Мен әлемді сүйемін

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
№ 22
Мектебі: Ақтөбе қаласы 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
Мерзімі: 28.01.2019ж.
Тақырыбы: Мен әлемді сүйемін!
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеттері: қанағатшылдық, кішіпейілділік, еңбексүйгіштік
Мұғалімі: Жусипова Гулбайра Бактыгалиевна
Класы: 8«А»
Білім алушылар саны: 8 «А»-22
Мақсаты: Білім алушылардың бізді қоршаған әлемнің қайнар көзі дұрыс әрекет
құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Міндеттері: а) Білім алушыларды табиғат адамды қанағатшыл болуға үйрететінін
ұғындыру.
ә) Білім алушылардың бойында кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.
б) Білім алушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
оқулық,
дәптер
(аудио,
видео
жазбалар,
слайдтар)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т»
ұстанымын еске түсіру.
Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат» (Білім алушылардан
қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз.
Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз.
Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе
жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың
шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара
нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз
түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп
тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз.
Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу
қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі
жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала
қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы,
қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор
сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба?
Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті
қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.
Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға
шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан
түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Класқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді
ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Сабақ
барысын
талдау:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 22- сабақ, 88-90 беттегі Мұхтар Әуезовтың мәтінін оқу, мазмұндау.
... Таудан соққан ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық
лептің ана жыры, мейір шапағаты жыры үн қосады. Құшағына тартқан өзгеше бір
күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз. Абай бір
түрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық
ай ашық көкті қалқып, сызып келіп, бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де
Білім
алушылар
мәтіннің
мазмұнын
айтады,
құндылықты
қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре
қарады.
Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы жақ шетін ала кірген ай бір көрініп, бір
сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп, дәл жасырынбақ ойнағандай құбылады.
Кейде біржолата білінбей батып кетіп, артынан тез жарқ етіп, күліп шыға келеді
де, лезде барып тағы шомады.
Келесі сәтте көзін сәл қысып, сығырайтып, әдейі ойнағандай боп, бір жақ
шетін ғана көрсетіп, сызып қалқып отырады да, тағы да сөне қалады. Абай дәл
мұндай болып құбылған ойнақы айды ең алғаш байқағаны осы еді. Тағы бір рет,
ай шеті қылдырықтай боп көріне түсіп, сөне қалғанда, еріксіз күліп жіберді...
Мынау ай дәл бір құлдыраған жас бала тәрізденді.. Қу шұнақ, тәтті қылығы бар
бала»
Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?
Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?
Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады?
Неліктен?
Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге
бөленесің?
Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме? Қалай
ойлайсың?
ашады.
3.Дәйексөз:
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ»
(Қадыр Мырза Әли)
(Ұлдар – 2 рет, қыздар – 2 рет, бәріміз бірге – 1 рет)
Дәптерге
жазылады.
4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы:
"Қырық қыз" туралы аңыз...
«Қырық қыз» – таңқаларлық құбылыс.
Ел аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз
былай деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң заманында болар,
осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте жатқанда атастырылып қойған
жiгiтiне ұзатылатын күнде келiп жетедi. Құда-құдағилар той жабдығын дайындап,
мәре-сәре боп қуанып жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап,
балуандар белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн
қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар жетедi бiр
кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне таққан үкiлерi
Мұғалім
баяндайды.
желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн киіп, болашақ жездесiнiң алдынан
шықпай ма, керiлiп…
Кенет бiр қиырдан шаң көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi. «Жау... Жау
шапты...» Қалың ел аяқ астынан дүрлiгiп, қолына қару ұстауға жарайтын ер-
азаматтың барлығы атқа қонып жатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап берген жау
олардың басын бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп, қанға бөктiрiп, қынадай қырып салады…
Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан сұлу
қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием, жерiмiз отқа
оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау қорлығынан құтқарып, тасқа
айналдырып жiбере гөр...» деп зарлап, құдайға жалбарынған екен…
Оңтүстiк Қазақстан облысының таулы аймақтарындағы Қаратау жоталарының
Боралдай шоқыларынан басталып, Құлан, Шақпақ, Иiрсу, Дәубаба, Өгем,
Қаржантау сияқты табиғатымыздың әсем аймақтарымен ұласады. Өгем –
Тәңiртаудың iрi сiлемдерiнiң бiрi. Оның бөктерiнде сарқырап өзен ағып жатыр.
Өгем шатқалына түсетiн жол қиын. Бiр жағы жар, бiржағы – құз. Осы
шатқалдан төмен түссеңіз, бiр топ адамға ұқсап көрiнген ұзын-ұзын тастарға қарап
таңғаласыз. Расында да, ғажап көрініс! Алыстан қарағанда, бүрме көйлегiнiң етегi
желбiреп тауға қарай келе жатқан қайсар қыздарға ұқсайтын үлкен тас
ескерткiштердi, қылта-қылтадағы жартастардан қашап жасаған сияқты. Бiрiнен
бiрi ұзақ емес екi-үш қырқадан бойын созып, топ-топ болып көрiніп тұр.
Бейбіт ел неге тұтқиылдан келген жауға төтеп бере алмады?
Бұл оқиға қай өлкеде болған?
Жаудың қиянат жасауынан қыздар қалай құтылды?
Сонда неліктен табиғатсыз өмір сүруге болмайды?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Туған жер, топырағыңнан айналайын» Ө.Тұрманжанов
«Су», «Топырақ», «Ауа» болып үш топқа бөлініп, «Адам үшін қайсысы
маңыздырақ : су ма, топырақ па, ауа ма?»
Туған жер, топырағыңнан айналайын,
Гүліңді жаңа шыққан аймалайын.
Құшақтап көктеміңді гүлмен келген,
Жанымды нұрмен сылап жайланайын.
Көк жасыл орманыңды аралайын,
Жұпарлы желдеріңмен таранайын.
Жанымды жаз үндері тербеткенде,
Жаңарып, жан сарайын тазалайын!
Суыңа шарапатты шомылайын,
Туғызсын кеудемнен бір көңіл айын!
Сайрандап туған жердің қырын, ойын
Жадырап рахатыңа молығайын!
Ауаңа мөлдір, таза тынығайын,
Қуат ап жүрегіңнен жылынайын.
О, туған жер! Топырағыңды қасиеттеп,
Тәжім қып, саған ғана сыйынайын!
Білім
алушыларды
үш топқа
бөледі.
6.Үйге тапсырма.
№23-сабақ, 93-94 беттегі Мырзатай Жолдасбековтың «Кемеңгер немесе Елбасы
Күнделікке
жазып
туралы тебіреніс» мәтінін оқып, мазмұндау.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың игілікті іс атқаруының мәні неде деп
ойлайсыңдар?
«Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын
да-өзінің туған халқы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Елбасының: «Мен халқымның тәуекеліне сендім» деген сөзінен нені
аңғаруға болады?
Қоғамға риясыз қызмет ету адам бойындағы қандай құндылықтардың
дамуына ықпал етеді? Неліктен?
Ел мен жерге қызмет ету үшін адам бойында қандай құндылықтар мен
қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар? Әңгімелеп бер.
алынады.
7.Топпен ән айту.
«Арман қала-Астана»
Сөзі: Ербол Шаймерденұлы
Әні: Марат Омаров
Ағылып Атыраудан, Алатаудан;
Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.
Жайнайды Астана ару алқасындай,
Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Қайырмасы:
Сарыарқа сауырында,
Ерке Есіл бауырында
Келеді бой көтеріп арман қала.
Арман қала!
Асыл дала!
Жаңа Астана! Әз Астана! Астана!
Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел еңсесі бүгін биік.
Астана-Ақ Ордасы қазағымның,
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Қайырмасы:
Көз тоймас келбетіңе-қандай көркем!
Астанам-жаңа қала жайған өркен.
Астанам-жүрегі елдің, жүрегі елдің,
Соғатын сітіменен бүгін де, ертең!
Қайырмасы.
Музыкалық
әуенмен
орындалады.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты,
қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан
құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді
әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына
орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана
қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы
бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған,
қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы
сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға
келейік.
Адам табиғаттың бір бөлшегі. Адам мен табиғат арасындағы байланыс
тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Табиғатты қорғау - өз
өміріңді қорғау дейтініміз де сондықтан. Бүгінгі сабақ үшін көп рахмет!
Баяу әуен
қойылады.