Конспект урока "1867 - 1868 жылдардағы реформа" 8 класс
1
Сабақтың жоспары
Мұғалім: Бекбауов Б
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа
Сабақтың мақсаты: Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867-1868 жылдардағы
реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру.
Сабақтың танымдылығы: Оқушылардың дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша
материалдар пайдалану арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, тірек сызбалар, семантикалық карта, тест жұмысы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
§19. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.
Сұрақтар.
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетіне қандай екі идеялық ағым болды?
2. Махамбет Өтемісұлы кім болды?
3. Шернияз, Шөже, Сүйінбай ақындарының өнері қандай болды?
4. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алды?
5. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Тест.
1. 1822-1895 жж. өмір сүрген халық ақыны:
а. Шернияз в. Сүйінбай с. Махамбет д. Жамбыл е. Шөже
2. ХІХ ғ. І жарт/да шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын:
а. Махамбет в. Мұрат с. Сүйінбай д. Шернияз е. Шөже
3. ХІХ ғ. І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын
а. Шөже Қаржаубайұлы в. Сүйінбай Аронұлы с. Шернияз Жарылғасұлы
д. Махамбет Өтемісұлы е. Шортанбай ақын
4. ХІХ ғ. І жарт/да Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаналығы:
а. Тарихи оқиғаларды жырына қосты в. Айтыс өнеріне үлес қосты с. Жазба әдебиетінің
негізін салды д. Суырып салма өнерді жетілдірді е. Шешендік өнерді дамытты
5. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
а. Махамбеттің өлеңдерінде в. Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде
с. Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде д. Жәңгір ханға жолданған хаттарда
е. Көтерілісшілердің халыққа таратқан үндеу қағаздарында
6. 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала.
Сергіту сәті:
«Қарлы кесек» ойыны.
1. «Аңырақай шайқасы» қай жылы болды?
2. «Қалмақ қырылған» шайқасы қай жылы болды?
3. Кіші жүз Ресей құрамына қашан кірді?
4. Әбілқайыр хан қай жылы өлтірілді?
5. Жоңғар аумағын кім жаулап алды?
6. Абылайды қай жылы хан сайлады?
7. Ор бекінісі қай жылы салынды?
8. Верный бекінісі қай жылы ашылды?
2
ІІІ. Жаңа сабақ.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар
өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
ХІХ ғасырдың 60 ж. қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған 2 облысқа
бөлу жоспарланды.
1. Батыс облысы, орталығы - Торғай.
2. Шығыс облысы, орталығы - Қарқаралы.
Бұл ұсыныс қабылданбады.
1865 жыл - Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясы» құрылды.
1865 жылдың 5 маусымындағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу
мәселесі дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселелер т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірін ұсынды.
- Халықтың өзін-өзі басқару негізінде құру.
- Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдармен ақылдасып,
мәліметтерді олардын жинады.
1867 жылы 11 шілде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы
уақытша Ережені»
1868 жылғы 21 қазан «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала
облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
Бас штабтан
полковник
Ф.К.Гейнс
Орынбор өлкесінен
полковник
К.К.Гутковский
Батыс Сібір ген-губ-нан
капитан
А.П.Проценко
Дала комиссиясына
Мәліметтерді алды
Ірі бай
Мұса Шорманұлы
Билеуші сұлтан
Шыңғыс Уәлиханұлы
Аға сұлтан
Сейдәліұлы
Ф.Гирс, Л.Мейер,
Л.Баллюзек, А.П.Проценко
Торғай
Орал
Ақмола
Семей
В.Д. Дандевиль, Ф.К.Гейнс
Жетісу
Сырдария
3
Әкімшілік басқару құрылымы:
Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды.
Ол 3 бөлімнен тұрды.
Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі халық
өкілдерінен алынды.
Генерал-губернаторлық
Орынбор ген-губ.
(Орынбор,
Торғай обл.)
Батыс Сібір ген-губ.
(Ақмола,
Семей обл.)
Түркістан ген-губ.
(Жетісу,
Сырдария обл.)
Облыстар
(әскери губернатор,
атаман)
Уездер
Болыстар
Ауылдар
Шаңырақтар
(100 - 200)
Шаруашылық
Жарлықты жүзеге
асыру
Сот істері
Облыстық басқармалар
Уезд бастықтарына
Полиция
Уездегі
мекемелер
Бекіністер
Әскери
бөлімдер
4
Сот ісін басқару құрылымы 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы құрылды. Шын мәнінде,
әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық
сот жүйесінің төменгі буыны болды.
«Ереже-реформа» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің
табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
ІV. «Бәйге» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.
1. Қазақ өлкесін неше генерал-губернаторлыққа бөлді?
2. Мәліметтерді кімдерден алды?
3. Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде?
4. Қазақ еліне реформаның қандай пайдасы болды?
5. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» қашан бекітті?
6. «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы
уақытша Ережені» қашан бекітті?
V. «Тәуелсіздік шежіресі». Семантикалық карта.
Тәуелсіздік
шежіресі
1993
ж.
1991
ж.
1992
ж.
1995
ж.
1992
ж.
Тамы
з
Қара
ша
Наур
ыз
Желт
оқсан
Мау
сым
Ата Заң
+
+
Теңге
+
+
Ту
+
+
Президент
сайланды
+
+
ҚР БҰҰ
мүше
болды
+
+
VІ. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
1. К.Қасымұлы көтерілісі қай жылы болды? /1837-1847 ж.ж./
2. Қазақстанның Ресей құрамына енуі қанша уақытқа созылды? /150 ж./
3. Ш.Уәлихановты әлемге әйгілі еткен қандай еңбегі? /»Манас»/
4. Верный бекінісі қай жылы құрылды? /1854 ж./
5. Қапал бекінісі қай жылы құрылды? /1847ж./
6. Қазақстанда тұңғыш жәрмеңке қай жерде ашылды? /Ішкі Ордада/
7. 1870 ж. қай жерде көтеріліс болды? /Маңғыстауда/
8. Верный су диірмені қашан ашылды? /1857 ж./
9. Тентектөре бастаған халық көтерілісі қай жылы болды? /1821ж./
10. Бөкей хандығы қашан құрылды? /1801ж./
VІІ. Тест жұмысы. (10 сұрақтан).
VІІІ. Үйге тапсырма. §20. 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалар.
Әскери сот
комиссиялары
Уездік соттар
Билер мен
қазылар соты
История - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "1783 - 1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс" 8 класс
- Конспект урока "От Австрийской империи к Австро-Венгрии: поиски выхода из кризиса" 8 класс
- Конспект урока "Итоги развития общества в течение второго периода Новой истории" 8 класс
- Конспект урока "1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар" 8 класс
- Конспект урока "Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары" 7 класс
- Конспект урока "Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы" 7 класс