Сценарий "Ауа райы және оны болжау" 3 класс
Пәні:Дүниетану
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: «Ауа райы және оны болжау»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
1. Ауа райы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін
байланыстыра отырып, табиғат, өсімдік және жануарлар арасындағы
байланысты түсіндіру.
Тәрбиелік:
Өзін қоршаған ортаны, табиғатты танып-білуге , байқампаздыққа,
табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Ассоциация тудыра отырып, талдауға, ой тұжырымдауға, жіктеуге,
пікір айтуға, өз бетінше жүйелеп сөйлеуге төселдіру; танымдық
қабілетін дамыту.
Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.
Пәнаралық байланыс математика.
Көрнекіліктер: электрондық презентация, кеспе қағаздар, термометрлер.
Техникалық жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім?
- Тірлік, тарих, адалдық.
Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адамдық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1-топ. 2-топ.
Уақыт өлшемдері. Ұзындық өлшемдері
3-топ. 4-топ.
Салмақты өлшеу. Сарамандық жұмыс
Үй тапсырмасын бекіту.
Дүниедегі құрылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Ауа райы болжамын тыңдату
2. Слайдттар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
IV.Сергіту сәті. Күркіреді күн-күн.
Терезелер шың-шың
Жауды жаңбыр топ-топ
Шелек-шелек көп-көп
Жон арқаңды тос-тос
Күнбағыс тез өс-өс
V.Жаңа материалды өздігінен игеру
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ. Қыс – көк қарындаш
2-топ. Көктем – жасыл қарындаш
3-топ. Жаз – қызыл қарындаш
4-топ. Күз – сары қарындаш
Әр топ өзінің қарындашымен сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен
белгілейді. Әр топ өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын
сызады. (Компьютерде орындалады)
VІ. Дәптермен жұмыс.
Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.
VІІ. Бекіту. Топтық жұмыс.
1.Әр топ үй жануарлары туралы жазып келген халық болжамдарымен жұмыс
жасайды.
2. Тест «Дұрыс немесе бұрыс» Компьютерде орындалады
1. Өсімдіктердің өсуі ауа райына байланысты емес. –
2. Ауа жердің қызуына байланысты қызады. +
3. 0-жылы мен суық градустың ортасындағы шекара. +
4. Ауа райын алдын-ала болжаудың бізге қажеті жоқ. –
5. Жазда -10градус белгілері бар ауа райы болуы мүмкін. –
6. Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.+
VІІІ.Қорытынды.
1. – Ауа райының ашық және бұлтты күндерінің арасында қандай
айырмашылық бар?
2. –Ауа температурасы мен өсімдіктер және жануарлар тіршілігінің
арасында қандай байланыс бар?
ІХ. Бағалау.
1. Топ жетекшісінің бағалауы.
2. Мұғалімнің бағалауы
Х.Үйге тапсырма беру
1. Мәтінді оқып, мазмұндай білу.
2. Жазғы жаңбырдың күзгі жаңбырдан айырмашылығын түсіндіру.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Первый урок во 2 классе "С чего начинается Родина"
- Конспект урока "Героика в былинном эпосе" 3 класс
- Задания на лето 1 класс
- Презентация "А.С. Пушкин «Сказка о мёртвой царевне и 7 богатырях»" 4 класс
- Презентация "А.С. Пушкин. Стихи «Няне», «Туча»" 4 класс
- Презентация "Жер шар тәрізді дене Глобус – Жердің дәл үлгісі"