіледі? (арнаулы куәлігі болуы керек болды)
2 топ:
1. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлұ» жырының ең көркем нұсқасын таратқан ақын? (Шөже Қаржаубайұлы)
2. 1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды? (Пугачев бүлігінің тарихы).
3. Әртүрлі музыкалық аспапардың ішінде халық арасында кең таралғаны? (Домбыра)
4. Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын (Шөже)
5. М.Өтемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі)
6. Қазақ халқы зор құрметпен әнші –күйшілерді қалай деп атаған? (салсерілер деп атады
3 топ:
1. 19 ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға жібереді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)
2. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданнына дүниеге келген ақын? (Шернияз Жарылғасұлы)
3. Сүйінбайдың қай ақындармен айтысы қазақ поэзиясының алтын қорына енген? (Қатаған, Тезектөре)
4. Қазақ әйелдері қандай кәсіппен шұғылданғанда ән айтуды әдетке айналдырған? (Киіз басу, кілем тоқу барысында)
5. Ресей көпестері қай аспапты қазақтың музыкалық өнеріне енгізді? (Сырнай)
6. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр)
3. Үй тапсырмасын бекіту. «Ыстық орындық» әдісі
4. Жана сабақты меңгеру:
А) Электронды оқулықпен жұмыс
Ә) Реформаның мазмұны мен мәні.
19 ғасырдың 60- жылдарындағы Ресей империясы Қазақстанды жаулап алуды толығымен аяқтап, қазақ жеріне отаршылдық жүйені
қалыптастырды.
Қазақ жерін басқарудың әкімшілік жүйесін енгізу империяның өз саясатын емін-еркін жүргізуі үшін қолайлы болды. Ресей үкіметі
крепостнойлық (басыбайлық) правоны жойғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбірімен өзгертуге кірісті.
60-жылдардың ортасына Орынбор және Батыс Сібір қазақтарын басқарудың әкімшілік жуйесіне өзгерістер енгізіп, Бөкей хандығын
басқарудың жүйесі қайта жасалды, Алатау округтік приказы және 1865 жылы Түркістан облысы құрылды.
Патша үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің жобасын дайындау мақсатында 1865 жылы ішкі шстер министирлігінің, әскери
министрліктің, Орынбор және Батыс Сібір өлкесі «депутаттарының» өкілдерінің құрылған «дала комиссиясын» ұйымдастырды. 1865 және
1866 жылдары комиссия Сібір даласын басқару туралы ереже жобасын әзірледі. Бұл жобаны ерекше комитет те мақұлдады. Реформаның
негізгі мақсаты Орта Азияға одан әрі терең ену мақсатында Қазақстанды патша өкқметінің барлық лагеріне айналдыру, алым-салықты
күшейту, Қазақ жерін мемлекеттік меншік деп жариялау, әкімшілік басқаруды жеңілдету мақсатында әкімшілік-аумақты анықтау, бүкіл
империялық азаматтық және қылмыстық заңдарды қолдану, соттың жаңа жүйесін құру болатын.
1822,1824 жылдардағы Жарғы бойынша:
Қылмыстық істер;
Талап ету;
Болыстық басқармаға шағым айту;
Әскери сот комисиясы;
Уездік сот;
Билер мен қазылар соты
1867-1868 жылғы реформа бойынша
2 Александр патша:
1867 жылы 11 шілдеде- « Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы», 1868 жылы 21 қазанда-« Орынбор мен Батыс Сібір генерал-
губернаторлығының Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
5. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 219 бетін пайдаланып. 1867-1868 жылғы реформа бойынша бөлінген 6 облыстың құрамына кірген уездерді
сызба түрінде дәптерлеріне жаздыру.
6. Дәптермен жұмыс; слайдта көрсетілген басқару жүйесін дәптерлеріне жаздыру.
7. Жаңа сабақты бекіту. Семантикалық карта
8. Сергіту сәті. Сәйкестендіру тесті. «Тұлғалар»
9. Қорытынды
Реформаның жағымды және жағымсыз жақтары
Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсаринұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.
Күлімбайға (1889 жыл)
Болыс болдым, меніки Сөйтсе-дағы елімді
Бар малымды шығындап, Ұстай алмадым мығымдап.
Түйеде қом, атта жал Күштілерім сөз айтса
Қалмады елге тығындап. Бас изеймін шыбындап...
10. Х. Рефлексия
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Нені үйрендің?
Бірлескен жқмыс түрлері қызықты болды ма?
11. Бағалау
12. Үйге тапсырма
Қазакстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар;
Венн диаграммасын құру;