Конспект урока "Тыныс алудың маңызы"

Сабақтын тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа
тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей,
кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің
құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.
Мерзімі:
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды тыныс алу мүшесінің құрылысы қызметімен таныстыру.
2. Ойлау,материалдарды меңгеру,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір сүруге тәрбиелу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,карточка
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау,қорытындылау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.
ІІ.Уй тапсырмасын тексеру:Сұрақтарға жауап беру,тест алу
1.Жүрек және қан тамырларының қалыпты жұмысы үшін қандай жағдайлар
керек?
2. Жүрек ауруларының негізгі себептері неде?
3. Спиртті ішімдік пен темекі жүрек-қан тамырлары жүйесіне қалай эсер
етеді?
4. Капиллярлық қан кетуді қалай тоқтатады?
5. Веналық қан кету кезінде қандай көмек көрсету керек?
6. Артериялық қан кетудің қауіптілігі неде? Мүны қалай анықтауға болады?
Артериялық қан кету кезінде қандай алғаш- қы көмек шараларын көрсету
керек?
§ 39. ТЫНЫС АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ. ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ
ҚҮРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды газ алмасу
қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен
сыртқы орта арасында оттектің еніп, көмірқышқыл газының шығарылуымен
байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек
органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға кажет, осы кезде
энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Босап шыққан энергия
организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жүмсалады. Оттектің
үлпаға еніп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз
етіледі. Қан мен атмосфералык ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу
мүшелерінде жүреді.
Тыныс алу мүшелерінің қүрылыеы. Тыныс алу мүше леріне: мұрын қуысы,
мұрын-жұтқъіншақ (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар
жатады. Бүлар ауа тасымалдау жолдары (93-сурет). Тыныс алудың негізгі
мүшесі — өкпе. Өкпеде газ алмасу жүреді.
Танау тесіктері арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасымен екіге бөлінген
мұрын қуысына өтеді. Әр бөліктегі қалқада мүрын қуысының ішкі бетін
үлғайтатын үш мүрын қалқаны орналасады. Мұрын қуысының барлық ішкі
беті, шамамен, 100 см
2
. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жа-
былған және қан тамырларына бай келеді. Тамырлармен аккан қан дем алған
ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін
сілемей ауаны ылғалдайды жоне шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып
қалады.
Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін
эпителий кірпікшелерінің (94-сурет) тербелісі арқылы шаң-тозаңмен бірге
сыртқа шыгарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті
қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы орналасады. Мұрын қуысынан
жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұткыншақ
аркылы көмейге өтеді. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге
кіреберіс жер шеміршекті көмей қакпашығымен (надгортанник) жабылады.
Көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы
мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де
аткарады (95-сурет).
көмей іші куыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV—VI мойын
омыртқалары деңгейінде орналаскан. Көмейдің қабырғасы сіңір және
бұлшық еттермен жалғанған бірнеше шеміршектен тұрады. Ең ірі шеміршек
мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқашиа шеміршегі (96-сурет).
Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей какпашығынан басқа бөлігінің ішкі беті
тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабыкпен қапталған. Көмей шеміршектері
арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қатпарлар болады. Олардың
арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Адам тыныс шығарған
кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нөтижесінде дыбыс пайда болады.
Дыбыстың түрі мен оның ырғағы дыбыс сіңірлерінің ұзындығына
байланысты. Мысалы, ер адамдардың көмейі ұзын (44 мм), дыбыс сіңірлері
де ұзын, сондықтан олардың дауысы жуан. Әйелдердің көмейі қысқалау (35
мм), сәйкесінше дауысы жіңішке. Дыбыс пен айқын сөздің соңғы
калыптасуы тіл, ерін, сондай-ақ жүмсақ таңдай мен тіс катысында жүзеге
асады.
Көмейге ас бөлшектері немесе баска заттар түскенде, сонымен қатар кабыну
процестерінде адам жөтеледі де, терең дем шығарылады. Бүл көмейдің
тазартылуына әсер етіп, тыныс мүшелерінің төменгі бөлімдеріне зиянды
заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің астыңғы бөлімі VI— VII мойын
омыртқалары тұсында кеңірдекке жалғасады.
Кеңірдек ұзындығы 913 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында
орналаскан түтік. Кеңірдектің қабырғасы оның қабысып калуына кедергі
келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы
жүмсақ кабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына
мүмкіндік береді. Кеңірдектің ішкі беті тербелмелі эпителиймен қапталып,
кілегейлі бездерге өте бай келеді. Оның маңызы өкпеге баратын ауадағы
шаң-тозаң түйіршіктерін ұстап қалып, қақырық арқылы сыртқа шығарады.
V арқа омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып,
бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиолалар
деп аталады да, аль- веолалармен (өкпе көпіршіктерімен) аяқталады.
Бронхиолалар да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен астарланған.
Кірпікшелердің қозғалысы сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа
бағыттайды да, сонда жұтылады.
ІV.Бекіту сұрақтары:
1.Тыныс алудың маңызы қандай?
2.Тыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады? Мұрын қуысының құрылысы
мен қызметі қандай?
3. Көмей құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
4.Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан? Олардың
маңызы қандаи?
5.Кеңірдек пен бронхылардың қүрылысы мен қызметі туралы айтып
беріңдер.
V.Уйге тапсырма: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері.Сұрақтарға
жауап
VI.Бағалау.